Педагогика факультеті


Заңды-психологиялық экспертиза



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата15.02.2017
өлшемі1,27 Mb.
#4143
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

3.Заңды-психологиялық экспертиза 
Заңды-психологиялық  экспертиза  заң  мүшелері  қойған  негізде  жүргізіледі.  Экспертизаны  шешуде    заң 
өндірісінде пайда болған сұрақтардың негізінде  шешіледі.  Заңды-психологиялық  экспертиза алдын-ала тексеру 
кезеңінде,  сонымен  қатар  сот  процессінде  жүргізіледі.  Қажетті  жағдайда  стационарды,  сырттай  (іс  материалы 
бойынша) , сонымен қатар өнім  экспертизалар жүргізіледі. 
Заңды-психологиялық  экспертиза    жан-жақты  психологиялық  зерттеу  əдістерін    таңдау  экспертизаның  алдына 
қойған мəселелер сипатымен анықталады.  
Заңды-психологиялық экспертизаны жүргізу зерттеу əдістері туралы арнайы  психологиялық білімі бар экспертке 
беріледі.  Жұмыстың    нəтижесі  заңды-психологиялық  экспертизаны  қортыныдылау  түрінде  бекітіледі  (немесе 
ант). Экспертиза қорытындысы  кірісіпе, зерттеу   қорытындысын суреттеу  жəне  олардың  жауаптарын талқылау 
түрінде болуы керек. 
Кіріспеде  экспертизаны  өткізу  уақыты  мен  орны  көрсетіледі.  Эксперттің  аты-жөні,  оның  іске  қатынасы,  іске 
қысқаша  шолу  көрсетіліп  өтеді.  Ары  қарай  экспертизада  қолданылған  ақпарат    көздері  бекітіледі.  Істің 
материалдарын зерттеу, клиникалық-психологиялық жəне эксперименталды-психологиялық зерттеу жүргізу. бұл 
бөлімі процессте маңызды  мағынаға ие, сондықтан экспертизаның қорытындысы экспертиза түріне сай зерттеу 
əдістері  жүргізілсе.  Осыған  байланысьы  экспертизаны    өткізу  кезінде  қолданылған    зерттеу  əдістері  əрдайым 
бекітіліп отырады.  
Зерттеу  қорытындысын  мазмұндауды  психобиографиялық  зерттеулерден  бастаған  жөн.  Олар  экспертиза  
сұрақтарын шешуге тікелеу қатысты. 
Зерттеу қорытындыларын талықлау жəне экспертизаның  алдына  қойылған сұрақтардың жауабын сараптау, осы 
экспертизаның  ерекшеліктеріне  сай  бірігуі    мүмкін.  Бірақ  айтып  өтетін  жайт,  қорытындыны  талқылау  
мақсатқабағытталған, экспертизаның алдына қойылған сұрақтарға жауаптарды дайындау тəртібіне сай жүргізілуі 
тиіс. Жауаптарда сараптау табиғи, заңды түрде жүруі тиіс. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Топтың əлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау қалай жүзеге асады?  
2. Іскерлік ойындарды проектілеу қалай жүреді?  
3. Заңдық – психологиялық экспертиза дегеніміз не?  
 
№29 Дəріс. 
Тақырып: Психологиядағы белсенді əдістер. 
          Дəрістің мазмұны 
1. Ерлі зайыптылардың отбасы құндылығын, ролдік ұстанымдары жөніндегі көзқарастарын анықтау. 
2.Психологиялық кеңес берудегі проблемалық жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу. 
3.Аутоген жаттығуларын жүргізу. 
4.Алкогализмді емдеудегі топтық психотерапия əдісін жүргізу. 
Мақсаты:Ерлі зайыптылардың отбасы құндылығын, ролдік ұстанымдары жөніндегі көзқарастарын 
анықтау, психологиялық кеңес берудегі проблемалық жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу, аутоген 
жаттығуларын жүргізу, алкогализмді емдеудегі топтық психотерапия əдісін жүргізу. 
 
       1.Ерлі зайыптылармен, ата аналармен, балалармен ақыл кеңестік жұмыс жасау психологтың практикалық  іс 
əрекетінің бір бағыты болып табылады.  Кеңесшінің ерлі зайыптылармен жұмыс жасауының схемасы: 
1.Əйелі мен ерінің некені сақтауға деген мотивін анықтау. 
2.Туындаған жанұялық ситуацияды ерлі зайыптылардың əрқайсысына толықтай ашылуына мүмкіндік беру. 
3.Некелік жұбайларға бір біріне деген оң терапевтикалық ұстаным жасау. 
4.Ерлі зайыптылар қарым қатынасының негізгі сипатын жəне неке тарихын зерттеу. 
5.Əйелі мен күйеуінің жағымды жəне теріс мінез сипаты туралы көрініс жасау. 
6.Əйелі мен күйеуінің түсінісе білуге жəне аяушылыққа деген қабілетін анықтау. 
7.Ерлі зайыптылардың келіспеушілігін тудыратын  факторлар туралы ақпарат алу. 
8.Ерлі зайыптылардың өзара əрекеті жəне өзара қарым қатынасының моделін зерттеу. 
9.Ерлі зайыптыладың жыныстық өмірі жөнінде көрініс алу.  
10.Əйелі мен күйеуіне ақыл кеңес беру процесінде барлық зейіндерін өздерінің қарым қатынасының қазіргісі мен 
болашағына шоғырландыру керектігін түсіндіру. 
Сабақтың  мақсаты.  «Некедегі  рөлдік  күтім  жəне  притязание».  Бұл  əдістемені  А.Н.Волкова  ұсынған  жəне  ерлі 
зайыптылармен практикалық жұмыс жасау бағдарламасына кіреді.  
Құрал  жабдық.  36  карточкадан  тұратын  екі  жинақ.  Əрбір  карточкаға  пікір  жазылып,  номер  қойылады.  Төрт 
карточка классификатордан тұратын екі жинақта келесі жазулар бар: «Толықтай келісемін», «Жалпы бұл дұрыс», 
«Бұл дəл осылай емес», «Бұл дұрыс емес». 
Жұмыстың  барысы. Ерлі зайыптларға өз  жынысына сəйкес  келетін баған  бойынша келісімдер жиынтығымен  өз 
бетінше  танысу  ұсынылады,  онда  мынадай  нұсқау  берілген:  «Құрметті  жолдас!  Сіздерге  ұсынылған 
карточкаларда  жанұя,  неке,  əйел  мен  күйеуі  арасындағы  қатынас  туралы  келісімдер  жазылған.  Алдарыңызда 
варианттары  көрсетілген  төрт  карточка  жатыр:  «Толықтай  келісемін»,  «Жалпы  бұл  дұрыс»,  «Бұл  дəл  осылай 

емес»,  «Бұл  дұрыс  емес»  Əрбір  келісімді  мұқият  оқи  отырып,  барлық  карточкалары  жауаптың  төрт  варианты 
бойынша  бөліп  көрсетіңіз.  Егер  сіз  келісімді  толықтай  бекітсеңіз,  оны  «Толықтай  келісемін»  карточкасының 
тұсына  қойыңыз.  Егер  келісім  дұрыс  бірақ  толықтырулар  енгізу  керек  деп  шешсеңіз  «Жалпы  бұл  дұрыс» 
карточкасының тұсына  қойыңыз т.с.с. Карточкаларды келісімдермен төрт топқа бөле отырып, сіз өзіңіздің жеке 
пікіріңізді білдіруге тырысыңыз. Психологиялық зерттеуге қатысқаныңызға көп рахмет».  
Тапсырманы  орындағаннан  кейні  консультанат  ерлі  зайыптылардың  жауаптарын  кеңестік  зерттеудің 
хаттамасына тіркейді:  «Толықтай келісемін»тобына жатқызылғаны 3 балл, «Жалпы бұл дұрыс»2 балл, «Бұл дəл 
осылай емес»1 балл, «Бұл дұрыс емес»0 балл қойылады.   
 
     2.Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу 
Ақыл  кеңес  беру  кезінде  психолог  маманның  əңгімесі  адамның  қандай  да  бір  өмірлік  ситуацияны  шешудегі 
негізгі  тəсілінің  бірі  болып  табылады.  Əңгіме  əдісінің  тиімділігі  оның    ұйымдастырылу  іскерлігіне  жəне  оның 
диагностикалық, терапевтикалық, профилактикалық сипатқа ие болуымен байланысты.  
Сабақтың мақсаты:   
Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу дағдысын жасау. Тапсырма рөлдік ойын 
түрінде өткізіледі. 
Құрал жабдық: Видеомагнитофон 
Жұмыс  барысы.  Жұмыс  видеожазба  жазуға  мүмкіндік  болатын  аудиторияда  өткізіледі.  Тапсырманы  орындауға 
10-12  адам  қатысады.Оның  құрамынан  «кеңесші  психолог»  рөліне  адам  жəне  «психологиялық  кеңес  беруге 
көмекті  қажет  ететін»адамның  рөліне  адам  таңдалады.  Сеанстың  жүру  барысында  психолог  рөліне  пікіріне 
топтың кем дегенде жартысы ден қоятын адамды таңдау керек. Одан əрі қатысушылардың əрқайсысы осы рөлде 
болып көруі керек.  
Мысалы,  келесі  мазмұндағы  рөлдік  ойын  ұсынылады:  «Пихолог  кеңесіне  бала  тəрбиесінде  проблема  туындаған 
əйел адам келді».  
«Психологқа» тапсырма: «Сіз көмек сұрай келген əйелмен əңгіме жүргізуіңіз керек. Əңгіме барысында жағдайды 
терең  түсініп,  осы  ситуацияны  тудырып  отырған  маңызды  объективті  жəне  субъективті  факторларды  анықтау 
керек.  Мəселені  шешуге  негізделген  ұсыныстар  беріп,  қиыншылықта  жеңуге  болатындығы  туралы  үміт  сезімін 
тудыру керек».  
«Əйелге» тапсырма: «Сіз пихолог кеңесшіге балаңыздың мінез құлқы мазалағандықтан келдіңіз. Соңғы кездерде 
ол  өзін  нашар  ұстайтын  болды,  əсіресе  қоғамдық  орындарда.  Сіз  психологқа  бұл  туралы  дəлірек  айтасыз.  Бірақ 
сіздің    саналы  түрдегі  мазасыздығыңыздың  себебі:  а)  сіздің  айналадағылардың  пікіріне  аурушаң 
сезімталдығыңыз;  б)  ештеңеге  қарамастан  идеалды  «ана»  болуға  деген  қалауыңыз;  в)  балаңызбен  дау  жанжалға 
түсуден қорқу; г) күйеуіңізбен қатынаста қиындықтардың болуынан қорқу; д) балаңыздың өз өзін ұстауы сіздің 
қызмет репутациясын бұза  ма деген қауіп; е) балаңыздың өз өзін ұстауы күйеуіңіздің қызмет репутациясын бұза 
ма деген қауіп т.б.» «Əйелге» берілетін жоғарыдағы нұсқаулар психолог болмаған жерде берілуі керек.  
«Сарапшыларға» нұсқау:  «Əңгіме барысын мұқият  бақылап, бақылау  хаттамасын жүргізіп, онда  «психологтың» 
əңгіме жүргізуге қолайлы жағдай тудыруға мүмкіндік жасаған немесе кедергі болған вербальды жəне вербальды 
емес,  жеке  əрекет  пен  тəсілдерді,    əқгімеге  жасалған  психологиялық  климат,  ситуацияны  түсінуі,  проблеманың 
туындауының шын себебін анықтау, ұсынысты орындау кезінде проблеманы жетістікті түрде шешуге мүмкіндік 
туғызу тіркеледі».  
Рөлдік ойынның бір сеансының ұзақтығы 15 минут болуы керек.  
Психологқа сұрақ:  
Кеңес сұрай келген əйелдің мəселесінің мəні неде? 
Əңгімелесу барысында қандай қиыншылықтарға кездестірдіңіз? 
Əңгімелесу барысында қиыншылықты шешуге немесе одан құтылу үшін сіз не істедіңіз? 
Сіздің берген ұсыныстарыңыз «əйелге» айтарлықтай көмектесетініне сенімдісіз бе? 
Əйелге қойылатын сұрақтар:  
Сізді «психологтың» жақсы түсініп отырғанын сезіндіңіз бе? 
Əңгіме кезінде сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз? 
«Психологтың» өз өзін ұстауында, сөйлеуінде сөздің толық ашылуыңызға кедергі болған жағдай болды ма? 
Сізге берліген ұсыныстардың сізге көмектесетініне сенімдісіз бе? 
Алынған  жауаптарға  сəйкесті  «психолог»  жəне  «əйел»    тарапынан  алынған  субъективті  бағалаудың 
айырмашылығы немесе сəйкестігі қысқаша түйінделеді.   
Одан  əрі  «сарапшылар»  дискуссиясында  «психологтың»  вербальды  жəне  вербальды  емес  мінез  құлқында 
əңгіменің  қолайлы  психикалық  климатын  тудыруға  мүмкіндік  жасағаны  немес  кедергі  келтіргенін,  жағдайды 
талдау,  мəселенің  туындауына  себеп  болған  ақиқат  себептері  ,  психологиялық  ұсыныстардың  əрекетшілдігіне 
деген сенгімділігін қалыптастыру жəне оны жүзеге асыруға деген қалауы талданады.  
«Эксперттер» сонымен қатар «психологтың» қосымша мəлімет алу, түсініктеме жасау, партнердің қалауын нақты 
түсінуге мүмкіндік беретін мəліметтерді алу; партнердің қызығушылығы мен айтылған ойларын өз сөзімен бере 
алуға  қабілетті,  партнердің  күйін  бақылауды  мазмұндау,  шындыққа  жəне  анықтыққа  қол  жеткізу  мақсатында 
партнердің айтқандарын интерпретациялауды игеруін бағалауы керек. 
Сондай ақ «эксперттер» «психологтың» берген ұсынымдарын талдап, оның негізделгені бағалануы керек.  

«Экспеттер»  қорытындысында  келесідей  сұрақтар  бойынша  жекелеген  түйіндемеле  құрылып  бір  жүйеге 
келтірілуі  керек  :  кеңес  беру  əңгімесі  мақсатына  жетті  ме?  əңгіме  қалай  өтті?  «психолог»  қандай  қателіктер 
жіберді? əңгіме өткізуде қандай жеке қателіктер көрінді? əңгіме өткізудің қандай тəсілдері тиімдірек болды? 
             3.Оқу техникасын жаттықтыру 
«Іштей» мəтінді оқу іскерлігі оқыған нəрсені мəнге келтіру жəне қабылдау дағдысының жиынтығынан құрылады. 
Көру қабылдауының дағдысы көп жағдайда оқудың жалпы нəтижелілігін анықтайды. Оқу техникасын жетілдіру 
оқу темпін арттыруға жəне өнімді оқу тəсілдерін игеруге мүмкіндік береді.  
Сабақтың мақсаты. Оқу жылдамдығын арттыру мақсатында кейбір жаттығуларға үйрету. 
Құрал жабдықтар. Оқудың мəрелік жылдамдығын өлшеу үшін əдетте газттік мəтіндер қолданылады.  
Жұмыс барысы. Тапсырманы қалыпты оқу аудиториясында немесе үйде өткізуге болады.  
Тапсырманың басында оқу жылдамдығын міндетті түрде өлшеу керек. Одан əрі қарай жаттығулар жүргізіледі.  
 
1 Жаттығу 
Жаттығудың  міндеті  мəтінді  тігінен  оқуға  үйрену.  Жаттығу  үшін  газеттік  мəтін  ұсынылады.  Газеттің 
бағанасының  ортасы  бойынша  түсті  қарындашпен  тік  линия  жүргізіледі.  Қолмен  жүргізіліп  отырған  кезде 
көзқарастың толқынды жылжуына қол жеткізу үшін мəтін бірнеше қайтара оқылады.  
Жаттығудың ережесі:  
Газеттік бағаныны өз алдыңызға қойып, көрстекішті алыңыз; 
Көрсеткішті жоғары жолдың ортасына қойыңыз; 
Көрсеткішті бағананың орталығы бойынша тепе тең жүргізіңіз; 
Біздің көзқарасымыз көрсеткіштен екі үш жолға жоғары тепе тең жүріп отыруы керек; 
Алдыңызға  оқу  мақсатын  қоймаңыз,  біздің  көзқарасымыз  мəтін  бойынша  қозғалған  көрсеткіштің  соңынан 
«жүзіп» отырсын; 
Көрсеткіш пен көзқарастың қозғалысы тепе тең болуы керек, қозғалысты қандай себеп болмасын тоқтатпаңыз; 
Көзқарысыңыздың жан жаққа бағытталуына мүмкіндік бермеңіз; 
Мəтін  бойынша  көрсеткіш  пен  көзқарасыңыздың  келісімді  қозғалысы  болғанға  дейін  жаттығуды  тоқтатпаңыз. 
Мəтінмен жұмыс көзіңіз сөздер мен үзінділерді қабылдай бастағанда тоқтатылады. Тек сөздерді жəне үзінділерді 
айта алу ғана есептеледі де, мағынасына мəн берілмейді. 
 
4.Алкоголизм кезіндегі топтық психотерапия əдістемесі 
Психотерапия 
психологиялық 
тəсілдерді 
емдеу 
мақсатында 
қолдануға 
бағытталған 
сала 
ретінде 
психоневрологиялық,  жалпысоматикалық,  наркологиялық  бағытта  қолданылады.  Психологиялық  емдеу  тəсілі 
ретінде  алуын  түрлі  əдістемелік  тəсілдер,  мимика,  сөйлеу,  эмоционалдылық,  мотивация,  мінез  құлықтың 
көріністер,  үйренушілік,  тұлғараралық  қарым  қатынастар  жəне  т.б.  қолданылады.  Топтық  психотерапия  кезінде 
кешенді  психологиялық  емдеу  тəсілі  ретінде  осы  шағын  топқа  арналып  құрыған  мақсатқа  бағыталған 
тұлғараралық  қарым қатынастың динамикасы алынады. Қазіргі таңда ТП алуан түрлі ауруларды емдеуде соның 
ішінде алкоголизмді емдеуде де қолданылады.  
Алкоголизм  адамның  патологиялық  еліктеуінің  арнайы  түрі  ретінде  анықталатын  жəне  алкогольды  жиі 
қолданылатын  тұлғаларда  туындайтын  наркомандық  тəуелділіктің  бір  формасы  болып  табылады.    Солай  бола 
тұрса  да  алкогольге  еліктеушілік  тікелей  бақылаудан  жəне  сыртқы  əсер  етуден  алуан  түрлі  психологиялық 
қорғаныс  арқылы  олар,  проекция,  теріске  шығару,  жалған  рационализация  арқылы  жасырын  түрде  болады.  
Сондықтан  алкогольге  еліктеуді  психотерапиялық  түзету  науқастардың  қажеттіліктеріне  ықпал  ету  долымен  де 
жүзеге асуы керек. Когнитивті деңгейде бұл анозогнозияны жеңу (өз ауруына адекватты емес қарау); өзіндік сана 
деңгейінде  өзін  өзі  бағалауға,  өзін  құрметтеуді  қалпына  келтіруге  ықпал  жасау;  эмоционалды  деңгейде 
аффективті  түзілістерді  басу;  мотивациялық  деңгейде  алкогольге  алтернативті  мотивтерді  жасау  жəне  бекіту; 
мінез құлық деңгейінде өмір стилін өзгерту, қатынас бұзылысын түзету, пациенттің əлеуметтік ортасына əрекет 
ету.  
Сабақтың  маұсаты.  Алкоголизммен  ауыратын  науқастармен  оларда  анозогнозияны  жеңуге    жəне  дұрыс  өмір 
салтын қалыптастыруға бағытталған топтық психотерапия жүргізу.  
 
Əдістеме 
 
ТП ұйымдастыру. Психотерапиялық сеанстар осыған арнайы дайындалған кабинеттерде жəне белгілі бір уақытта, 
ұзақтығы  алдын  ала  белгіленіп,  1,5  сағаттан  аспайтындай  етіп  өткізілуі  керек.  Тек  қорытынды  кезеңінде  ғана 
сеанс ұзақтығы алты сағат созылуы мүмкін. Наркологиялық стационар жағжайында ТП аптасына 4-5 реттен ал, 
амбулаторлық жағдайда аптасына екі рет өткізіледі.  
Топқа  науқастарды  таңдау.  ТП  тұлғалық  деградациясы  болмаған,  алкоголизм  интеллектуалдық  жəне  моралдық 
этикалық  деңгейінің  төмендеуінен  көрінетін  науқстарға  арналған.  Топқа  жасы  кəрі  адамдарды(елуден  жоғары) 
жəне  асоциалды  өмір  сүретін  адамдарды    енгізудің  қажеті  жоқ.  Сондай  ақ  гетерогендік  принципін  де  сақтау 
керек:  онда  алкоголизмнің  алуан  ағымымен,  əртүрлі  жастағы,  əлеуметтік  жағдайы  жəне  білім  деңгейі  əртүрлі,  
тоғыз он екі адамнан тұратын топ болуы керек. Топ жабық болуы керек. 
Науқастарды  ТП  ға  қатысуға  дайындау  дезинтоксикация  жəне  алкоголдық  абстинетті  синдромның  өткенінен 
кейін  жеке  əңгімелесу  түрінде  психодиагностикалық  зерттеу  түрінде  өтеді.  Науқастарда  топта  жұмыс  жасауға 

мотивация  тудыру қажет, Психотерапевт  бірінші сабақта ТП міндеті туралы толықтай баяндайды, ТПның басқа 
емдеу түрлерінен айырмашылығын науқастан тұлғалық позициясының талап етілетінін баса айтып өтеді. 
Процедура.    Психотерапия  топ  мүшелрімен  танысудан  басталады:науқастар  өз  өмірбаянының  мағызды  сəттерін 
ескере  отырып,  мінезінің  ерекшеліктерін,  қызығушылық  шеңберін,  бағдарлы  құндылықтарын,  өздерінің  басқа 
адамдармен қарым қатынасын кірістіре отырып өзі туралы айтуы керек. Осы периодта науқастардың бір бірінің 
мəселесіне  қызығушылық  тудыруына  көп  мін  беріледі.  Психотерапевттен  айтылғандарды,  эмоционалды 
қатынасты, вербальды емес мінез құлықты тиісті интерпретациялап, олардық арасындағы байланыстырушы болу 
талап  етіледі.  Науқастардың  «шерін  тарқату»  ұзақтығы  əртүрлі  болуы  мүмкін:  бастапқыда  науқастар 
қысымшылдық  жəне ұялшақтық сезімінде  болып, монолог 5-7 мин. Созылады, одан əрі  шер тарқату 30 мин. да 
көпке созылуы мүмкін. Егер науқастардың айтқандары эмоционалды бояуға қанық əрі одан əрі талдауға маңызды 
ақпарат көп болса, онда психотерапевт олардың сөзін бөлмейді, маңызды емес тақырыпқа ауысқан кезде олардың 
сөзін бөліп, өзгелерден мұндай əңгіменің қаншалықты маңызды болатындығын шешуге ұсынады.  
Өмірбаянға  бағдарланған  тапсырмалармен  қатар  тақырыптық  дискуссиялар  жүргізіледі.  Дискуссия  барысында 
науқастың  алкоголизм  туралы  айтқылары  келгені,  оның  симптомдары,  патогенезі,  емдеу  əдістері  туралы  сөз 
қозғалады.  Қосымша  психотерапиялық  тəсіл  ретінде  алкогольге  еліктеумен  байланысты  жетекші  мотивациясы 
жəне  анозогнозияның  көрінісі  айқын  бейнеленетін  «Мен  жəне  менің  ауруым»  тақырыбында  сурет  салу 
ұсынылады.  
Егер  психотерапия  амбулаторияда  өткізілетін  болса,  науқастарға  өз  жанұясымен,    таныстарымен  өзара  əрекет 
жасап,  соңынан  топтағы  дағдыларын  қолдана  отырып,  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  талдауға  мүмкіндік 
болады.  
ТП  ның  қорытынды  стадиясында  ұзақтығы  алдыңғыларға  қарағанда  айтарлықтай  көп  болатын  интеракционды 
бағдарланған екі немесе үш сеанс өткізіледі. Талқылау материалы болатын топтағы тұлғаарарлық қарым қатынас 
динамикасы.  Біруақытта  науқастардың  бойында  ремиссияның  бірінші  айында  болатын  қарым  қатынас 
қиындықтарын жеңе білетін дағдыны қалыптастыруға көңіл бөлу керек. Психотерапиялық əсерді күшейтуге жəне 
ТП  процесін  белсендендіру  үшін  психотерапевт  сабақты  қосымша  жаттығулардан  бастауына  болады; 
сензитивтілік тренингтің элементтері (бір біріне сезімінің вербальды емес көрінуі, пантомимика арқылы өз  өзін 
көрсету,  қозғалыс  ойындары  т.б.).  Психотерапевттің  рөлі  ол  интерпретатор  жəне  топта  болып  жатырған 
процестің комментаторы. 
Топтағы  жұмыс  қорытынды  жасаумен  аяқталады:  науқастар  жасалған  психотерапиядан  алынған  қанағаттану 
деңгейін  айтады,  жəне  ережеге  сай,  жақын    арадаға  болашағына  жоспар  құрады.  Емдеу  аяқталған  соң  əрбір 
науқасқа жекелік жұмыстар жасалуына көңіл бөлу қажет.  
Психотерапевттің  бұл  этаптағы  мақсаты  орындалды  деп  айтуға  болады  егер  науқастың  бойында  мыналар 
қалыптасқан  болса:  а)  өз  ауруы  туралы  адекватты  көрініс;  б)  алкогольды  қолдануға  қайта  оралу  мүмкін  емес, 
жалғыз ғана альтернатива өз өзіне ұстамды бола білу туралы сана қалыптасса; в) сау күйдің мотивациясы əрбір 
науқастың  жекелік  тұлғалық  алкогольге  деген  ұстамдылығы,  мотивтердің  қалыптасуы,  алкоголды  қолданумен 
сəйкес келмеуі саналы түрде қалыптасса.  
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Ерлі зайыптылардың отбасы құндылығын, ролдік ұстанымдары жөніндегі көзқарастарын анықтау 
қалай жүреді?  
2.Психологиялық кеңес берудегі проблемалық жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу қалай жүзеге асады?  
3.Аутоген жаттығуларын жүргізу техникасын түсіндір.  
4.Алкогализмді емдеудегі топтық психотерапия əдісін жүргізу немен сипатталады?  
 
№30 Дəріс. 
Тақырып: Психолог жұмысының ережесі мен этникалық принциптері. 
       Дəрістің мазмұны 
1. Психологтың міндеттері мен құқықтары. 
2.Психолог қызметін ұйымдастыру. 
3.Психолог қызметінің ережесі мен принциптерінің мазмұны. 
Мақсаты: Психологтың міндеттері мен құқықтары, психолог қызметін ұйымдастыру, психолог 
қызметінің ережесі мен принциптерінің мазмұны жөніндегі білімдерді түсіндіру.  
 
Психолог жұмысының ережесі мен этникалық 
принциптері. 
1. Психолог өмірдегі ғылыми, əлеуметтік, өндірістік сұрақтарға шешімді белсенді түрде қабылдай білу керек.  
1.1.  Өндірістік  еңбек  психологиясының  қаражатын  жəне  өнім  сапаларын  жоғарылатуға,  материалдық, 
энергетикалық, жұмыс күштеріне жұмсалған уақытты азайту жəне қаражатты төмендету. 
1.2. Психологиялық əдістерге əлеуметтік, технологиялық жəне басқа жаңалықтарды еңгізуге көмектесу. 
1.3.  Мамандарды  психологиялық  профориентация  ,профконсультация,  профотбора,  профобучения  жəне 
психопрофилактикалық жолмен дайындықтарын жақсарту.  
1.4.  Психологиялық  заңдылықтарға  сүйене  отырып,  тұрақсыз  кадрларды  азайтуға,  қол  жеткізуге,ұжым 
тұрақтылығын қалыптастыруға халық меграциясын реттеуге міндетті.  

1.5. адамдардың əлеуметтік өмірлері мен еңбек белсенділіктерін арттыру.Психологиялық реабилитацияны қажет 
ететіндерге  жалпы  жəне жеке өмірлік мəселелер мен кəсіби сұрақтар бойынша психологиялық кеңес беру.  
1.6.  Жұмысшылар  мен  мамандардың  психологиялық  оптимизациясының  негізінде  қоршаған  ортаны, 
жабдықтарды, технологиялық процестерді өз еңбектерімен қанағаттандыруға қол жеткізуге ұмтылу. 
1.7. Əлеуметтік психологияның көмегімен əлеуметтік , ғылыми жəне жаңа техниканы болжау. 
1.8.  Теория мен əдістемені дамыта отырып, психология ғылымын қамтамасыз ету 
1.9. Этникалық  принципті,ережені жəне заңдылықтарды өзінің іс-əрекетінде басшылыққа алу.  
   2.Психолог психологиялық ғылымда əдістерді қолдануға құқылы.  
2.1.  Психологиялық  қасиет  туралы  жасырын  ақпарат  алуға,  адамдардың  ерекшеліктері  мен  жағдайлары  туралы 
ақпарат алуға құқылы.  
2.2.  Жұмысшылар мен арнайы мамандардың оптимальды əрекеттері бойынша жəне жұмыс орындары бойынша 
оларды бөлу туралы ақпарат жинақтау. 
2.3.  Комиссия  жұмысшыларына  нұсқауларды,  заңдылықтарды  талқылауға  жəне  келісімге  келуге  қатысуға 
құқылы.  
2.4.  Болған  оқиғаның  себептерін,  қақтығыстарды  тексеруге  қатысу  секілді  оқиғаларды  жəне  іс-жүргізу 
қорытындылары бойынша комиссия мүшелеріне  
баяндауға құқылы 
2.5. Толық жетілген тəрбиелеу, оқыту əдістерін практика жүзінде жұмыстарда қолдануға құқы лы.  
2.6. Қабылдау бөлімінің, комиссия мүшелерінің жұмыстарына қатысуға  
2.7.  Эксплуантациялық    сипттармен  жабдықтауға  ,  технология    процестерін,  қоршаған  ортамен  жұмыс 
орталықтарын оқытуға жəне жағдайларды өзгертуге құқылы 
2.8. Өз жұмыстарының  материалдарын индивидуальды психологиялық кеңес беру процесі ретінде, өндірістерде, 
мектептерде,  емдеу  бөлімдерінде  қолдануға    оларды  конференцияларда,  сьезде  жəне  басылымдарда  хабарлауға 
құқылы.  
2.  Психолог қызметін ұйымдастыру 
3. Психолог қызметінің обьектілері мен субьектілері  
3.1.  Психолог  тың  орнына  мемлекеттік  дипломы  бар,  арнайы  психологиялық  білімі  бар  адам  ғылыми-зерттеу, 
оқыту, өндірістік, емделу, кооперативті немесе басқа да ұйымдарды ұсынады 
3.2.  Мемлекеттік  немесе  кооперативті    немесе  жеке  өзі  тапсырыс  беруші  ретінде  психологқа  психолог  иялық 
спаттама  жөнінде  кеңес  береді,  психолог  жұмысының  ережелері  ,  принциптері  мен  танысады  жəне  олармен 
келісімге келеді 
3.3. Зерттелушінің  орнына психологиялық зерттеу обьектісі ғылыми, өндірістік, əлеуметтік қызығушылықтармен 
келіседі.  
3.4. Психолог зерттеулерінің теориялық, əдістемелік, эксперименталды материал қорытындылары шығады.  
4. Психологиялық қызметтегі субьективті- обьективті қарым-қатынас  
4.1.    Психолог  тапсырыс  берушіден  тапсырмалар  алып,  зерттеу  барысында  өзара  келісім  түрінде  техникалық 
тапсырмалар  құрады,  психолог  міндеттерін    тапсырыс  алушылар  мен  зерттелушілерді  ,  олардың  өзара  біріккен 
міндетті əрекеттері бөледі.  
     4.  Психологиялық қызметтегі субьективті-обьективті қарым-қатынас. 
4.1.    Психолог  тапсырыс  берушіден  тапсырмалар  алып,  зерттеу  барысында  өзара  келісім  түрінде  техникалық 
тапшылар мен зерттеушілерді, олардың өзара біріккен міндетті əрекеттерді бөледі. 
4.2.Психолог психологиялық қызметтің теориялық концепциясының адекватты тапсырмаларын таңдайды, жұмыс 
əдістерін, нақты зерттеу əдістерімен зерттелушімен жүргізілетін жұмыстарды таңдайды. 
4.3.  Психолог  зерттелушімен  тікелей  əңгіме  барысында  анкета,  интервью,  тест,электрофизикалық  зерттеу  т.б. 
немесе жанама түрде биографиялық, бақылау əдісі арқылы жұмысты жүзеге асырады. 
4.4.  Психолог  зерттелушінің  жеке  өміріне  əсер  ететіндей  материалдар  өңдеп,  оларға  қорытынды  шығарып, 
алынған мəлімет жөнінде жақсы білетін ұжыммен талқылайды, қорытындылар жазып, факторлады аяқтайды. 
4.5.  Психолог  тапсырыс  берушіге  өзінің  қортындыларымен,  ұсыныстарын,  зерттелушіге  қатысты  тапсырыс 
берушінің сұрағына жауап береді.Зерттеу құжаты жазбаша түрінде жүреді. 
4.6.  Тапсырыс  беруші  зерттелушіге  психологияның  кеңесі  бойынша  мынадай  түрде;  психокоррекция, 
психологиялық  –педагогикалық  оқыту,  административті  түрде  ықпал  жасау,  зерттелуші  жұмысындағы 
эргономикалық  жəне  инженерно-психологиялық  факторладың  ерекшелігін  өзгертеді,  еңбек  қызметінің 
талаптарын іске асырады. 
 
