«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

 
Түйіндеме 
Мақаланың негізгі түйіні мынада: дауысқа жаттығу жасату кезінде оны дұрыс ұйымдастыра алса, аталған жұмыс 
біртіндеп, игерілетін шығармада кездесетін барлық вокалдық дағдылардың шеберлігін шыңдауға жалғасады. 
Мақала ән айтумен жаңадан айналысып жүрген әншілерге, музыканың сан қырлы иірімдерінің ішінен тек оның 

өзіне ғана тән ерекшелігін табуға көмектеседі. 
Музыкалық  педагогикада  әлі  күнге  дейін  жаттығуларды  қандай  музыкалық  материалдар  негізінде  құрастыру 
жөнінде  пікірталастар  орын  алып  келеді.  Қайсыбіреулері  жаттығуларды  гаммаларды,  үшдыбыстылықты,  арпед-
жиоларды,  сондай-ақ  кішігірім  ән  үзінділерін,  көлемі  шағын  ән  әуендерін  қолдана  отырып,  айтқызу  керек  деп 
санайды. 
Ал кейбіреулері вокалдық-техникалық дағдыларды қалыптастыруды, арнайы жаттығу, жасатпай-ақ, үйретілетін 
әндерге байланысты меңгеруге болады деген пікір айтады. Сөз бен саздың бірлігінен тұратын кез келген ән белгілі 
бір  көркемдік  мазмұнды  құрайды,  оныңөзіндік  айтар  ойы  бар,  көңіл-күйді  білдіреді,  есту  қабілетін,  дауысты 
тәрбиелейді, сондықтан да мұнда орындаушылық және техникалық дағдыларды дамыту жүзеге асырылады деушілер 
де баршылық. 
Әйтсе де ән жаттығулары жүйесін тек қана ән шығармалары негізінде құрастыру бірталай қиындықтарға алып 
келеді, өйткені, әнді орындау үшін, оның өзіндегі кездесетін техникалық қиындақтарды бірден алып кету студенттен 
алдын ала белгілі бір әншілік дайындықты қажет етеді. 
 
Annotation 
In  vocal pedagogy, there are still  arguments about  musical  material on  which to build and develop  the  skills exercises. 
Some believe that we can restrict singing scales, triads, arpeggios, and small melodies, some phrases of vocal works. 
Others believe that the vocal technical skills can be learned directly in the target repertoire without exercise. There is an 
opinion  that  the  songis  a  synthesis  of  music  and  words,  conveys  specific  content,  mood,  it  brings  the  voice  of  the  artistic 
material,developingperformingand  technical  skills.  And  yet,  to  build  a  system  of  exercises  only  at  the  song  material  is  not 
possible,  because  the  song  itself  may  include  a  number  of  technical  difficulties  for  which  the  student  must  have  a  singing 
training, mastering the whole complex vocal skills. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК 373.1.02:372.8 
 
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР 
 
З.А. Тлеугабылова, Н.А. Ештаева – 
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аға оқытушылары 
Алматы қ., Қазақстан 
 
АННОТАЦИЯ 
Аталмыш  мақаланың  авторлары  бейнематериалдарды  шет  тілін  оқып-үйренудің  негізгі  бір 
маңызды  тренді  ретінде  қарайды.  Оқытудың  техникалық  құралдарын  сабақ  барысында  және 
сабақтан  тыс  кезде  қолданудың  маңызы  зор.  Оқыту  тілінде  бейнефильмдерді  қараушы 
әуесқойларға  арналған  клуб  үйірмелерін  ұйымдастыру.  Оқу  бағдарламаларына  сай  келетін 
фильмдерді  жоспарлау,өнегелі  және  жалпы  білім  беретін  фильмдерді  іріктеу  маңыз-ды.  Сабақ 
барысында өте пайдалы болатын фильм үзінділерін қолдану. Оларды аудиториядан тыс уақытта 
да  мұғаліммен  бейресми  әңгіме  үшін  пайдаланылуға  болады.  Жазба  таспа  арқылы  қосыла 
алады.Жазба  барысында  дыбыстық  сигнал  (белгі)  мұғалімге  жаңа  кадрға  қашан  ауысуға 
болатынын  білдіре  алады.Дыбыстық  белгі  проектор  немесе  слайд-фильмнің  үзінділерін 
белсендіреді немесекөрністі автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Кинопленка, бұл шын 
мәнінде  үлбір  орамындағы  фотожиек  топтамасы  боп  табылады.  Өз  жұмыстары  тәжірибесінен 
авторлар  фильммен  (көруге  дейінгі,  көру  уақытында  және  көріпбіткеннен  соң)әдістемелік 
жұмысқа ерекше көңіл аударады.
 
