Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру психологі, педагог-психологі



бет82/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91
14-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру психологі, педагог-психологі
292. Лауазымдық міндеттері:
білім алушылардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметті жүзеге асырады;
әртүрлі бейіндегі және арналымдағы психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүргізеді;
педагогикалық ұжымды жеке және әлеуметтік даму мәселелерін шешуге бағдарлау мақсатында білім алушылардың психологиялық-педагогикалық қорытындыларын жүргізеді және талдайды;
білім алушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді;
әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық);
буллинг, суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
әр түрлі бағыттағы және бағыттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді, оқыту, тұлғалық даму және мінез-құлық проблемаларын уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды;
психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша педагогтерге кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды;
белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға білім алушылардың жеке және әлеуметтік даму проблемалары бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдауды жүзеге асырады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады. Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген сауықтыру, тәрбиелеу және басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Білім алушылармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын зерделейді және енгізеді;
баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
293. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңдары;
педагогика теориясы, психология, жас ерекшелік физиологиясы, гигиена, белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі, оқу жоспарлары мен бағдарламалары;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогикалық ғылымның дамуы мен жетістіктерінің бағыттары;
еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
294. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Психология" бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде – 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін – 5 жыл.
295. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;
цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындайды;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет