Педагогика факультеті



бет2/129
Дата07.01.2022
өлшемі437,3 Kb.
#20518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
ktj 20481

АЛҒЫСӨЗ


ПОӘК 5В010500 - Дефектология білім бағдарламасының негізгі бөлімі және MShBMOAA 3302 Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі оқу пәнін меңгеру мен сапалы оқыту үшін қажетті және жеткілікті оқу- әдістемелік құжаттардың жиынтығы болып табылады.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудын әдістемесі» ҚР МЖМБС сәйкес 5В010500- Дефектология мамандығының міндетті пәні болып саналады.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқьгтудың арнайы әдістемесі» пәннің негізгі мақсаты: Студенттердің мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту теориясы аумағындағы білімдерін кеңейту және тереңдету. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі пәні «Дефектология» бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған және арнайы педагогика және арнайы психология курсы оқу барсында алынған білімдеріне негізделеді. Пән мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы окытудың негізгі бағыттарын қағидаларын формаларын ұйымдастыру әдістемелерін ашып көрсетеді. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері мынадай:

Арнайы мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсатын, міндетін оқыту әдістемесін ашып көрсету.

Арнайы мектепте математиканы оқыту үрдісінің ерекшелігіне, ұйымдастырылуына, математиканы оқыту формаларына, амалдарына, құралдарына сипаттама және түсінік беру.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқыту барысында студенттердің курс мазмұны және міндеті пәні туралы; математика ғылымында қолданылатын ғылыми зерттеу әдістемесі туралы; Арнайы мектепте (зияты, сөйлеу тілі, көру және есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп) математика сабағын өткізу және ұйымдастыру ерекшелігі туралы; арнайы мектепте математиканы оқытудың арнайы әдістемелері мен амалдарын қолдану туралы; арнайы мектепке арналған математика пәні бойынша бағдарлама құрлымының ерекшеліктері туралы білімі қалыптасады. Мүмкіндігіі шектеулі балаларға математиканы оқыту пәнінәр бір бөлімін оқығаннан кейін студенттер оқу әдістемелік талдау және конспектілеу біліктілігін игерген әдебиеттердегі матералдар бойынша практикалық бекіту жұмыстары жүргізіледі, сабақ конспектілерін құрады және талдайды, академиялық ойын арқылы сабақ жүргізеді математика пәні бойынша оқытушының календарлық жоспарын жасап үйренеді, өзіндік және бақылау жұмыстарын орындайды көрнекі дадактикалық материалдарды талдайды және дайындайды.

Әрбір бөлімді оқығаннан кейін, бөлімді бекіту бойынша семинарлық сабақтар арнайы мектепте өткізіледі. Арнайы мектепте студенттер окытушылар өткізетін математика сабағын бақылайды талдайды және практика барысында курстың маңызды тақырыбын игереді. Бұндай жұмыстың негізгі мақсаты бақылау (сабақты талдау және арнайы мектепте математикалық білімді игеру қиыншылықтары мен ерекшеліктерін анықтау) сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың тиімді әдістемсі мен амалдарын табу туралы біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет