Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Тесттік нормаларды тексеру немесе рестандартизациялау



бет108/231
Дата06.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#11807
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   231
Байланысты:
Эксп.психология ПП 3кр.2009

4. Тесттік нормаларды тексеру немесе рестандартизациялау. Бұл этап жайында жоғарыда айтылып кеткен болатын. Өкінішке орай, тесттерді бейімдеу жұмысында осы деңгейді ғана психологтар қажет деп келген болатын.Бірақ бұл жағдайда да таңдауды ыдыратуға тесттік ұпайды бөлудегі тұрақтылықты тексеруге қажетті жұмыс үнемі атқарылған жоқ.

5. Көпдеңгейлі тесттерге спецификалық деңгей- шкалалар арасындағы орын басу құрылымын тексеру болып табылады. Мысалы Айзенк тесті үшін ортогональдық, статистикалық тәуелсіздік тән. Тіпті аталып кеткен 5 сатыны қысқаша қарастырып өтудің өзі шетел тесттерін бейімдеу ерекше әдістемелерді жасаудағы эмпирико-статистикалық жұмыс көлеміне кем түспейді.Бұл жерде «бейімдеу» терминін қолданғаннан гөрі «шетел әдістемелерін отандық таңдауда зерттеу» деген дұрыс болар еді. Дегенмен айтылғанды шетел шетел әдістемесімен жұмыс істеуге қарсы шығу деп түсінуге болмайды. Жоқ, әрине мұндай жұмыс интенсивті және жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Бұл әлемге тараған кроссмәдениетті, әмбебаптылығын дәлелдеген, көп елдерде қолданысқа ие,бейімделген тесттерге қатысты. Халықаралық тесттердің отандық эквивалентін жасау халықаралық валидтеу, теоретикалық мазмұндылық және тесттерді қолдану тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Психологтардың алдына тестті жас-жыныс немесе кәсіби-мәдени ерекшеліктері стандартталған таңдаудан жаңа популяцияға «ішкі мәдени ауыстыру» жағдайы ерекше міндет қояды. Бұл жағдайда қажет:



  1. Әдістеменің валидтілігін, әдістеме өз мағынасы бойынша кәсіби немесе аймақтық ерекшеліктерге жақын болса, тексеру қажет. Бұл мүмкіндігінше максималды экономды валидтілікті тексеру процедурасын таңдау керек. Таңдаудың көлемі экспериментте валидтілікті тексергенде статистикалық байланыстарын алуға күтілетіндей болуы тиіс.Егер валидтілікті тексеру қорытындысы қанағттанарлық болмаса, онда жиналған қорытындылар бойынша жай ғана пункттерге талдау жасау керек: кейбір пункттер ақпараттандырылғандығын тексеру керек, кейбір сұрақтар мағыналылығын,осы жағдайға қолдануға маңыздылығын қарастыру керек. Тесттік ұпайды санағанда қажетсіз пункттерді алып тастағанда валидтілік анықталады.

  2. Тесттік нормалардың сай келуін анықтау. Валидтілікті тексеруден кейін жағымды қорытынды алынғанда ғана таңдауды кеңейтіп, тесттік ұпайларды эмпирикалық бөлуді қайта құрастыруға болады.Бұл бөлудің квантилиясын нормативті бөлудің квантилиясымен салыстыруға болады, егер қайшылықтар өлшеу қатесінен аспаса әмбебап тесттік норма популяциясына жатқызу туралы қорытынды шығаруға болады.Бірақ практикада маңызды өзгешеліктер жиі пайда болады. Бұл жағдайда психолог жеке тесттік тәжірибесінде ғана емес, отандық психодиаг-ностиканың ақпараттық-әдістемелік бланкін толтыру үшін де қажет. Әдістемені жасауда өткен бөлімде айтылып кеткендей, шешуші рольді психологтың мәртебесі мен әдіснамалық бағдары атқарады.

4. Мәртебе мағынасы бұл жағдайда зерттеу мекемесінде және тәжірибелік мекемедегі жұмыс атқаратын психологтың әрекет өнімдері нормативті талаптарының айырмашылықтары деп түсініледі. Егер бірінші жағдайда психолог өзінің құрастырған әдістемесінің ішкі психологиялық валидтілігін қорытынды өнімі санаса, екінші жағдайда ол өзінің психодиагностикалық бағдарламаларының тәжірбиелік эффективтігін қамтамасыз етуі керек -диагностикасының статикалық маңызды байланысын - әлеуметтік құнды көрсеткіш критериін көрсетіп, осы байланыс негізінде психологиялық «әсер ету» концепциясын құрастыруы керек. Көрсетілген психолог-зерттеуші және психолог-практик мәртебелерінің бастапқы ерекшеліктері тестті және тесттік батареяларды құрастыру стратегиясындағы аяқталған ерешеліктерді көрсетеді. Психолог-зерттеушіге басты құндылық-бұл конструктты валидтеуге аяқталған бағдар бойынша қол жеткізген диагностикалық, конструкттылық дәлелденуі және эмпирикалық бір мағыналылығы болып табылады. Теоретикалық , эклектикалық - ғылыми қатал конструктты жоқ эмпирикалық құрал көмегімен алынса да психолог-практик үшін басты құндылық бұл- эффективтілік болып табылады.

Психодиагностика- басқаратын сақина түрінде жүзеге асырылатын «ғылым-тәжірибе-ғылым-тәжірибе...» түріндегі спецификалық институт сияқты, егер кез-келген тесттерді құрастыру,қолдану мүмкін болса өз жұмысында оптимальді режимге ие болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет