Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Психокоррекциялық әдістер



бет66/231
Дата06.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#11807
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   231
Байланысты:
Эксп.психология ПП 3кр.2009

3.Психокоррекциялық әдістер.

Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г.Шульцтің атымен байланысты . Аутогендік жаттығулар –психогигена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдығы өмір жылдамдығына, жүйке жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты.

Аутогендік жаттығуларда жүйке жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды.

1-ші жолы қаңқаның бұлшықеттері мен демалу тонусының орталық жүйке жүйесіне әсер ету ерекшелігімен байланысты. Жүйке жүйесімен тонус арасындағы байланыс бұлшықеттердің тонусын саналы өзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді.

2-ші жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі- адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.

Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінщі жолы айтылып қана қоймай, сөздің реттеуші және бағдарламашы ролімен де байланысты. Ішкі сөздің бұл қасйеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін, спортта ертеден қолданылады.Аутогендік жаттығулары адамның резервтік мүмкіншіліктерінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарламашы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.

Топтық немесе басқаша айтқанда әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынассаласындағы білім беру және іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Әлеметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге болады:

-әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған( пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу)

-қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.

Әлеуметтік психологиялық тренинг екі үлкен салаға бөлінеді;топтық пікір сайыс және ойындар.

Топтық пікір сайыс әдісі көбінесе белгілі бір тжағдайларды, топтың өзін-өзі талдау түрінде пайдаланылады.Ал ойын әдісіндеәрбір қатынасушы белгілі бір ролге еніп соған сай білік, дағдыларды меңңгереді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:



  1. Психологиялық зерттеу әдістерінің топтарын ата?

  2. Ұйымдастырушылық әдістерді ата?

  3. Эмперикалық әдістер топтарына қандай әдістер жатады ?

  4. Коррекциялық әдістер қандай мақсатта жүргізіледі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет