Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі32,9 Kb.
#70978
  1   2   3
Байланысты:
Педагог-кәсіби бағдар беруші


Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N


338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17
тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750
болып енгізілді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым
министрінің 31.03.2022 № 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-
бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2022
№ 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды
қамтамасыз етсін.
3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты
облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық
ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының
назарына жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:
1) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының
үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61
бұйрығының (N 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы N 21 "Юридическая газета" газетінде жарияланған)
2) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының
үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 бұйрығының (N 5615
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші
жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға
жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізілді.
Министр Ж. Түймебав

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________ Г. Әбдіқалықова
2009 жылғы 07 тамыз
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 13 шілдедегі
№ 338 бұйрығымен бекітілген
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Ескерту. Біліктілік сипаттамалары жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым
министрінің 31.03.2022 № 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Кіріспе
1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары "Білім туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына,
ведомстволық бағыныстылығына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (
орта білімнен кейінгі), арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының
қолдануы үшін міндетті.
2. Білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік
сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттама):
білім беру ұйымдарындағы олардың орны мен рөлін айқындайтын құрылымдық
бөлімшелер туралы ережелерді жасауға;
педагогтердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін бекітетін лауазымдық
нұсқаулықтарды әзірлеуге;
кадрларды іріктеу және орналастыру, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылауды
жүргізуге;
білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін
өткізуге негіз болады.
3. Педагогтер лауазымының атаулары білім беру ұйымдарының штат кестесінде
осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
4. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған
лауазымдары бойынша мамандардың (бас есепші, бас инженер, есепші, инженер,
экономист және тағы басқалар) лауазымдық міндеттер мен білімге қойылатын
талаптары жалпы біліктілік сипаттамалары негізінде анықталады.
5. Білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтерінің, білім беру ұйымдары мен
әдістемелік орталықтар (кабинеттер) әдіскерлерінің біліктілік санаттарын білім
басқармалары "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және
арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін
педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83
бұйрығына сәйкес белгілейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің
тізіліміне №13317 болып тіркелген).
6. Сипаттамаларды білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет