5-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) бөлім меңгерушісі 218. Лауазымдық міндеттері:
бөлімшеде оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады;
оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
оқу сабақтарының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
оқу пәндерін оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды.
педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
жаңа оқу жылына, семестрдің басталуына, емтихан сессиясына дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;
оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді;
оқу-материалдық базаның дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
219. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогикалық этиканың нормалары;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
экономика негіздері, еңбек заңнамасы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
220. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру ұйымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін- кемінде 5 жыл.