Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы



Pdf көрінісі
бет87/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   148
Кілт сөздер: Көлемдік өлшемдер, көлем, ұзындық. 
Жоспар: 
1.  Көлемдік өлшемдер  
2.  Көлемдік өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды оқыту әдістемесі 
 
 Арнайы  мектепте  ұзындық,  масса,  сыйымдылық,  аудан  сиякты    нақты  көлемдер 
туралы түсінік қалыптыстырылады.  Көлем-бізді  қоршаған дүниенің  заттар, құбылыстар 
т.б жалпылаған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым.  Көлемдерді оқыту  
оны өлшеумен  тығыз байланысты болып табылады.  
Балалардың ұзындық туралы түсініктері мектепке дейінгі  іс-әрекеттерде, әсіресе 
ойын кезінде қалыптасады.  Бірақ балалардың  кесінді, оның ұзындығы туралы түсініктері 
әр түрлі болады. Кез келген заттың 3 өлшемі болады. Жалпы суретте көрсетіліп тұрғандай 


 
 
ұзындық  деп  –  бұл  белгілі  бір  заттың  басынан  соңына  дейінгі  арақашықтықты  айтамыз. 
 
Сурет -5. Ұзындықты өлшеу 
      Заттың  ұзындығын  сызғышпен  өлшеуге  болатындығын,  сызғыштағы  ең  кіші 
аралықтар  -  миллиметр  деп,  ал  одан  үлкен  аралықтар-  сантиметр  деп  аталатынын 
оқушыларға айта кеткен жөн.  
 
 
Сурет -6. Ұзындық өлшемі 
 
 Ұзындық  түсінігімен  практикалық  әдіс  және  түрлі  жаттығулар  орындау  арқылы 
таныстырады.  Мысалы  түрлі  түсті,  ұзындықтары  әр  түрлі,  бірдей  қарындаш,  шашбау, 
қайсысы  ұзын,  қысқа  немесе  ұзынырақ  екенін  анықтау  керек  болады.  Оқушыларды 
ұзындықты табуға үйрету барысында мынадай нұсқауларды ескерту қажет: 

 
Әр  түрлі  нәрселердің  ұзындықтарын  салыстыру    үшін  бір  өлше  бірлігі 
пайдаланылуы қажет 

 
Кез келген нәрселерді беттестіру арқылы салыстыруға болмайды, сондықтан 
оларды әуелі өлшеп, нәтижесінде шыққан сандарды салыстырады. 

 
Белгілі бір тәртіппен стандартты өлшем бірліктерін еңгізу. 
       Ұзындықтың алғашқы бірлігі сантиметр туралы көрнекі түсінік үшін, көптеген 
жаттығулар  орындаған  жөн.  Балалардың  өздеріне  тор  көз  қағаз  жіңішке  жолағынан  
ұзындығы 1 см жолақ қиғызып алып, сантиметрдің моделін жасайды: 1 см мөлшерін екі 
тор көз арқылы көрсетіп, дәптерлеріне 1 см кесінді сызу тапсырылады; екі тор шамамен 1 
см  екенін  көрсетеді.  Әрі  қарата  кез  келген  кесіндіні  сантиметр  көмегімен  өлшеу 
қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет