Тақырып:Корреляциялық зерттеулер.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Кореляциялық зерттеулер.
2.Кросс мәдени зерттеу.
3.Психогенетикалық зерттеулер.
Мақсаты: Корреляциялық зерттеулер, кросс мәдени зерттеу, психогенетикалық зерттеулер жөнінде түсініктерді қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны:
1.Корреляция теориясы К.Пирсонның коррекциялық өлшемдерінің негізінде және математикалық статистика мәліметтеріне толық қарастырылған. Коорреляциялық зерттеу жүргізу стратегиясы квазиэкспериментке ұқсайды. Одан обьектіге арнайы басқарылатын әсердің жоқ болуы тән. Корреляциялық зерттеу жоспары күрделі емес. Зерттеу алдында болжам ұсынылады индиидтің бірнеше психикалық жағдайларының ішкі деңгейлері арасында статистикалық байланыс бар деп есептеледі. Бірақта тәуелділіктің себебі туралы жорамалдар талқыланбайды бұндай зерттеуді корреляциялық зерттеу деп атайды. Егер зерттеу бірнеше айнымалылықтар арасындағы статистикалық байланысты көрсететін болжамды құптауға немесе теріске шығаруға бағытталса, бұндай зерттеуді корреляциялық деп атайды. Егер бір айнымалының өзгерісі екіншісінде өзгеріс тудырса, онда бұл айнымалыны корреляцияға жатқызуға болады. Екі айнымалы да корреляцияның болмауы екеуінің арасында себеп-салдарлық байланысы бар немесе жоқ деген сөз емес. Екі шама арасында корреляциялық байланысты бірнеше интерпретация бар;
1. Тура корреляциялық байланыс-бір айнымалының деңгейін екіншісінің деңгеіне сәйкес келеді. Мысалы Пика заңы –ақпаратпен жұмыстану жолдары альтернатив санының логаритіміне пропорционал.
2. Үшінші айнымалының қойлуынан жүргізіледі. Транзитивтік ерекшелігіне байланысты . Егер Үлкен Р(а,б) мен Р(в,с) болса онда Р(а.с) шығарылады.
3. Кездейсоқ корреляция ешқандай айнымалымен белгіленбейді.
4. Корреляциялы таңдаудың біртекті ерекшелігімен корреляциядағы айнымалылықтың байланысы болмаса ол нолдік корреляцияға тең.
2. Кросс мәдени зерттеуде топты салыстырудың жоспары салыстырылатын топтар саны әртүрлі болуы мүмкін. Шартты түрде кросс мәдени зерттеу негізгі екі жоспарды қарастырады.
1. Екі популяциядан екі немесе оданда көп табиғи рандомизация әдісінен таңдалған топтарды салыстырады.
2. Екі оданда көп топтарды лангитюдті әдісімен салыстыру. Бұл кезде топтардың мінез-құлық ерекшелігі салыстырылмайды, сонымен қатар уақыттың әсерінен өзгеріс процесі қосымша ішкі факторлар әсері де есептеледі. Кросс мәдени психология өзінің бастауын В.Вундт ХХ ғ. Басындағы француз сойиологтары Г.Лебон, А. Фулье, Г.тард еңбектерінен алды. Бұл ғалымдар Эмперикалыққ зерттеу жүргізген жоқ. Кросс мәдени психологиясының әдістерін В.Вундт 1920 жылы он томдық халықтар психологиясы еңбегінде қарастырды.халықтар психологиясының мәселелері еңбегін мақалалар жинағы ретінде басып шығарды. Онда зерттеу бағдарламаларының қысқаша жазбасы берілген.
3. қазіргі таңда генетикалық әдістер технололгиясы кеңінен дамуда. Зерттеу бағытында адамның ішкі гендік мәселелері жайлы түрлі зерттеулер жүргізілуде.
Бұл зерттеулер бірнеше ғылымның байланысы арқылы жүзеге асады. Мысалы биология мен Компюьтер ғылымының бірігуінен ДНК рекомбинация технологиясы пайда болады. ДНК ХХ ғ. 80жылдары анықталған болатын. Бұл молекулярлы генетика негізінде пайда болған болатын. Осы терминнің негізінде жоғары технологиялық процедуралар, ДНК-ң ядролық бөліктерін және сонымен қтар қосылу және бөліну себептерін қарастырады , яғни тұқымқуалаушылық тудыратын бактериялардың алдын-алу себептерін анықтап, емдеу жолдарын іздестіреді.
Психогенетика ғылымында көп тараған әдістердің бірі- егіздер әдісі.
Егіздер әдісі арқылы қылмыстық әрекетке бару монозиготалы егіздерде жоғары болатындығы анықталды. Мысалы, бір зерттеуде қылмыстық әрекет монозиготалы егіздерде 71% болса, дизиготалы егіздерде 34% .
Әлеуметке қарсы мінез-құлық жағдайында «генотип-орта» деген реактивті корреляция жақсы мысал бола алады.(4)
Көп уақыт бойы жасөспірімдер арасындағы мінез-құлықтың бұзылуы ата-ана тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы мен қатал қарым-қатынасқа байланысты деп келді. Сонымен бірге қоршаған ортаның әсерінің нәтижесі деп анықталды. Психогенетикалық талдау бұл жерде қоршаған ортаның ықпалы минимальды болып әлеуметке қарсы мінез-құлық негізінде генетикалық себептердің болатынын айқындады. Ал ата-ананың жағымсыз қатынасы мен тәрбиенің қатал әдістері жастардың тұқымқуалау себебінен болған әрекетке қарсы реакция екені дәлелденді.
Осы жағдайға сәйкес асырап алушы ата-ана балаларының әлеуметке қарсы мінез-құлқын зерттеген кезде, олардың биологиялық ата-аналарының психологиялық статусымен асырап алушылардың тәрбиелеу әдістеріне көңіл аударылған. Мұнда балалар өздерінің биологиялық ата-аналарынан генотипті алған. Осыдан биологиялық және асыранды ата-аналар мінез-құлқының арасында корреляция пайда болады. Асыранды ата-аналарға қарағанда биологиялық ата-аналар қылмыскер болса олардың балаларының да қылмыскер болатынына үлкен ықтималдылық бар және олар әртүрлі психотикалық ауруларға ұшырауы мүмкін.( 1) Ал асыранды балалар өздерінің мінезінің қыйындығымен тәрбиеленушілердің қатал реакциясын туғызып, мінез-құлықтарын одан сайын қыйындата түскен.
Қылмыстық әрекеттің себебі тұлғаның аномальды дамуы мен тұқымқуалау белгілеріне және қоршаған ортаның әсерінің нәтижесінен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |