15-параграф. Жатақхананың, интернаттық ұйымдардың тәрбиешісі 95. Лауазымдық міндеттері:
жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;
баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;
білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;
білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
96. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдарын және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.
97. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
98. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуге;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуға;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруға;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалануға;
сандық білім беру ресурстарын қолдануға тиіс;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдануға;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауға;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс , сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалануға;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындауға;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауға;
аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуға тиіс;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалануға;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге;
аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыруға және даму стратегиясын айқындауға;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтауға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлауға;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауға тиіс.