Түйін сөздер: бейнематериалдар, техникалық құралдар, оқу бағдарлама, әдістемелік жұмыс. 

 
Шет тілін оқудағы ең басты міндеттердің бірі ол сөйлеу мәдениетін дамыту болып табылады. 
Алайда,  осы  мәдениетті  игеру  ауызекі  сөйлеудің  пайда  болу  шарттарына  байланысты  қиын 
болып  келеді.  Оқу  процессі  барысында  шет  тілінде  қарым  қатынас  жасауға  талпыныс  жасау 
үшін  сөйлеуші  тап  болуы  мүмкін  мен  сөйлеуге  қажеттілік  туатын  жағдайды  қолдану 
керек.Сабақ барысында бейне материалды қолдану қатысушыларды әңгімеге, талқылауға және 
диспут  жасауға  шақырады.Сондай  ақ,  қатысушалар  шет  тіліндегі  әңгімені  естіп  сол  елдің 
тарихымен,  мәдениетімен  және  географиясымен  танысады.  Оқытудың  осы  түрін  жалпы 
әдістермен және дидактика принциптарымен қосып оқытуға да болады. Фильмдарды таңдау осы 
фильм бойынша қойылатын сұрақтармен тапсырмалар сияқты өте маңызды және уақытты талап 
етеді.  Ең  алдымен  фильм  сабақтың  тақырыбына  сай  келуі  керек.  Бір  тақырыпқа  берілген 
шектеулі  уақыт  ЖОО  мұғаліміне  кейде  бейне  фильмды  қосымша  материал  ретінде  алуға 
мүмкіндік бермейді. Осы мәселенің ең дұрыс шешімі ол  «Movie Fans»атты үйірменің ашылуы 
болып  табылды.Үш  жыл  жұмыс  істеу  барысында  үйірме  жиырмаға  жуық  ағылшын  тілінде 
фильмдерді  ұсынып,  студенттерге  көрсетті  және  әр  оқу  күнінде  ҚазҰУ  1-4  бакалавркурсы 
студенттерімен  жұмыс  жасайды.  Осы  студенттердің  барлығын  әр  түрлі  мемлекеттердің  кино 
өнеріне  деген  қызығушылық,  көрген  фильм-дегі  ағылшын  тіліндегі  ақпаратты  талдай  алу 
біліктілігі байланыстырады да біріктіреді. Үйірменің тұрақ-ты қатысушыларынан басқа фильм 
көруге  өз  уақытын  қызықты  да  пайдалы  өткізгісі  келетін  және  өз  құрдастармен  пікір  алысуға 
көңілі бар студенттерде келеді.  
Клубтың  аудиториядан  тыс  уақытта  болуы  ағылшын  тіліндегі  фильмді  басынан  аяқ  көріп 
бітіруге және де талқылауға мүмкіндік береді. Бейне материалды қарау шет тілін оқу дәрежесіне 
ықпал жасайды, өйткені тіл коммуникациясының шынайы жағдайын жасайды; шет тілін оқуға 
деген  құштарлықты  арттырады;  бас  кейіпкерлердің  жан  күйін  түсінуге  көмектеседі,  ауыз  екі 
сөйлеудің  барлық  жақсы  тараптарын  ашып  көресетеді;студенттердің  өз  назарына  алмай 
білімдерін нығайтуға жағдай жасайды.  
2014-2015  оқу  жылына  мысалыға  айтатын  болсақ  келесі  көркем  фильмдер  студенттер 
назарына  ұсынылған  болатын:  «Елизаветта»  -  1998  жылғы  Шекхар  Капурдың  Англия 
ханшайымы Елизаветта І жайындағы тарихи биографиялық мелодрама. Англия, XVI ғасырының 
ортасы,  патша  Генрих  VIII  кіші  қызы  Елизаветта  І  үлкен  әпкесі  өлімінен  соң  патша  тағының 
мұрагері  болып  қалады.  Франция,  Испания  және  Рим  қауіп  төндіріп  тұрған  саяси  жағдайы 
тұрақсыз  да  әлсіз  Англияны  билеу  үшін  ханшайымға  ақыл  мен  сабырға  келу  керек  болады. 
Елизаветта түбейгелі саясатқа кірісеп кетеді де ел билеуде ең батыл шешімдерды қабылдайды. 
Тарих Елизаветта І ханшайымын ең талапты да шыншыл ханшайым етіп есте сақтап қалды [3].  
«Патша  сөйлейді!»  (The  King`s  Speech)  фильміндебилеу  керек  болатын  елі  үшін  өз  өзін 
құрбанға  алып  келген  герцог  жайында  баяндайды.  Әңгіме  Ұлыбритания  патшасы  Герцог  VІ 
қазіргі  Ұлыбритания  патшайымының  әкесі  жайында  болмақ.  Сөйлей  алмау  мәселесіне 
байланысты  патша  әрдайым  өз  ағасы-ның  көлеңкесінде  қалып  жүреді.  Ағасы  ел  билеуден  бас 
тартқан  соң  Герцог  амал  жоқ  таққа  өзі  келеді.  Ол  тіл  үйретуші  маманының  көмегімен  сөйлеу 
мәдениетін игеріп шығады [2].  
«Фрост  Никсонға  қарсы»  атты  драмасы(Frost\Nixon)шынайы  болған  фактілер  негізінде 
түсірілген.  1974  жыл,  АҚШ-ның  37  президенті  Ричард  Никсон  Уотергейтте  болған  ұрысқа 
байланысты өз қызметінен кетеді. Белгілі тележурналист Дэвид Фрост он екі сериядан тұратын 
сұхбат  жүргізеді.  Екі  жақта  осы  шоу  негізінде  пайда  көруді  көздейді.  Фрост  қаржылай  болса, 
Никсон саяси.  
National  Geographic  арнасы  әлемдегі  ең  әдемі  ғибадатхана  –  Софиясоборына  арналған 
«Көненің  көзі:  Стамбулдағы  Айя-София»  (Ancient  Megastructures  Istanbul`s  Hagia  Sophia)  атты 
деректі  фильмын  көрсетті.  Осы  бір  сәулет  өнерінің  туындысы  324-337  жылдар  арасында 
Византия  императоры  Константин  І  тусында  салынған  және  мыңдаған  жылдар  бойы 
христиндардың  ордасы  болып  келді,  ал  кейіннен  мешіт,  одан  кейінрек  Стамбулдың  символы 
мен музейге айналды. Компьютерлік графика көмегімен осы «Көненің көзі: Стамбулдағы Айя-
София»  дерек  фильмінің  авторы  осы  сәулет  туындысының  салуда  кездескен  қиыншылықтары 

мен қызық оқиғалары жайында баяндайды [3].  
1961 жыл 12 сәуір- ол адамзат тарихындағы жер жүзін меңгерудегі ең маңызды оқиға болған 
күн ретінде белгіленген. Бұл күні алғаш рет адам баласы – Юрий Гагарин – 108 минут ішінде 
бүкіл  жер  шарын  ұшып  өтіп,  оны  алдын  ешқандай  адам  баласы  көрмеген  көзбен  көріп  келді. 
Ұшы күнінен елу жылдық мерейтойын атап өту үшін «Алғашқы орбита» (First Orbit) фильмінің 
жасаушылары  көрер-мендерді  орбита  станциясы  секілді  борт  құрамына  шақырды.  Ол  жерде 
итальян  астронавты  және  суретке  түсірудің  үлкен  жанкүйері  Паоло  Несполи  Жердің  айналып 
жүрген  неше  түрлі  картиналарын  көрініске  ұсынды.  Өз  камерасын  Несполи  МКС  модуліне 
«Купол»  деп  атап,  жайғастырды.  Ол  жерде  7  иллюми-натор  орналасқан  және  солардың  біреуі 
тура  Жерге  қарап  тұр.  Фильм  Юрий  Гагарин  12  сәуір  күні  космосқа  ұшқан  ретті  ұстанған. 
«Алғашқы  орбита»  фильмінде  алдын  халыққа  беймәлім  болған  Жер  бетінде  ұшуды  қадағалау 
орталығында  болған  Гагарин  мен  Сергей  Королевтің  әңгімелері,  сондай  ақ  ИТАР-ТАСС  және 
BBC жаңалықтарын үзіліс көрсетілген [2].  
Фильмдерді  таңдау  шарттарының  маңызды  талабы  ол  студенттердің  тарихи  оқиғаларға 
қызығушы-лығы,  соның  ішінде  Англия,  АҚШ  және  бұрынғы  Кеңес  Үкіметі  жайлы  көп 
ақпаратты білгілері келген фактор рөл ойнады.  
Фильм таңдау процессінде бейнефильмдердің келесі сапада болуы назарға алынды:  

 
Сурет және дауыс анық және сапалы болуы керек;  

 
Сөйлеп тұрушының үлкен экранда көрсетілуі жағдайға байланысты арттағы фонға сай болуы;  
Сөйлеуші кейіпкерлерге қойылған талаптар:  

 
Сөйлеушінің сөзі анық және тез болмауы керек, тындауға анық, басқа да гүрілдер болмауы тиіс;  

 
Сөйлеушінің акценті, диалекті немесе сөйлеу тоны студенттерге түсінікті болуы керек;  
Тілге деген талаптар:  

 
Тіл қазіргі заманға сай болуы керек;  

 
Мәтінде жаңа сөздер, таныс емес және көрмеген ымдар болмауы керек;  

 
Жаргонды сөздер қысқа және түсінуге оңай болуы керек;  
Оқу материалы презентациясының ерекшелігі: 

 
Жаңа  материалдың  образды  түрде  кірісуі  оның  жақсы  есте  сақталуына  көмектеседі,  өйткені 
қабылдап алудың бірнеше каналдары бар;  

 
Материалдың сезімталды және динамикалық түрде берілуі студенттердің қызығушылығын сақтап 
қалуға көмектеседі;  

 
Бейне  материалдардың  көпсалалығы  оларды  көру  барысында  әр  түрлі  режимдерді  қолдануға 
мүмкіндік береді (стоп-кадр, аудиорқатар, бейнеқатар және т.б.) 

 
Басқа да оқыту құралдарымен жақсы сәйкес келеді;  
Бейне материалдармен жұмыс істеу технологиясы:  
Дауыссыз сурет: 

 
Болып жатқан жағдайға байланысты өз ойын айту: might, could; 

 
Кейіпкерлердің қарым қатынасын айқындауға болады (достар, қастар, әріптестер);  

 
Сезімдерін, ниеттерін білуге болады;  
Суреттсіз дауысты қатар:  

 
Ситуацияны сөз, музыка, шу және тыныштық арқылы айқындау;  

 
Әңгімелесушіні, мекен жайды, іс әрекеттің қайда болып жатқанынбаяндау;  
Стоп кадр:  

 
Ым жымды түсіну;  

 
Сырт бейне менқимыл іс әрекетті баяндау, әңгіме айту жағдайын тудыру;  
Бейне + дауыс (қысқаша көрініс) 

 
Сұрақтар (түсіну түсінбеуге байланысты); 

 
Коммент айту;  

 
Кейіпкерлерге мінездеме беру;  

 
Не болды және не болады;  

 
Эпизодты қайта ойнау (ролды ойын) 

 
Сюжетке қойылымдар (реплика, кейіпкерлер);  

 
Әңгімені үзіліссіз құрау;  

 
Бөлек көріністерді аудару;  

