Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Тақырып: Психологиядағы зерттеу әдістері



бет64/231
Дата06.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#11807
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   231
Тақырып: Психологиядағы зерттеу әдістері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Ұйымдастырушылық әдістер.

2. Эмперикалық әдістер.

3. Коррекциялық әдістер.

Мақсаты: Психологиядағы зерттеу әдістерінің топтары; ұйымдастырушылық, эмперикалық, коррекциялық әдістерімен таныстыра отырып оның жекелеген түрлерінің қалай жүргізілуін үйрету.

Дәрістің мазмұны:

1.Ғылым – алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипатамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістарін анықтау да енеді. Әдістер – ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология – жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрленіп отырады.

Зерттеу әдісіәрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым, Ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:

1.Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне тәуелді болатын, әртүрлі әдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен бірге зерттеледі.

2.Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді, сондықтан, кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық талдауы физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зерттеу оған енбейді.

3.Біз психиканың материалдық негіздерінің органикалық негіздеріне теңелмейтінің байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі, адамдардың санасын қоғамдық тәжірибе көрсетеді.

4.Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес, сонымен қатар, психологиялық зерттеудің арнайы әдісі болып табылады. Генетикалық принцип біздің әдістемеміздің негізгі принципі болдады.

Психология, кез-келген ғылым сияқты, әртүрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобы атап көрсетейік:

51Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әртүрлі амалдар арқылы зерттейді).

2.Эмпирикалық әдістер. Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

3.Мәлімметтеріді өндеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).

4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет