3.Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар.
Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар арасында айырмашылықтар бар. Экспериментке деінгі жоспарлар психологиялық ғылымның бұрынғы рудименттері болып табылады. Ал квазиэкспериментальды жоспарлар бүгінгі күннің және көптеген зерттеушілердің ойынша ертеңгі күннің атрибуты.
Экспериментке дейінгі жоспарлар бұл классикалық зерттеуге қойылатын талаптарды қабылдамайтын және белгілі схемамен жүргізілетін зерттеу. Себеп – бұл талаптарды білмеу.
Квазиэкпериментальды жоспарлар эмпирикалық зерттеулер жүргізудегі өмір шындықтарын тіркеу амалы. өмір шарттары және экспериментатордың практикалық тапсырмалары көбіне «шынайы эксперимент» жоспарларын және сыртқы айнымалықтарды бақылау схемаларын қолдануға мүмкіндік бермейді.
Квазиэксперимент тек қолданбалы проблемаларды ғана шешуге емес сонымен қатар ғылыми зерттеуді жүргізуде қолданылады. Классикалық еңбектің авторлары Кокс пен Кэмпбелл квазиэкпериментальды жоспарлаудың негізгі теоритикалық принциптерін қалыптастырды. Квазиэкспериментальды жоспар одан да артық жоспар қолдануға болмайтын кезде қолданылады. Экспериментке дейінгі жоспарлар иллюстрациялар ретінде қолданылады. Ғылыми зерттеулер практикасында мүмкіндік болғанша оларды қолданбаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |