Теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.
Теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.
Эмпирикалық әдістерге бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ, тестілеу, бағалау, алынған мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік), зерттеу нәтижелерін педагогикалық іс-тәжірибеге ендіру жатады.
Ғылыми бақылау деп зерттелетін объектіні, процесті немесе құбылысты табиғи жағдайда арнайы ұйымдасқан түрде қабылдауды айтамыз.
Педагогикалық эксперимент – дәлме-дәл ескерілетін жағдайларда, нақты «қолдан» жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық процесті түрлендіріп, ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан эксперимент дегеніміз – бата қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзін мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады. Эксперимент мақсатына қарай үш түрге бөлінеді:

1.Констатациялаушы эксперимент – күнделікті өмірде бар педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
2.Тексеруші, дәлірек анықтаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау процесінде жасалған ғылыми болжамды тексеру үшін жүргізілетін эксперимент.
3.Қалыптастырушы, жасаушы, түрлендіруші эксперимент – жаңа педагогикалық құбылысты қалыптастыру, жаңа педагогикалық идеяны жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Эксперимент жүргізілетін орнына қарай екі түрге бөлінеді:
Эксперимент жүргізілетін орнына қарай екі түрге бөлінеді:
Табиғи эксперимент. Мұндай педагогикалық эксперимент кезінде жаңадан ендірілетін педагогикалық идеяны, алдын-ала жасалған ғылыми болжамды тексеру үшін жүргізілетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған тәжірибе оқу-тәрбие процесінің осыған дейін қалыптасқан жағдайын бұзбастан жүргізіледі. Яғни, оқу-тәрбие процесін осыған дейінгі табиғи қалпы бұзылмайды.
Лабораториялық эксперимент. Мұндай педагогикалық эксперимент кезінде жаңадан ендірілетін педагогикалық идеяны, алдын-ала жасалған ғылыми болжамды тексеру үшін жүргізілетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған тәжірибе оқу-тәрбие процесінің осыған дейін қалыптасқан жағдайын өзгертіп, экспериментті арнайы жабдықталған орында жүргізіледі.
«Тест» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. «Тестілеу» – мақсатты түрде жүргізілетін, әрі сынақтан өтушілердің барлығы үшін қиындығы мен күрделілігі бірдей деңгейде берілетін, қатаң қадағалатын жағдайда өткізілетін, педагогикалық процестің зерттелуге тиісті сипаттамаларын объективті өлшеуге мүмкіндік беретін тексеру, бақылау, зерттеу формаларының бірі.