Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан - ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.
Іс-әрекеттің тұлға дамуының орны Іс - әрекет мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен әрекет жүйесі. Іс – әрекет түрлері: ойын, оқу еңбек. Ойын әрекеті баланың бұлшық еттерінің қалыптасуын және таным процестерінің дамуын, бастапқы қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруі қамтамасыз етеді.
Оқу әрекеті баланың ғылыми дүниетанымын, ойлау тәсілдерін, шығармашылық әреке тәсілдерін, қарым-қатынас тәжірибесін дамытады.
Еңбек әрекеті баланың бойында әлеумметтік маңызды қасиеттердің өмірлік маңызды қабілеттіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Іс-әрекеттің тұлға дамуындағы орны Іс-әрекет негізінде:
адам өмірінің материалдық жағдайын жасауды қамтамасыз етеді, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады;
адамның рухани әлемінің дамуының факторына айналады, оның мәдени қажеттіліктерін іске асырудың жағдайы мен формасы болып табылады;
адамның өз мүмкіншілігін іске асырудың, өмірлік мақсатына жетудің сферасы болып табылады;
адамға қоғамдық қатынастар жүйесінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасайды;
қоршаған әлемді тануды және өзгертуді қамтамасыз етеді.
Бекіту сұрақтары: 1. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы қандай? 2. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы қандай? 3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар олардың өзара байланысы қандай? 4. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде?