Түсінік хат
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернаты ҚР БҒМ 2021 жыл 20 тамыздағы №415 бұйрықтың 77, 81, 83 қосымшаларына негізделе отырып мамандандырылған мектептерге арналған жаңартылған мазмұндағы жоспарға сүйенеді.
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық).
2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:
оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;
2. оқу жылының ұзақтығы 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;
оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) сыныптарда:
күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
«Информатика» оқу пәні 2021-2022 оқу жылында 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9- 143 сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады 5-9 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды: 1) «Компьютердің құрылғылары»: «Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кешжады)»; 2) «Программалық қамтамасыз ету»: «Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру». «Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар» «Мұрағаттарды құру және ашу»; 3) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша)»; 4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару»; 5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу», «Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары», «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толықтыру», «Деректер типтері», «Формулалар енгізу», «Шартты пішімдеу», «Диаграммаларды құру»; 6) «Алгоритмдер»: «Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау»; 7) «Программалау»: «Файлдарды оқу және жазу»; 8) «Эргономика»: «Пайдаланушы интерфейстерінің эргономикалығын анықтау»; 9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау».
8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды: 1) «Компьютердің құрылғылары»: «Процессор және оның негізгі сипаттамалары»; 2) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің өткізу қабілеті»; 3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі»; 144 4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Электрондық кестелердегі деректер пішімдері», «Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер», «Функциялар графиктерін құру», «Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (қосындысы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, саны), логикалық (егер)»; 5) «Модельдеу»: «Python (пайтон) программалау ортасында модельдер құру»; 6) «Алгоритмдер»: «Алгоритм трассировкасы»; 7) «Программалау»: «Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл)»; 8) «Эргономика»: «Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері», «Электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері»; 9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия».
5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны. Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады. Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны 47-кестеде берілген.
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада № 509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген: 14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Осы күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2021 жылғы 1 қыркүйектегі мектеп-интернаттың әдістемелік кеңесінің №1 хаттамасына сүйеніп, бағдарламада білім стандартының тарауының мазмұны нақты көрсете отырып, 34 сағатқа ыңғайластырылған және әр тараудың мазмұны, тараулардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы сақталынды.
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларды қазіргі заманауи технологиялармен тиімді жұмыс істеу үшін базалық білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттер:
1) білім алушыларда ақпараттық процесстердің қоғамдағы ролінің түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;
2) білім алушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдануларына әрекет ету;
3) білім алушыларды жүйелерді талдауға, шешімдерді, программалық қосымшаларды жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік бере отырып, олардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
4) талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы білім алушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
5) білім алушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;
6) білім алушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
7) білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |