Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің өндірістік оқыту шебері



бет85/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

17-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің өндірістік оқыту шебері
304. Лауазымдық міндеттері:
өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;
білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;
білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
305. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу бағдарламалары;
өндіріс технологиясы, жабдық, техника және оларды техникалық пайдалану ережесі;
педагогика, психология негіздері, білім алушыларды кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемелері;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек туралы заңнама. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
306. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
307. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындайды;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары бар;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет