Қош келдіңдер, қанатты достар! Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту.Тіршілігі,түрлері,пайдасы туралы ақпарат беру.
Міндеттері: Білімділік міндеті:Оқушыларға құстардың маңызы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік міндеті: Табиғатқа,құстарға деген сүйіспеншілігін ояту арқылы,құстарды қорғауға,аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті:Оқушылардың құстар туралы ой-өрісін, түсініктерін дамыту.
Тәрбие сағатының формасы: Танымдық әңгіме.
Көрнекіліктер: Құстардың суреті,мақал-мәтелдер,гүлдер.
Пән аралық байланыс:Дүниетану 1- сынып тақырыбы:Құстардың туған жерге оралуы.
Қолданатын тәрбие әдістері:Түсіндіру әдісі,үйрету әдісі.
Тәрбие сағатының жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе: II.Негізгі бөлім: «Кім жүйрік?» Сұрақ-жауап.
Оқушылар шығармашылығы.
«Мақал-сөздің мәйегі» Мақал-мәтелдер жарысы.
«Сиқырлы сандық» Жұмбақтар.
Табиғаттың сырын құстар біледі.
«Құлақтан кіріп бойды алар» Құстардың суретін салу.
III.Қорытынды. Тәрбие сағатың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе: -Балалар біз бүгін табиғаттың бір бөлігі,табиғаттың көркі,сәні,бақшаның әні болған-құстар тақырыбына тоқталайық деп отырмыз.Жер бетінде 8600-ге жуық,ал Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен.Құстардың жылы жаққа кетуінің басты себебі:жемінің,азықтарының азаюы.Күн салқындап құрт-құмырсқалар қуысқа тығылып қалады.Құстар топтала ұшып ,лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді де,көктемде күн жылығанда қайтып оралады. .Көктемде олардың қайта оралу себебі,ол жақ өте ыстық болғандықтан ,жұмыртқалары шіріп кетеді де,ұрпақ өрбіте алмайды.Сондықтан біздің қанатты достарымыз туған жерге қайта оралады. «Қызыл кітаптың»3-басылымына құстардың 56 түрі тіркелген.Сонымен,балалар «Қызыл кітап» белгілі бір жойылу қаупін,оларды көздің қарашығындай қорғау қажеттігін,аулауға тиым салынғанын ескертеді.Жақсы, балалар біз құстар туралы біраз мағұлмат алдық.Енді құстардың түрлерімен танысайық.