3) Психолог қызметінің принциптері мен мазмұны. 
     Психолог  қызметінің      этикасы  жалпы  адамдық  мораль  мен  құқықтық  құндылықтарға  негізделеді.  Тұлғаның 
еркін  жəне  жан-жақты  дамуымен,  оның  сыйластығы,  адамдарға  жақындауы,əділдікті  қалыптастыру,  қоғамның 
дамуы 
психолог 
қызметімен 
анықталады. 
Психолог 
қызметінің 
этникалық 
принциптері 
мен 
ережелері,талаптарын  қалыптастырады,  ондайда  оның  қызметіндегі  адамгершілік,  профессионализм,жұмыстағы 
адамдарға деген сыйластық  сақталады немесе жойылады. 
   5.  Зерттелушіге  зарар  келтірмейтін  принциптер  мен  психологтан  жұмысын  ұйымдастыруды  талап  етеді. 
Қорытындылары  мен  процестері  зерттелушінің  əлеуметтік  жағдайына,  денсаулығына  ешқандай  зарар  келмеуін 

талап етеді. Осы принциптерді орындауда психологтың зерттелушімен де,тапсырыс берушіменде жақсы қарым –
қатынас орнатуды талап етеді. 
5.1.  Психолог  пен  зерттелушінің  өзара  түсіністік  ережелері.  Психолог  жеке  тұлғаның  адамгершілігін 
құрметтеуден,  құқығы  мен  бостандығын  сыйлауы  керек.  Психолог  зерттелушімен  зерттелушінің  келісімінен 
кейін,  оның  зерттеу  мақсатын  хабарлағаннан  кейін,  əдістерді  қолдану  мен  алынған  ақпаратты  пайдалану 
тəсілдерінен кейін жұмысын жүргізеді. 
5.2.  Зерттелушіге  қолданған  əдістердің  қауіпсіздігі  туралы  ережелер.  Психолог  мынадай  зерттеу  əдістерін 
қолданады;  зерттелуінің  зерттеу  қорытындысында  еш  жалғандық  болмау  керек,  денсаулығына  зиян  келтірмеу 
керек, психологиялық қасиеттері мен ерешеліктері жөнінде мағлұмат бермейді. Нақты психологиялық зерттеуде 
ұйғарылған тапсырмалар деген қарым қатынас болмайды. 
    5.3.  Зерттелушіге  байланысты  тапсырыс  берушінің  дұрыс  емес  қызметін  ескерту  ережелері.  Психолог  өз 
ұсыныстарын  құрастырады,  сақтауда  қолдануды  жəне  зерттеу  қорытындыларын  ұйымдастыруда  мынадай 
жағдайда  жарияланады,  олады  тапсырмалардан  тыс  қолдануға  ,  психологпен  тапсырыс  берушінің  арасындағы 
келісімге келуіне тыйым салу жəне зерттелушінің жағдайын төмендетуі мүмкін. Психолог зерттелушіге тапсырыс 
беруші туралы ақпарат береді жəне оны тек зерттелушімен келісімге келгеннен кейін ғана. 
6.  Психологтың  компенттетілік  принципінде  психологтан  профессиональды  игерген  сұрақтарын  шешуді,жəне 
практикалық  əдістермен  жұмыста  алатын  жəне  психокоррекциялық  немесе  басқа  да  əрекеттерді  талап  етеді. 
Принциптерді орындау ереже бойынша орындалады. 
6.1.  Психолог  пен    тапсырыс  берушінің  бірігіп  жұмыс  жасау  ережесі.  Психолог  тапсырыс  берушілердің 
сұрақтары  бойынша  қазіргі  психология  ғылымының  шынайы  мүмкіндіктері  туралы  хабар  беру  тиіс  жəне 
психологялық  материалдар  мен  əдістерді  қолдана  отырып  тапсырыс  берушінің  өзімен  бірге  қатысуы  туралы 
келісім алу керек. 
6.2. 
Психолог 
пен 
зерттелушінің 
профессиональды 
қарым 
қатынас 
жасау 
ережесі. 
Психолог 
психодиагностикалық əңгіме, бақылау əдістерін игеру керек, бір жағынан берілген тапсырмаларды максимальды 
эффективті шешу керек, екінші жағынан зерттелушінің сезім эмапатиясы мен сенімін қолдану керек. 
 7.  Психологтың  конфитденциальды  іс-əрекет  принципі  мынаны  біледі,  психлогтың  зерттелушімен  бірге  жұмыс 
жасай  отырып  материалдар  жинақтайды.  Принцип  мынадай  жағдайларда  орындалады,  егер  психолог  пен 
тапсырыс беруші арасындағы психологиялық ақпрат алмасу ережелерімен сəйкес келсе. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет