Азайту амалы деп берілген қосынды мен бір қосылғыш бойынша екінші
қосылғышты табу амалын айтады. Берілген қосынды азайғыш, берілген қосылғыш
азайтқыш, ал азайту нәтижесі айырма деп аталады. Сонымен, азайту амалы — қосу
амалына кері амал. Мыс., 15—8=7; 15 — азайғыш, 8 — азайтқыш, 7 — айырма. Ертеректе
азайту амалы да қазіргіге керісінше, сол жақтап басталып орындалатын. Қазіргі
үйреншікті тәсіл Европада 15 ғ-дан бастап қолданылған. Азайту тацбасының ( —) да
шыққан кезі — сол уақыт.
Натурал сандарды көбейту деп бірдей қосылғыштардың қосындысын табу
амалып айтады. Қосылғыш ретін-де қайталанатын сан көбейгіш, оның неше рет
қосылатынын көрсететін сан көбейткіш, ал амал нәтижесі көбейтінді деп аталады.
Көбейгіш пен көбейткішті жалпы алғанда көбейткіштер деп те атайды. Мыс., 6X5=30, 6 —
кобейгіш. 5 — көбейткіш, 30 — көбейтінді. Көбейту амалы да ауыстырымдылық,