Педагогическая 37 Əож 37: 1(574) Ж. БаласағҰнның «ҚҰтты білігіндегі» тіл мен



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі85,62 Kb.
#10506

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

37

ƏОЖ 37:1(574)



Ж.БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІГІНДЕГІ» ТІЛ МЕН 

ОЙДЫҢ ДИДАКТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

Б.Ж.Бейсембаев

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті

Қазақ халқының төл жазбасынан айрылып калуы теңізде ескексіз 

қалған қайықпен тепе-тең еді. Осы бір тарихта өткен өкінішімізді серпілтетін 

бүгіндегі ғылыми зерттеулер демекпіз. Орта ғасырда түркі тайпалары іштей 

сараланып, әрі территориялық, әрі этникалық, әрі тілдік ерекшелігіне қарай 

халық болып қалъштасқан. Жазба дәстүрі халқымызда, бұрыннан бар екенін 

ғалымдар зерттеп, дәлелдеген. X ғасырда көркем әдебиеттің жазба үлгісі 

қалыптасқан. Түркі тілдеріндегі жазба көркем әдебиеттің озық үлгілерінің 

бірі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы болып саналады. Осы 

«Құтты білік» дастанын құқық пәні арқылы инновациялық технологиялар 

негізінде оқыту мәселесі зерделеніп, қарастырылады. 

Егер бүгінгі таңға дейін дастанның мәнділігі мен мәнісін түйсініп 

тәлімді тек осы кітап бағдарына сәйкес алсақ, халқымыз ешқашан тығырыққа 

тірелмеген болар еді. Дастанды тек хан сарайының салтын жырлайтын 

шығарма деп қарау дұрыс емес. Онда түркі тайпаларының салт-санасы 

көрініс тапқан. Зерттеушілер Жүсіп Баласағұнды бұқара халыққа арқа сүйеген 

ақын деп бағалайды. Ақынның шығармалары өзіндік ерекшелігімен құнды. 

Мәселен, сөздің қадір-қасиеті және турашылдығы, шыншылдығы жайында 

Ж.Баласағұн бабамыз былай жіктейді (19-бөлім):

Сауал берсе – шеш тіліңді жасырма!

Сұрамаса – ділмарсыма, тосынба!

Ақылды адам қарын бақпас, ой бағар,

Жан семіртер, ой семіртер, ойланар.

Тән семіртер – нәр ауыздан сіңер,

Жан семіртер – сөз құлақтан кіреді.

Жүйелі сөз – ұлылық, ессіз өз – жер түбіне жібереді.

Білім берудің тұжырымдамаларына тірек болатын және құқық пәнін 

инновациялық технологиялар негізінде оқытуда тіл мен ойдың өзіндік 

ерешелігін былай жүйелеп көрсеттік:

Аталған ежелгі дәуір мәдениетінің мәнділігін құқық пәнді оқытуда 

студенттердің өзара қарым-қатынас барысында жоғарғы деңгейден төменгі 


Вестник ПГУ №1, 2010

38

деңгейге дейінгі (қарым-қатынас заңдылықтары берілген) мәдени қарым-

қатынас эталоны былай баяндалған: 

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,

Ізгі ойларыңды әз жүрекке жалғай біл.

Қадірлісі – тіліне ұят сіңгендер,

Жүрек сөзін жүрегімен білгендер.

Сонда болашақ жас маман үшін  бірінші - тыңдай білу, екінші – ойлы 

болу, үшінші – арлы, ұятты болу, төртінші – жүрек тазалығы қажет. 

Өсиет:


Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірме,

Кісі үйінде көз қадірін кетірме.

Бастарда ойлап, сайла тілдің тиегін,

Қысры сөзге қышымасын иегің,

Тұз-дәміңді бөліс, жаса қайырым,

Кетіре сал көрсең, кісі айыбын.

Шарап ішпе арамнан бой тасала,

Пасық болма, зинақорлық жасама.

Ішімдіктен мал-дәулетің шашылар,

Зинақордың ар-ұяты ашылар!

Осы аталған негізгі адами қасиеттерді құқық пәні арқылы инновациялық 

технологиялар негізінде студенттердің бойына дарыту зерттеу жұмысындағы 

мәселелердің бірі болып табылады. Сол секілді дастанды оқып отырғанда 

құттың құбылмалығы мен дәулеттің баянсыздығы туралы былай бейнеленген 

(20-бөлім):

Қор толғанша қара шашың ағарар, 

Тәнің тозар, ай мен жылдар жаңарар!

Білікті сөз, біліктінің өзі екен, 

Білікті сөз білімсізге көз екен:

Жатқан – тұрар, көтерілген – жығылар,

Жанған  сөнер, шаршағандар – тынығар.

Не істесең де, толық істе бүгіл ер, 

Толық толса, жіңішке өзі-ақ үзілер!

Тола-тола жіңішкеріп Ай қалды, 

Жасыл жазың кәрлі қысқа айналды!

Төрт қасиет бойды қуып алысты, 

Бірі – басым, үшеуі пәс, намысты.

Ей, тірі жан, осал болма, құнықпа! 

Тірі жансың, өлім барын ұмытпа!

Бұдан түйген ойымыз, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі 

құқықтық білім беру үдерісінде студенттердің тіл мен ойын тәрбиелеуде 

алатын орыны ерекше. 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

39

Аталған ежелгі дәуір мәдениетінің мәнділігі – дәулет жинауды игеру. 

Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде тіл мен ойды студенттердің құқық 

пәнін инновациялық технологиямен оқытуда аталған дәулеттің қасиеттері 

мынандай түрге жүйеледік:

Көне дәуір жазбасында дәулеттің негізгі қасиеті: 1) жомарт, 2) жұғымды, 

3) көңілі зерек, 4) ойлы, 5) ұғымды, 6) сөзі майда, бал тамған, 7) өнер-білімді 

болып жіктелеген.

Кешегі кеңестік қоғамда дүниеқұмарлықпен (вещизм) күресті халықтың 

санасына қалыптастырып, басқа «ұлы халықтар» өз дәулеттерін өрістетуге жан-

жақты жағдай жасалғаны тарихи деректерден белгілі. Дәулетті болу жолында 

адам баласы үш жағымсыз қасиеттерден аулақ болып, өзін ізгілікке тәрбиелей 

білуі қажет. Мәселен, адамды жер қылатын жағымсыз қасиеттері мынылар:

Халық дәстүрінде ізгіліктің көзі жаратылысына, нәсіліне байланысты 

деп қабылдаған. Сондықтан, нәсіліне қарай адам өзіне не бақ, не сор жияды 

деп ұққан. Бұл жайында былай баяндалған:

Адам естен басқаны білімімен алады.

Білім, оқу-тануды еңбегімен табады.

Тұтас болса, ағайынның арасы,

Ала алмайды жәдігөйдің жаласы.

Біліктілер тек өзіне сенеді,

Білікті мен бірлікті ер жеңеді!

Даңғазалап қонбай жатып ұшырма,

Ұя баспай үріксе, қайтпас құсың да.

Күні құрсын өркөкірек, кердеңнің,

Өзін көрмей, өзгелерден терген мін.

Ақымаққа қонған бақыт тоналар,

Ар-намыстың садақасы қайран жан.

Бұл дүние рақаты – еңбекте,

Түгел алғың келсе, жердің ырысын.

Таза болсын сөзің, ойың, жұмысың.

Дүниені кеткің келсе басқарып,

Шындық үшін ал кеш, қалма жасқанып.

Қызметшісін бектер тұрсын тексеріп,

Қызметті де беру керек тіксініп.


Вестник ПГУ №1, 2010

40

Егер  құр дәулетті жеке талдап, қарастырсақ, онда байлық пен мансапқа 

мастанған адамның бойында кездесетін құлықтар өздігінен пайда болмайды, 

олар табиғи жаратылысында қалыптасады және әртүрлі әлеуметтік жағдай да 

көрініс табады, ондай мінез-құлық түрлерін былай атап көрсетуге болады:

1. Кезбемін (дәулет — баянсыз деген мағынада).

2. Көзім соқыр (жақсыға да, жаманға да қонамын).

З. Айтысып кетемін.

4. Құтты кісі лепірсе, тұрақсыз.

Ж.Баласағұн шығармасын талдай отырып, білік болмай, сес болмайды 

дегендей, қазіргі уақытта дәстүрі мен мәдениетін, тарихын ұмыта бастаған 

ұрпағының мінез-құлқына баға беріп, мейірімдісің деп, мынадай өсиет 

айтады:

Ажал келмей, сарп қылмай күшіңді,



Ақылға сап, тындырып ал ісіңді.

Ізгілікпен кәрі-жастың күйін біл,

Сөз, ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Қай істе де қайсарлықтан айныма...

Елге түзу заң түз, ұқсын бір-бірін...

Тый нәпсіңді, сорың  содан түбінде.

Сұғанаққа сырыңды ашып таратпа!

Опасызды есігіңнен қаратпа!

Ұл әкенің арқасында жаралар,

Ана қарнын тек бірнеше ай паналар.

Кісі қанын төкпе, мүлкін алмағын.

Ақылға сен, сан пәледен қағады,

Ақылдың аты, мәңгі-бақи қалады.

Есті алтын, ғаскерге тек сенбейді, 

Екеуі де түбінде опа бермейді. 

Өзге үшін құрбан болма тектен-тек,

Текке күйме, бағыңды біл, кеткенше!

Кісілерге тіл тигізбе, жерлеме,

Зәрлі сөз - өрт, өртке түссін ел неге?!

Тек қызыққа құмарланба, шаттанба,

Тегіс ұшар қуаныш та, мақтан да!

Қос жаһанға билік еткің келсе егер,

Бес нәрседен қашық жүрсең, ел сенер,

Зорлық қылма, араласпа арамға,

Қанын төкпе кек сақтама адамға

Шарап ішпе, азғындыққа салынба.

Бұлар бекті қор етеді шағында.

Тек, баянды болсын десең бектігің,



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

41

Сен үнемі ісін істе тектінің.

Нәсіп көріп алма қарғыс, назаны,

Зұлым заңмен боларсың ел мазағы.

Өзіңді бақ, қиялыңа алдынба,

Өз тегіңді білмеу – қорлық жалғанда.

Шолжаңдатпа (баласын) білсін тәртіп, таланты,

Талап қысқан бала құтты, талантты.

Ұяда не көрсе, соны іледі,

Сүтпен сіңген өле-өлгенше жүреді! – деп, жалпы адамзат баласына 

білімді, ақылды болуға талпын, үлкен-кішіні құрметте, сөз бен ісіне берік 

болу яғни бір сөзбен айтқанда тектіліктің белгісі өз тегінді, тілінді, дәстүрінді 

құрметтеп, қастерлей білу.

1) Туғанда ақыл-есі болса адамның,

Сияр соған бар білімі ғаламның.

2) Күнде өсіп – қарап, зерттеп бағады,

Зерттеген соң – зердеге сап алады.

3) Білген сайын іштен жиі күрсінер.

4) Туғаннан-ақ білімге  ынта болмаса,

Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса.

5) Бала білім жолын қусын десеңіз,

Бесігіңде-ақ ілім шағын көсеңіз.

6) Балалық шақ білім қуып, тоналар.

Жылдар салып береке боп оралар.

7) Қайсарлығың жеңіс болып қосылар,

Кісі ілімді үйренер де, шошынар.

8) Оқу-тану берер білім, парасат,

Оның бәрі ақыл емес, қарасаң.

9) Ақыл-ес те хақтың берген еншісі, 

Білім-кенге түскен шудың елшісі.

Ж.Баласағұн еңбегінде тіл мен ой біртұтас құбылыс екеніне ерекше мән 

береді. Адамның іс-әрекеті, біліктілігі, оның тілі мен ойының қаншалықты 

деңгейде дамуымен байланысты дегенді аңғартады. 

Зерттеуіміздің ерекшелігі келешектің тізгінін ұстайтын жас мамандарды 

тәрбиелеуде ата-баба салған ізгілікті тәлімнің  құрылымымен жоспарлау.

«Құтты білік» еңбегі халқымыздың құты, ырысы болған ілім. Адамға 

бақыт берген, ұрпаққа құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашык, көкірегі 

ояу азаматтарымыз осы кітап арқылы адалдық, адами қасиеттерін, әдеп-салт 

дәстүрін сіңірген. Әсіресе «Ашу-өкпең келсе, қатулан, сабыр қыл, сабыр 

кісінің сүйінішісі алдында», - деген жолдардан қазақтың мақал-мәтелдерімен 

салыстырсақ, ұқсастығы көркемдігі мен біртектілігінде. Оның түп-тамыры, 

ой-толғам желісі, табиғатты, таным-білім қасиеттің тұтастығы, ғылыми-

әлеуметтігі тамырлас болып келеді.


Вестник ПГУ №1, 2010

42

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Баласағұн Ж. Құттты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 244 б.

2 Жұматаева Е. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық 

жүйесі. /Монография. – Алматы: Ғылым, 2001. – 208 б.

Резюме

В статье рассматриваются проблемы обучения инновационным 

технологиям студентов.

Resume

In the article are considered the problems of the education of students 

the subject of the base of the laws by innovational technologies.

ƏОЖ 001.4 



ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ КЕЙБІР 

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ИДЕАЛҒА 

СӘЙКЕСТІК ҚАҒИДАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН)

Б.Х. Галиева

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университеті

 

Қандай да болсын құбылыс өз кезінде өмірге келеді. Тілдің әрбір стилі 



де оның қалыптасуы үшін қоғамда жағдай туғанда, тіл өзінің дамуында 

анағұрлым жоғары дәрежеге жеткенде пайда болды. Ғылыми стильдің пайда 

болу уақыты әрбір елде әртүрлі.

Мәселен, Қазақстанда ғылыми тілдің қалыптасуы ХХ ғасырдың басына жатады.

Қазақ ғылыми тілінің қазіргі қалпына жету жолында бір ғасыр бойы 

қалыптасуының негізгі бағытын белгілейтін болсақ, оның өзіндік жекеленген 

және оқшауланған тіл құралдары жүйесін құруға, көркем стильден 

қашықтауға, бейнелі және эмоциялы сипаттамалардан бас тартуға, ойды анық 

және дәл баяндауға ұмтылуын айтуымыз қажет.

Дамуының алғашқы кезеңінде ғылымның тілі дербес функционалды 

стиль ретінде қалыптаспаған болатын. Ол көркем әдебиет тіліне анағұрлым 

жақын тұрды. Ғалымдар мен ақын-жазушылардың шығармалары бір-біріне 

ұқсас болды. Мысалы, әйгілі ағартушы әрі ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 

1923 жылы қазақ  тілінде тұңғыш жарық көрген «Педагогика» атты іргелі 

ғылыми еңбегі мен оқулығының тіліне зейін салайық: «Жаратылыста неше 

түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет