3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты Заң жобасы білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде, оның ішінде қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының саласында туындайтын құқықтық қатынастарды реттеуді, сондай-ақ ұлттық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім заңнамаларындағы құқықтық ағаттықтарды жою арқылы педагог қызметінің өзекті әлеуметтік және кәсіби мәселелерін тиімді шешуді қамтамасыз ететін құқықтық тетікті жетілдіру мақсатында әзірленеді.
4.Заң жобасын реттеудің мәні Заң жобасын реттеудің мәні педагогтың кәсіби қызметіне байланысты құқықтық қатынастар болып табылады және педагогтардың құқықтық жағдайларын сапалы жақсартуды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын олардың әлеуметтік қорғалу кепілдігін іске асыруға бағытталған.