Студент өзі алған әсерді айтып беруі 
Қиыстырып қарау (Jigsaw viewing): 

 
Бір көріністі дауыссыз, бір көріністі бейнесіз қарау;  

 
Басын және аяғын қарап, ортасын анықтау;  

 
Топтың жартысы артқа қарап қарайды да, студенттердің біреуі өз ойын айтады;  

 
Бір эпизодтан біреулеп қарап, бүкіл фильм сюжетін қалыптастырады;  
Фильммен жұмыс:  
Фильмды қарауға дейін: 

 
Тақырыпқа кіріспе;  

 
Лингвистикалық, ауызекі және әлеуметті мәдени қиыншылықтарды оқшаулау;  

 
Алдын ала болжам жасау (мағыналық және лингвистикалық);  
Фильммен жұмыс жасауға дайындық:  

 
Жанр мен тақырыпқа байланысты сай келетін фильмдер тізімін жасау;  

 
Көрініске байланысты қысқаша скрипт жазу;  

 
Эпизодттарды уақыты бойынша жазу;  

 
Эпизодтар бойынша лекиска мен ситуациялық қарым қатынасты жазып шығу;  

 
Кейіпкерлер тізімін жазу және оларға қысқаша мінездеме беру;  

 
Сұрақтар құрастыру: мәселені анықтаушы және түсінікті қадағалаушы;  

 
Керекті бейне технологиясын таңдау;  

 
Фильмды көру және көріп болған соң қолданылатын тапсырмаларды жазу;  

 
Сөйкес оқу құралдарын таңдау;  
Фильм көру барысында:  

 
Түсінушілікті қадағалау;  

 
Вербалды және вербалсыз қарым қатынас түрлеріне көңіл аудару;  
Фильмді көріп болған соң: 

 
Түсінушілікті қадағалау;  

 
Ауыз екі сөйлеу қызметінің барлықтүрлерін дамыту;  

 
Шығармашылық жұмыс [1, 146];  
 
1  Грызулина  А.П.  Хрестоматия  по  методике  преподавания  английского  языка.  –  Москва: 
Просвеще-ние, 1983. 
2 www.study.ru/support/note154.html 
3 www.filminenglish.ru 
Reference: 
1 Gryzulina A.P. Reader in Methods of Teaching English.– Moscow, 1983. 
2 www.study.ru/support/note154.html 
3 www.filminenglish.ru 
 
Аннотация 
Авторы  данной  статьи  рассматривают  видеоматериалы,  как  один  из  основных  важных 
трендов в изучении иностранного языка. Использование технических средств обучения во время 
занятий  и  вне.  Организация  клубных  кружков  для  любителей  просмотров  видеофильмов  на 
языке обучения.  Планирование фильмов,  соответствующих  учебной программе, поучительные 
фильмы  и  общеобразовательные.  Использование  фильмовполос,  которые  могут  быть  очень 
полезны  во  время  занятий.  Они  могут  использоваться  также  для  неформальной  беседыс 
помощью  учителя  во внеаудиторное время. Могут  быть соединеныслентой-записью.  Звуковой 
сигнал  при  записи  позволяет  учителю  знать,  когда  перейти  к  новому  кадру.  Звуковой  сигнал 
можетактивироватьполосыпроектора  или  слайд-фильма,  или  изменить  картину  автоматически. 
Кинопленка, по существу это серияфоторамокна рулонпленки. Из опыта своей работы большое 
внимание  авторы  уделяют  методической  работе  с  фильмом:  до  его  просмотра,  во  время  его 
просмотра и после его завершения. 
Ключевые  слова:  видеоматериалы,  технические  средства,  планирование  фильмов, 
методическая работа с фильмом
Annotation 

The authorsof this articleconsider thevideoas oneof the mainimportant trendsin the study ofa foreign language.The useof 
technical  meansin  the  classroomand  beyond.The  organizationof  clubcirclesfor  fanswatching  a  movie  onthe  language  of 
instruction. Planningmoviesrelevant to curriculum, instructiveand educationalfilms. Film strips can be very useful. They can 
be used alone for informal conversation with the aid of the teacher. They can be coupled with a tape-recording. A beep on the 
recording  lets  the  teacher  know  when  to  change  to  the  new  frame.  The  beep  may  activate  the  slide  projector  or  film  strip 
projector and change the picture automatically. The film strip is essentially a series of picture frames on the roll of film.From 
their  experiencegreatattention  is  paid  tomethodological  workwith  the  film:  toview  it,  while  reviewing  itandafter  its 
completion. 
Keywords:video materials, technical means, planningmovies, methodological workwith the film

 
УДК 821.512.122:78.071.1 
 
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУДІҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Керимшеева Индира Куралбековна – магистрант, ағылшын тілі оқытушысы  
Акбердиева Динара Аскаровна – магистрант, ағылшын тілі оқытушысы 
«Мирас» университеті 
 
Абстракт: Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге 
бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білімберу парадигмасы 
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам 
талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін 
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. 
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін 
қалыптастырып,  адамның  қабілетін,  талантын  дамыту  білім  беру  мекемелерінің  басты  міндеті  болып  отыр.  Ол 
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық 
жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық  технологияны  меңгеруге  үлкен 
бетбұрыс  жасалуы  қажет.  Өйткені  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 
педагогикалық технологияны ендірудіміндеттейді. 
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі 
жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  меңгеру.  Қазіргі  таңда  оқытушылар 
инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты 
өтуіне ықпалын тигізуде. 
Тірек сөздер:оқыту процесі, инновация, ақпараттық технологиялар, инновациялық технологиялар 
 
Қазіргізаманныңақпараттықтехнологиясынбілім  алушы,  болашақ  маманның  оқып-біліп, 
зерделеуі,  оларға  игерту  -  бүгінгібастыміндетболыптұр.  Жаңа  адамды  тәрбиелеу  мен  оқытуда 
жоғары мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына 
сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз 
етуі  керек.  Жоғарғы  мектептің  алдына  қойған  ең  бірінші  мақсаты  -  қоғамға  қажетті  жоғары 
білімді мамандарды даярлау. 
Мамандардың пікірінше ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл 
ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады. ХХ 
ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында  ғылыми  техникалық  прогрестің  және  ақпарат 
көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің 
барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана кәсіпкер мұқтаждығын қанағаттандыратындығын 
көрсетті. Болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді 
игеруге даярлау қажеттігі туындайды. 
Жоғары  мектептің  маңызды  міндеттерінің  бірі  -  мамандарды  даярлаудағы  фундаментальды 
орны  мен  ролін  жоғарылатудан  келіп  шығатын  білім  беруді  ізгілендіру.  Осындай  даярлықпен 
шыққан  жоғары  мектеп  түлегі  ақпараттар  ағымын  жылдам  игеріп,  өз  іс-әрекетін  дұрыс  жолға 
қояды, яғни дұрыс пайда-лана алады. 
 
Ақпарат  ұғымы(ағылшын  тілінен“іnformation”  –  түсіндіру,  мазмұндау)  -  бұл  мәлімет 

халықтың  ауыз-ша,  жазбашанемесе  басқа  да  әдістермен  (шартты  белгілер  көмегімен, 
техникалық құралдар және т.б.); ”қоршаған орта әлемі туралы түсінік беру, ондағы үрдістің өтуі, 
адамның оны қабылдауы немесе арнайы құруы”. 
Қазақстанда  ең  алғаш  “инновация”  ұғымын  қазақ  тілінде  анықтаған  ғалым,  профессор 
Н.Нұрахметов.  Ол  “Инновация,  инновациялық  үдеріс  деп  отырғанымыз  білім  беру 
мекемелерінің  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  таратуға  байланысты  бір  бөлек 
қызмет” деп көрсетеді.  
Ал, К.Құдайбергенова “инновацияны” – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже 
деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация”  - жаңарту, “нововедение” – енген 
жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество” – жаңалық, “инновационный процесс” – жаңарту үдерісі. 
Оқытушы  еңбегi  басқа  қызметтермен  салыстырғанда,  өзiндiк  ерекшелiгi  мол 
шығармашылықты  сүйедi,  өйткенi,  жастарды  өмiрге,  еңбек  пен  әлеуметтiк  iс  –әрекетке 
дайындау  -  ұстаздарды  көп  iздендiрiп,  ойландыратын  жұмыстың  ең  басты  түрi.  Олай  болса, 
жоғары  дәрежелi  педагогтық  бiлiм  алумен  қанағат-танып  қоймай,  ол  тәрбие  мен  оқытудың 
тиiмдi жолдарын үнемi iздестiрiп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиiс. Атап айтқанда: 
-
 
инновация туралы білімі; 
-
 
инновацияны жан-жақты меңгеру; 
-
 
инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; 
-
 
инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; 
-
 
инновацияны практикада дұрыс қолдану. 
Әрбір  білім  беру  ордаларында  бүгінгі  таңда  белең  алып  отырған  кемшіліктері  баршылық, 
атап айтатын болсақ: 
-
 
білім сапасының төмендігі; 
-
 
білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; 
-
 
құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; 
-
 
білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; 
-
 
білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы. 
Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы  оқу-тәрбие  процесінде  инновациялық  әдіс-
тәсілдерін  енгізу,  әрбір  білім  алушылардың  білімге  деген  қызығушылықтарын,  талпынысын 
арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. 
Оқу-тәрбие  процесінде  инновациялық  педагогикалық  жаңалықтарды  енгізудің  IV  кезеңін 
бөліп көрсетуге болады: 
І кезең; Жаңа идеяны іздеу 
Ақпараттандыру және инновациялрды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру. 
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру 
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу. 
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу 
Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану. 
ІVкезең: Жаңалықтарды бекіту 
Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін баағалау. 
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізуді төмендегідей жолмен көрсетуге болады: 
№ 1 кесте 
 
Білім беру 
 
 
 
 
А 
 
Ақпараттандыру 
 
 
 
Ә 
 
Насихаттау 
 
 
 
Б 
 
Игеру 
 
Жұмыстыжетілдіру, 
жаңалықтаріздестіру 
 
 
Ақпарат 
жаңалықтарын 
меңгеру 
 
Оқыту, игеру 
 
Пайдалану 
 
Инновацияларды  таралу  үрдісініңбір  түрімен  (А,Ә,Б)  екінші  түрінде  өту  ерекше 
функцияларды орындайды
А – инновациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол ашылады; 

Ә – олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі; 
Б – жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру ұйымдарының жұмыстарына 
енгізіледі. 
Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық 
қызметі.  Инновация  білім  деңгейінің  көтерілуіне  жағдай  туғызады.  Инновацияның,  жаңа 
енгізулердің екі жағы бар: пәндік және процессуалдық. 
Инновациялық үрдістерді ендіру үш өзара байланысты күшпен анықталады: 
1)
 
Енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;  
2)
 
Жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; 
3)
 
Жаңалықты  енгізу  жолдарымен.  Сондықтан  бұл  уақыт  ағымына  байланысты  дамиды, 
бірқалыпты  өзгеріске  ұшырайды,  жағдайына  байланысты  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушілердің 
өзара байланысы болып саналады. 
Жеке  тұлғаның  болжамды  бiлiмiн  арттыру  жағдайына  ұстазға  оқу  үрдiсi  кезiнде  жаңа  қызметтер 
жүктеледi. Егер де бiлiм берудiң дәстүрлi жүйесiнде ұстаз бен оқу құралдары бiлiмнiң қайнар көзi болып 
есептелiнсе,  ал  бiлiм  берудiң  жаңа  үлгiсiнде  ұстаз  белсендi  танымдық  әрекетке  талпынған  студенттiң 
кеңесшiсi мен көмекшiсi қызметтерiн атқарғандай әсерде қалдырады. өстаздың кәсiби шеберлiгi студент-
тiң  бiлiмiн  бақылауға  ғана  емес,  бiлiмдi  игеру  кезiндегi  туындайтын  мәселердiң  оң  шешiлуiне  ықпал 
жасап, қол созу. Бұл қадам ұстаздан үлкен жауапкершiлiк пен жоғарғы деңгейдегi шеберлiктi талап етедi. 
Көптеген елдердiң бiлiм беру жүйесiнде қазiргi заманға сай тенденцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк 
туғызады.  Бұл  –  бiлiм  саласындағы  дүниежүзiлiк  елдердiң  жаңа  ақпараттық  технологияларға  соның 
iшiнде  осы  дүниежүзi  әлемiне  есiгiн  ашатын  компьютерлi  телекоммуникацияларға  қызығушылық 
танытылуда. Қазiргi кезде мұндай мүмкiншiлiктер қашықтық аралық бiлiм беру, студент пен ұстаздардың 
қатынасы  тек  бiр  институт  облыс  көлемiнде  шектелмей  одан  да  басқа  мемлекеттер  мен  әлемнiң 
аймақтарымен қатынасы көптеп етек алуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегiмен тек күндiзгi 
емес, үйден шықпай – ақ қашықтықта бiлiм алуға болады.  
Қазіргі жас ұрпақтың  саналы  да сапалы білім  алуының  бірден-бір шарты  – оқу  орындарын 
дағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.  
Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды 
дер  кезінде  қабылдап,  өңдеп,  нәтижелі  пайдалана  білу  –  әрбір  ұстаздың  негізгі  міндеті  болып 
табылады.  
 
1.
 
ҚР Білім туралы заңы.- 07.06.1999ж. 
2.
 
ҚРЖМББС6М010300 - Педагогика және психология .–Астана.2009. 
3.
 
Н.  Назарбаев.  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері». 
Қазақстан халқына арналған Жолдауы.- 29.01. 2010 ж.- Астана 
4.
 
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. 2010. 
5.
 
Кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  ережесін  бекіту  туралы. Қ  Р 
Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығы.- Астана 
6.
 
ҚР-ның жоғары білім жүйесін ақпараттандыру. Мемлекеттік бағдарлама. Астана, 2002ж. 
7.
 
ҚР-ның 2015 ж дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана. 2003ж. 
8.
 
Педагогика:  педагогические  теории,  системы,  технологии:  Учеб.  для  студ.  высш.  и  сред.  пед.  учеб. 
заведений Под ред. С.А.Смирнова. - 4-е изд., испр. - М.: Издательский центр «Академия», 2000. - 512 с. 
9.
 
Педагогикапрофессионального  образования:  Учеб.  пособие  для  студ.  высш.  пед.  учеб.  заведений  /  Е.  П. 
Белозерцев, А. Д. Гонеев, А. Г. Пашков и др.; Под. ред. В. А. Сластенина. – М.: Издательский центр «Академия», 
2004. – 368 с. 
10.
 
Көшербаев  Қ.Е.,  Ахметов  Ә.Қ.,  Әбiлқасымова  А.Е.,  Рахымбек  Х.М.  Қазақстан  Республикасында  жоғары 
бiлiмдi дамыту стратегиясы.-Алматы: “Бiлiм” баспасы, 1998 
11.
 
Абылкасымова А.Е., Рахимбек Х.М. О стратегии развития высшего образования в РК. //Вестник высшей 
школы Казахстана.-1998.-N5.-с. 18-27. 
12.
 
Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. — Ростов н/Д:Феникс, 2002. Ответственный 
редактор M. В. Буланова-ТопорковаАвторский коллектив- 544 с. 
13.
 
Әлiпбаева Л. Бiлiм жүйесiн ақпараттандыру./ЕҚ/ 1998 ж-04.09 
14.
 
Абылкасымова  А.Е.,  Рахимбек  Х.М.  Пути  развития  образования  в  РК.  //В  кн.  Высшее  образование 
Казахстана в третьем тысячелетии.-Алматы: РНК КАО, 1998.-с. 7-23.А 
15.
 
Абылкасымова  А.Е.  Развитие  педагогической  науки  в  области  методики  обучения.  В  кн.:  Теор.-
методологические основы модернизации системы образования в РК.-Алматы: Ғылым, 1998.-20с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет