Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы



Pdf көрінісі
бет91/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   148
ай,  жыл  т.б.  Осы  арнаулы  атаулармен  балалардың  пайдалану  дәлдігі  уақыт 
эталондарының  әрқайсысының  нақты  мазмұны  қандай,  ол  қандай  негізгі  белгілермен 
сипатталады  –  соған  байланысты.  Алайда  қандай  уақыт  аралықтарын  болса  да 
сипаттайтын  нақтылы  белгілер  аса  шектеулі  келеді,  өйткені  олар  адам  өмірінің 
тұрмыстық, экономикалық және географиялық шарттарымен айқындалады. Күн дегенде – 
ол  әр  уақытта  да,  қай  жерде  де  жарық  және  халықтың  еңбек  етуі  деп,  ал  түн  болса  – 
қараңғы  және  халық  ұйықтайды  деп  сипаттала  бермейді.  Сондықтан,  тәуліктердің  жыл 
мезгілдерінің  тағы  сол  сияқты  алмасу  тәуелділігін  айырып  көрсететіндей,  көрнекі 
құралдарды  табу  аса  маңызды.  Қай  эталонды  болсын  түсіну  үшін  ортақ  белгілерді  табу 
қажет.  Мәселен,  кеше,  бүгін,  ертең  т.б.  сөздердің  мәнісін  айқындау  үшін,  ең  алдымен 
тәуліктердің  өтіп  жататын  және  алмасып  отыртынын  түсіну  керек.  Алты  –  жеті  жасар 
аралығында  баланың  даму  уақыт  қатынастарының  мектеп  жасына  дейін  аса  нәзік 
дифференциациясы  аса  баяу  қалыптасады  және  де  жалпылама  баланың  ақыл  –  ой  әрі 
сөйлеу  қабілетіне  тікелей  байланысты  болады.  Күнделікті  адам  санасында  уақыт  ұғымы 
қалыпты  тұрмыстық  жағдай  ретінде  есептелінеді,  материя  уақыт  пен  кеңістіктің 
аумағында  қарастырылып,  материя  жоғалған  күйде  де,  олар  сақталып  қала  береді  деп 
есептеледі. Мұндай көзқарас кеңістік пен уақытқа абсолютті мән береді, және бүл жайлы 
И.Ньютонның  «Табиғат  философиясының  математикалық  бастамалары»  атты  еңбегінде 
нақты  анықтама  берілді.  Бұл  жерде  абсолютті  кеңістік  пен  уақыт  жаратылыстың 
материалдық  процестерден  тәуелсіз  өзін-өзі  басқаратын  элементтері  ретінде 
қарастырылады.  Бұл  концепция  «қара  жәшік  концепциясы»  деп  аталады.Бірақ  оларда 
субстанцияның  ең  маңызды  қасиеті  -  әр  түрлі  денелерді  тудыру  қабілеті  жоқ.  Сонымен 
қатар басқа концепциялар да бар (Беркли, Мах, Авенари-ус тағы басқа) олар кеңістік пен 
уақытты адам санасына тәуелді етіп көрсетеді. Уақыт мәселелері жақыннан әсер ету және 
алыстан әсер ету концепцияларымен тығыз байланысты. Алыстан әсер ету гравитациялық 
және электр күштерінің бір сәтте абсолюттік кеңістік арқылы таралуы, ең соңында өзінің 
көздеген  мақсатына  құдайдың  бұйрығымен  жетеді.  Ал  жақыннан  әсер  ету  концепциясы 
(Декарт,  Гюйгенс,  Френель,  Фарадей)  кеңістікті  зат  пен  эфирдің  жалғасы  ретінде 
қарастырады. Тәулікті анықтау және кеше, бүгін, ертең деген сөздерді дұрыс пайдалануға 
жаттықтыру жұмысын әрі қарай жалғастыру, апта күндерін және олардың ретін анықтай 
білуге  үйрету.  Балалардың  уақыт  сезімін  дамытып  жетілдіру;  ұзақтықты  анықтауға 
жаттықтыру  (бір  минут,  бес,  он  минут).  Бір  минутта,  10,  20,  30  минутта  не  істеуге 
болатынын  көз  алдына  елестете  білуге  үйрету.  Сабақты,  ойынды,  үй  жұмысын  бөлінген 
мерзім  ішінде  істеп  үлгіруге  дағдыландыру.  Балалар:  үстіміздегі  айдың  атауын  білулері; 
жыл  мезгілдерінің  ретін,  олардың  әрқайсының  негізгі  белгілерін  білуі  тиіс.  Даярлық 
программасы  мен  алдыңғы  топтар  программаларын  салыстыру  балалардың  білімдерінің 
кеңейе  түсіп  қоймай,  айқындалатынын,  бекітілетінін  және  жүйеге  келтірілетінін 
көрсетеді.Даярлық  топтың  программасы  мен  1  сыныптың  программасы  салыстыру 
(«Нумерация»  және  «Бірінші  ондық»  тақырыптарын  оқып  үйрену  кезеңдері)  олардың 
сабақтастық  байланысы  бар  екеніне  және  мектепте  кейбір  программалық  міндеттердің 
қайталанатынына  көз  жеткізеді  (сандардың  натурал  қатарының  жасалуы;  санның  реттік 
және  сандық  мәні  n  +  1  натурал  қатар  қасиеттерін  білу  негізінде  элементар  есептеу 
әдістерін  игеру;  нақтылы  жиындарды  немесе  түзу  кесінділерін  салыстыру  негізінде 
сандарды салыстыру; есеп тексті мен сандық қатынастарға логикалық талдау жасау және 
есеп  шығару  үшін  қажетті  арифметикалық  амалды  таба  білу;  сан  мысал  бойынша  өз 
бетімен  есеп  құрастыру;  әр  түрлі  топтарды  санау  және  заттарды  он  –  оннан  санау; 
ұзындықты,  кеңістік  және  уақыт  қатынастарын  т.б.  оқып  үйренуге  байланысты  әр  түрлі 


 
 
шамаларды өлшеу). Тәулік пен оның құрамдық бөліктері жөніндегі балалардың түсінігін 
бекіту  және  кеңейту.  Таңертеңгі,  күндізгі,  кешкі,  түнгі  уақыттарды  бірге  алғанда  тәулік 
деп  атайды.  Тәулік  төрт  бөліктен  тұрады:  таңертең,  күндіз,  кешкі  мезгіл,  түн;  олардың 
ретін білу.Тәуліктің алмасып отыратындығымен және бүгін, кеше ертең деген сөздермен 
таныстыру.  Төрт  жасқа  қараған  балалардың  тобында  уақыт  түсініктерін  дамыту  үшін 
күнделікті  өмірде  режимдік  мезеттерді  өткізу,  қимыл  –  қозғалыс  ойындарын  ертеңгілік 
гимнатиканы  пайдаланған  жөн.Уақыт  түсініктері  де  (танертең,  күндіз,  кешке,  түн) 
режимдік  мезеттерде  өткізгенде  күнделікті  өмірде  дамытылуы  тиіс.  Тәуліктің  бұл 
бөліктері  де,  сондай  –  ақ  кішкентайлар  мен  ересектер  балалардың  іс  –  әрекеттерінің 
өзгеруіне  қарай  ажырылатылады.  Бірақ  көрсетілген  уақыт  мезеттерінде  еремек 
балалардың  іс  –  әрекеті  түрліше  болғандықтан,  белгілі  бір  жердің  немесе  белгілі  бір 
географиялық    белдеудің  өзіне  тән  ерекшелігі  болатынын  ескеру  керек.  Уақыт  мезетін 
сипаттау  әр  бала  үшін  нақтылы  және  нанымды  болуы  тиіс,  сондықтан  түсіндіргенде 
көптеген белгілерді пайдалану керек. 
Уақыт  жөніндегі  түсініктер,  сандық  түсініктерге  қарағанда,  кемтар  балалармен 
баяу  меңгеріледі.  Бұл  уақыт  елестеулерді  қабылдайтын  түйсіктер  жұмысының 
жетіспегендігі мойындайды.  
Уақыт  жөніндегі  елестеулерді  қалыптастыру  балалардың  қоршаған  орта  жайлы 
түсініктерді  дамытады.  Ол  тәжірибелік  жұмыстар  арқылы  жүзеге  асырылады.  Уақыт 
ұғымдары  әр  сабақ  сайын  қайталануы  керек.  Сабақты  басатамас  бұрын  мұғалім 
балалардың бүгін немен айналысатындарын баяндаса, кеше не істегендерін еске түсіреді. 
Апта күні аталып, сабақтың сабақ кестесіндегі орны сұралады.  
Уақыт  жөніндегі  елестеулерді  қалыптастыру  барысында  «тәуіліктік  үйшік»  және 
«тәуіліктік сағат» көркемдік жабдықтардың орны зор.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет