Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы


терімділік  және  үлестірімділік  (дистрибутивтілік)



Pdf көрінісі
бет76/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148
терімділік  және  үлестірімділік  (дистрибутивтілік)  заңдарына  бағынады.  Мына 
зандылықтар орындалады: 
1. 
— (ауыстырымдылық заңы); 
2. 
 — (терімділік заңы); 
3. 
 — (үлестірімділік заңы). 
Көбейтінді  мына  жағдайда  ғана нөлге тең  болады:  ең  болмағанда  бір  көбейткіші 
(немесе екеуі де) нөлге тең болуы шарт. 
 Ертедегі  Индияда  көбейту  амалы  сол  жағынан  басталып  орындалатын.  Қазіргі 
үйреншікті тәсіл 15 ғ-дан бастап қолданылған. Көбейту таңбасы әуелде нүкте (•) түрінде 
(15 ғ.), кейін онымен қатар кірес (X) түрінде (17 ғ.) жазылатын болған. 
   Екі көбейткіштің көбейтіндісіне сол көбейткіштердің бірі арқылы екіншісін табу 
амалы бөлу деп аталады. Бөлінетін сан бөлінгіш, оны бөлетiн сан бөлгіш, бөлу нәтижесі 


 
 
бөлінді деп аталады. Мыс., 12:3=4, 12 — бөлінгіш, 3 — бөлгіш, 4 — бөлінді. Бөлу амалы 
—  көбейту  амалына  кері  амал.  Бөлу  амалы  бүтіндей  болу  және  қалдықпен  бөлу  деп  екі 
турге бөлінеді. Қалдықпен бөлу дегеніміз — бөлгішпен кобейтіндісі берілген бөлінгіштен 
артпайтын ең үлкен бүтін санды табу деген сөз. Бұл іздеп отырған сан толымсыз бөлінді 
дсп аталады. Бөлінгіштің толымсыз бөлінді мен бөлгіш кебейтіндісінен айырмасы қалдық 
деп  аталады,  ол  —  бөлгіштен  әрқашан  да  кем  болады.  Мыс.,  21-ді  4-ке  бөлгенде, 
толымсыз  бөлінді  5,  қалдық  1  болады,  яғни  21=4x5+1.  Белудің  қазіргі  қолданылатын 
тәсілін 15 ғ-да итальян ғалымдары ойлап шығарған. Бөлу таңбасын (:  ) алғаш қолданған 
(1633) — ағылшын ғалымы Джонсон. 
Теңдік  таңбасын  (  =  )  алғаш  енгізген  (1557)  ағылшын  дәрігері  —  Роберт  Рекорд. 
Арифметикалық  амалдардағы  қазіргі  таңбалар  тек  17  ғ-дың  ақырында  ғана  барлық 
елдерде қолданыла бастаған.  
  
Кесте -2. Арифметикалық амалдар 
 
Амалдар 
Мысалдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет