«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет11/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

 
1.
 
 Маслоу А. Мотивация и личность. Пер. с англ. А.М. Татлыбаевой. – СПб.: Евразия, 2003. – 478с. 
2.
 
 МакКлелланд Д. Мотивация человека. - СПб.: Питер, 2007. - 672 с. 
3.
 
 Мюррей Г. Исследование личности. - М.: Логос,2001.- 234 с. 
4.
 
 Магомед-Эминов М.Ш. Мотивация достижения: структура и механизмы: автореф. дис. канд.псих.наук. - М.: 
Изд-во МГУ, 1987. – 34 с. 
5.
 
 Гордеева Т.О. Психология мотивации достижения. – М.: Академия, 2006. – 336 с. 
6.
 
 Тесленко А.Н. Педагогика и психология социализации личности. Учебное пособие. – Астана: ЕАГИ, 2011. - 375 с. 
7.
 
 Тесленко А.Н. Педагогика. Учебное пособие для магистрантов. – Астана: ЕАГИ, 2010. - 475 с. 
8.
 
 Рысбаева А. К. Успешность деятельности как категория педагогики (монография). – Алматы: Мектеп, 2004. 
– 228 с. 
9.
 
 Белкин А.С. Ситуация успеха. Как ее создать: книга для учителя. - М: Просвещение, 1991. - 176 с. 
10.
 
Додонов Б. И. Эмоция как ценность. - М.: Политиздат, 1977. - 272 с. 
11.
 
Двек К. Новая психология успеха. – Луцк: Гарантия, 2011. – 325 с. 
12.
 
Бандура А. Теория социального научения. - СПб.: Евразия, 2000. - 320 с. 
13.
 
Занюк С. Психология мотивации. - К.: Ника-Центр, 2002. - 352 с. 
14.
 
Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. – М.: Педагогика, 2005. – 243 с. 
15.
 
Берлайн Д. Теория эпистемического любопытства // adalin.mospsy.ru/dictionary/dictionary.php?term=2089000 
 
 
 
Түйіндеме 
Мақалада  уәждеме  облысында  оқу  қызметiндегi  жетістіктерінің  зерттеулері  қарастырылады.Білім  сапасын 
арттыру тек қанақажетті білімді игеру емес, сонымен қатар біліктілік пен дағдыларды, жеке тұлғаны қарастырады. 
Осыған  орай  оқытудың  психологиялық  және  педагогикалық  аспектілерініңжетістіктерін  зерттеу  қажеттігі 
туындайды, оған жетістіктердің уәждемесінің ерекшеліктерін зерделеуді жатқызуға болады. 
Тірек  сөздер:уәждеме,  жетістік  уәждемесі,  сәтсіздіктен  құтылу  уәждемесі,  мұқтаждық,  табыстылық  ахуалы, 
жетістік ахуалы, өзіндік жүзеге асырушылық, өзін-өзі өзектендіру, өзіндік нәтижелілік. 
 
Summare 
This article is devoted to the study of achievement motivation in learning activities. Improving the quality of education 
involves  learning  orientation  not  only  on  the  acquisition  of  the  necessary  knowledge  and  skills,  but  also  on  personality 
development. In this connection, there comes a necessity to study the pedagogical and psychological aspects of the success of 
training, to which the study of peculiarities of achievement motivation can be attributed. 
Keywords:  motivation,  achievement  motivation,  a  situation  of  being  successful,  a  situation  of  success,  a  situation 
achievement, self-realization, self-actualization, self-efficiency. 
 
УДК 811.111 
 
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ 
КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Н.С. Нусипалиев – Шет тілі және іскерлік карьера уиверситетінің магистранты,  
ҚазБСҚА ассистент профессоры,  
 
Абстракт: Тіл мен мәдениет ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдағы ұжымдық құралжәне әлеуметтік тәжірибе 
нәтижесі.  Мәдени  білім  адамдарға  өздерінің  мәдениетінен  ерекше  басқалардын  мәдениетін  ұғынуға  көмектесті, 
өйткені  ол  саналы  мәдениетті  жасаушы  әрі  таратушы  ойшыл  тұлға,  ол  қоғамның  бір  мүшесі  және  тілді  басқа 
мүшелерімен  коммуникативті  қарым-қатынас  үшін  қолданады.  Осыған  орай,шетел  тілі  сабағында  студенттердің 
құзіреттіліктерін  қалыптастыру  және  дамыту  мәселелері  сабақтың  негізгі  мақсаты  болады.  «Құзірет»  және 
«құзіреттілік»  терминдер  мағынасын  және  білімнің  құзіреттіліктерінің  дамуына  бағытталған  негізгі  мақсаттарды 
анықтау  қажет.  Қазіргі  кездешетел  тілін  оқыту  барысында  коммуникативтік,  тілдік,  лингво-мәдени,  әлеуметтік-
мәдени,  стратегиялық  және  дискурстік  құзіреттіліктерді  дамыту  мен  жетілдіру  қазіргі  кезендегі  көкейтесті  мәселе 
болып табылады және ерекше назар аударылады. Мақалада жоғарғы оқу орындарындағы тілдік емес мамандықтары 
бойынша  ағылшын  тілін  ақпараттық  коммуникативтік  технологиялар  жүйесімен  оқытудың  ерекшелігі  сонымен 

қатар  білім  беру  жүйесінің алдындағы  жаңа  міндеттердің  бірі  инновациялық  педагогикалық-оқыту  технология-
ларын  пайдаланып  білім  сапасын  арттыру.  Ағылшын  тілін  ақпараттық  технологиялар  жүйесімен  оқытудың  ерек-
шелігі:  оқу  материалдарының  ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  арқылы  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін 
мұғалімнің  көмегімен  немесе  компьютер  арқылы  меңгерілуі.  Жеке  тұлғалардың  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін 
деңгейлеп,  саралап  оқыту,  жобалап  оқыту,  коммуникативті  оқыту,  ақпаратты-коммуникациялы  оқытудың  негізгі-
қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, 
оқушылардың,  танымдық,  шығармашылық  қабілетін  дамыту  болып  табылады.  Оқытудың  мақсаты  оқу  бағдарла-
масымен айқындалатындығы айтылады. 
Кілт  сөздер:оқу  дағдыларын  қалыптастыру,  заманауи  білім  беру  жүйесі,  инновациялық  педагогикалық-оқыту 
технологиялары, тілді жақсы меңгеру. 
 
Жоғарғы оқу орындарында тілдік емес мамандықтар бойынша ағылшын тілін ақпараттық коммуника-
тивтік  технологиясы  негізінде  студенттерді  сөйлеу  дағдысын  дамыту  үшін  маңызды  болып  табылатын 
әдістемелік қағидалар жиынтығы топтастырылады. Олардың дәйектілігі педагогикалық тәжірибе экспе-
римент  өткізу  барысында  дәлелденеді.  Ағылшын тілі жүйесініңішкі құрылымынан қажетті  тілдік  мини-
мумды  анықтап,  оны  ағылшын  тілінде  сөйлесу,  пікірлесу,  жазу,  сұхбаттасу  т.б.  қызметтерінде  жүзеге 
асыра  білуге  керекті  дағды,  біліктерді  ақпараттық  коммуникативтік  технологиялар  жүйесімен  оқыту 
арқылы қалыптастыру жолы мен ерекшеліктері айқындалды. 
Ағылшын тілін ақпараттықкоммуникативтік технология жүйесіменоқыту жеке тұлғаның дамуынаәсер 
етуші фактор  ретінде танылып,  әдістемелік-теориялық  негіздерге  сүйене  отырып  анықталды.  Соның 
ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды. 
Студенттің бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалаудан басталады, әрі қарай шетел 
тілін оқып үйрену жалғастырылады. Тілді пайдалану үшін тілді тыңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білуі керек. 
Бірінші кезең – тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай басталса, солай жалғасады. 
Бұл кездегі бағдарламада оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, 
ауызша  мен  жазбашаның  негізін  қалау.  Бағдарламада  бөлімнің  екі  түрін  рецептивті  және  өнімділікті 
айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады. 
- студенттер таныс емес сөздерді оқып білу. 
- cөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу. 
- шетел тілін өз ана тіліне ауызша аудара білу. 
- жазбаша аудара білу. 
Жазбаша оқытуда мынадайталаптар қойылды: 
- мәтінді көшіріп жаза білу. 
- қысқа сөйлеуді жаза білу. 
Ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға(монолог)және ағылшын тілінде 
әңгіме  жүргізе  білуге  (диалог)  мән  берілді.  Оқуға  қойылатын  талап  та  өзгерді.  Ағылшын  тілінде 
әңгімелесе білу;сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу.Жазуға көмекші рөлі берілді. Лекси-
каның  көлемі  азайды.  Бағдарламада  тілдітәжірибелік білу  жағына  басты назараударылды.Тіл  -  сыртқы 
дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда студенттерағылшын тіліндегі атаулармен, 
құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын 
тілін игерудіңтәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, студент ағылшын тілін ауызша және жазбаша 
түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. 
Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді 
оқи білу жатады.  
Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызшатүрге: тыңдау, түсіну және 
сөйлеу  әрекеті  жатады.  Жазбаша  түрге:  оқу  және  жазу  әрекеті  жатады.Тыңдау,  сөйлеу,  жазу  және  оқу 
дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. 
Студент тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. [3,27 б.] 
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсаты-
мен аттауымыз үлкен үміттің бастынышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өне-
гелі  тәрбие  мен  білім  беру  бүгінгі  күннің  талабы.Сондай-ақ  халықаралық  қатынастар  аясында  болып 
жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамдаағылшын тілінің рөлі 
өзгерді.  Ол  қарапайым  оқу  пәнінен  заманауи  білім  беру  жүйесінің  негізгі  элементіне  айналды.  Осыған 
орай  қазіргі  заманға  сай  ағылшын  тілін  тиімді  үйретуге  мүмкіндік  беретін  көптеген  әдістер  пайда 
болды.Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана 
білуі  тиіс.  Сонымен,еліміздің  жоғарғы  оқу  орындарының  оқу  үрдісі  түбегейлі  өзгеріп  оқытудың  жаңа 
түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім 
мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. 

Білім беру жүйесініңалдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту техноло-
гияларынпайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқы-
тудың  ерекшелігі:  оқу  материалдарының  ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  арқылы  сту-
денттердің оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы  меңгерілуі. [4, 76 б.] Жеке 
тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту,жобалап оқыту,коммуникативті 
оқыту,ақпаратты-коммуникациялы  оқытудың  негізгі-қағидалары  балаға  өз  бетімен  ықпал  ету,  өзіндік 
пікірлерін  анық  жүйелі  жеткізе  алатын  жеке  тұлға  қалыптастыру,оқушылардың,  танымдық,  шығарма-
шылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. 
Оқытудың  негізгі  үш  түрі  бар:  1.  тәрбиелеу,  2.  ағарту,  3.  дамыту.  Оқытудың  тәрбиелік  мақсаты. 
Студенттердің  көпшілігінің  ағылшын  тілін  оқуға  деген  үлкен  қызығушылықпен  кірісуі,  олардың  ағыл-
шын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып 
үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді 
себебі,  олар  тыңдай  білуге  де,  сұрай  білуге  де  үйретілуі  керек.  Оқытудыңағартушылық  мақсаты.  Кез-
келген  тілдің  ағартушылық  қызметі  зор.  Әрбір  тіл  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың  мәдениетінің  тікелей 
көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. 
Оқытудың  дамыту  мақсаты.  Оқу-ұйымдастыру  білігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  дамытушылық 
мақсаттарының негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде 
ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті. [5, 51 б. ] 
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу 
негіздерін меңгеруі болып табылады. 
 
Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері,жаңа бағыттағы технологиялар пайда 
болып,  олар  білім  мазмұныныңжаңаруына  себепші  болуда.  Осындай  оқыту  әдістемесіндегі  заман  тала-
бына сай бағдар деп инновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады.«Инновация», 
«Технология» терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйым-
дастыру,  жаңалықенгізу,  яғниинновациялық  үрдістерді  мазмұнды  ұйымдастыруды  анықтайды.  Қазіргі 
әдістемелік әдебиеттерде  «технология» (technology) деген ұғым  «оқыту» деген ұғыммен қатар қолдана-
нылады »Технология» термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. [6, 73 б.] 
Оқыту технологиясы дегеніміз  - оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми  түрінде 
жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. 
Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай 
үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру 
керек,  қандайфакторларды  ескеру  қажет  және  ағылшын  тілін  үйретуде  қалай  ескеру  керек  деген 
сұрақтарға жауап іздейді.  Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін 
білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті. 
Ақпараттық технологияларжүйесімен оқытуда көрсетілетін  әдістердің  барлығы  өзара  байланыста, 
араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы 
жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. 
«Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап, қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап 
отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі. 
Оқу  материалын  толықтыру,  қорытындылау,  қайталау,  ал  ең  бастысы  оның  практикалық  қолдану 
дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады. 
Қазіргі кезде тілді коммуникативтікоқыту  мәселесіне ерекше назар аударуда.  Ағылшын тілін оқыту-
дың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық 
жағынанмеңгертуді көздейді. Қатынастық әдіс ХIХ ғ 60-70жылдарында ағылшын тілі халықаралық қаты-
настық  тіл  статусын  алған  кезде  Британияда  пайда  болды.Бүгінгі  тәуелсіз  мемлекетімізде  білімге 
деген көзқарас түбегейліөзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда, 
болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда.Оқыту әдістемесіндегі 
заман талабына  сай әдістердің  бірі  коммуникативтік оқыту технологиясы.  Осы  мәселе  жөнінде,  яғни 
ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған 
неміс ғалымдары Г.Нойнер, Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс 
ырғағы  сияқты)  әрекеттер  арқылы  болады.  Ол  алдын-ала  жоспарланған,  дайындалған  болуы  немесе 
жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы сөйлеу коммуникациясына 
көп көңіл бөлінеді.Оқушылардың сабақтаайтылған хабарлардың мағынасынтүсінуі, олардың түпкі мақса-
тын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы біліктілік коммуниктивтік 
біліктілік деп аталады.  
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды: 

1.  Когнитивті мағыналық мақсат,  яғни  оқушы  коммуникативтік  жағдаяттарды  әңгімелесу,  сөйлесу, 
қарым-қатынас  туындайтын  жағдайларды  таба  білуі  керек.  Ол  өзінің  іс-әрекетінің,  сөйлесуінің,  қарым- 
қатынас жасауының барысында - осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет. 
2. Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-
әрекетіне  жауап  бере  алады.  Алға  қойған  мақсатына  басқалармен  бірге  жетуге  ұмтылады,  сондай-ақ 
қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады. 
3. Лингвистикалық біліктілікмақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын, іс-әрекетін сөйлеп жеткізе 
алуға ынталы болады. 
Бұл  үш  компонент бөлек-бөлек  емес,керісінше  өзара  тығыз  байланыста  болады  деп  пайымдайды 
Г.Нойнер.  
Осы  аталған  коммуникативтік  біліктілікке  қалай  қол  жеткізу  жолын  іздестіруші  әдіскерлердің  бірі 
Е.И.Пассовтың пікірінше шетелтілін оқытуда мына  жайттардыескергенде  коммуникативтілікке  ие  бола-
тынын  байқаймыз:  1.коммуникативтік  сипаттағы  оқыту  тәсілдерін  пайдалану;  2.арнайы  жаттығулар 
жасау; 3. бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру; 
Коммуникативтік  әдістіңжаңалығы  неде,  ол  оқыту  ісін  қалай  ұйымдастырады  оның  ерекшеліктері 
мынада:  
1.  Коммуникативтілік  оқу  процесіндегі  білік,дағдыны  жетілдіруге  бағытталады.  Ағылшын  тілінде 
үнемі  сөйлеу  оқушылардың  тілді  білмеймін  деген  ойдан  арылтып  оқуға  деген  қызығушылығын  артты-
рады. Ол үшін барлық жаттығулар сөйлеуге жетелейтін мақсатта болуы керек.  
2. Коммуникативтік бағытта оқыту оқушының жеке бас ерекшелігін ескеруді көздейді, яғни баланың 
бойындағы барлықжекеқасиеттеріескрілуі керек. Бұл оның белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең 
басты құралы болыпсаналады.  
3.  Коммуникативтілік  функционалдықпен  де  байланысты,  себебі  кез  келген  сөз  коммуникация 
процесінде  белгілі  бір  қызмет  атқарады.  Оқушы  тілді  үйрене  бастағаннан  бастап  сөздерді  іс  жүзінде 
сөйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін оларды есіне түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды. 
4. Коммуникативтілік, коммуникативті бағытта оқыту әдісі оқытудың ситуативті болуын талап етеді. 
Өйткені,  ситуативтілік  сөйлеу  дағдысының  табиғи  қасиеті  болып  есептеледі.  Ситуативтілік  сөйлеуге 
ынталандырудыңбір  түрі  ретінде,сөйлеу  біліктілігін  жетілдіретін  әдіс  ретінде  әрі  белгілі  бір  мақсатқа, 
нәтижеге жету жолы екендігі бұрыннан әдіскер ғалымдардыңкөптеген еңбектерінде қаралып келеді.  
Коммуникативтік  оқытутехнологиясы  дегеніміз пікір алысуғанегізделген әдістеме.  Ал,  адамдар  тілді 
сөйлем  түрінде  қолданғанда  ғана  бірін-бірі  түсініп,  пікірлесе  алады.  Оқушыларды  белгілі  бір  дәрежеде 
ағылшын  тілінде  сөйлеуге,  өз  ойын  басқаға  жеткізе  алатын,  біреудің  сөйлеген  сөзін,  жазғанын  түсіне 
алатын  дәрежеге  жеткізу  үшін,  ағылшын  тілі  алғашқы  сабақтан  бастап  сөйлем  түрінде  үйретілуі  тиіс. 
Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем 
құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады.  
Коммуникативтік әдіс мұғаліммен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзады. Коммуни-
кативтік  біліктілікке  қалай  қол  жеткізу  жолын  іздестіруші  әдіскерлердің  бірі  Е.И.Пассов  оқытудың 
коммуникативтік әдісінің негізгі белгілері деп мыналарды атап көрсетті: 
1.Әдістің дифференциалдығыәр әдіс  нақты  бір  мақсатқа  жету  құралы  екендігінде  көрінеді.  Бұндай 
мақсат сөйлеу әрекетінің әрбір түрі, нақтылап айтқан осы әрекет түрін жасай білу. 
2.Әдістің оқыту жағдайынабайланысты еместігі.  Әдіс  оқытудың  тактикасы  емес  стратегиясын 
анықтайды және сол себептен осы таңдауды тілге,оқыту сатысына байланысты. 
3. Коммуникативтік әдістің мүмкіншілігі сөйлеу әрекетінің берілген түрін жан-жақты қамтиды. 
4. Әдісте негізгі өзек бар болғандығы немесе М.В.Ляковскийдің сөздерін-пайдалансақ басты әдістеме-
лік мәселенің шешуінің басымды ойы о бастағы әдістемелік мәселені шешу қызметінің бір-біріне байла-
нысты  болуын  шарт  етеді.  Бұл  негізгі  ой  әдіске  кіретін  кіретін  принциптерді  қарастырады,  оларды 
интегралдайды.  Осының  негізінде  Е.И.Пассов  бұл  өзара  жағдай  жасаған  жеке  әдістемелік  принциптер 
жүйесі, бір стратегиялық оймен біріккен, сөйлеу әрекетінің қандай түрін болса да үйретуге бағытталған 
әдіс  деп  анықтайды.  Коммуникативтіліктіңқандай  жағдайда  нәтижелі  болатынына  мұғалімнің  тигізер 
ықпалы  зор және  оқыту барысындағы  білім  сапасына  да  мұғалімнің  үнемі  көңіл  бөліп  отыруы  аса 
маңызды. 
Сондықтан,  ағылшын  тілдерін  оқытуда  коммуникативтік  оқыту  әдістемесін  қолдану  –оқушылардың 
сөздерді  грамматикалық  тұрғыдан  бір-бірімен  дұрыс  байланыстырып,  еркін  сөйлей  білуіне  мүмкіндік 
береді, бұл әдістемені жиі қолдану өз нәтижесін береді. 
 
1. Булекбасова Б. «Инновациялық технология», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010 ж, №5, 
80 б. 

2. Ұлт тағылымы №4, 2007. 50 б. 
3. Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иностранной речью -Москва, 1988. С.200. 
4. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. М.: издательство Русский 
язык, 1977, С.300. 
5. Мектептегішеттілі. №4, 2011. 28 б. 
6. Нестерова Н.Б.Оптимизация обучения монологической речи в 4-5классах средней школы. 
ИЯШ №5, 1982. С.30. 
 
Абстракт:Язык  и  культура  являются  средствами  коллективного  сосуществования  и  социальной  практикой 
сохраненной  в  памяти  общества,  которая  создавалась  людьми  на  протяжении  веков.  Знание  культуры  помогало 
людям  понимать  поведение  других,  что  отличала  их  от  родной  культуры  поведения.  Так  как  личность  является 
мыслителем, создателем и культуры и передает свою культуру, то он является частью этого общества и использует 
язык в целях коммуникации с другими членами общества, где он может быть понят, так как он принадлежит к этому 
обществу.В этой связи вопросы формирования и развития компетенций у студентов на занятиях иностранного языка 
является  одной  из  важнейших  задач  для  достижения  на  уроке.  Важно  знать  определения  значений  терминов 
«компетенция»  и  «компетентность»,  выявить  основные  цели  образования  направленные  на  развитие  и  усвоение 
студентами  данных  компетенций.  Особое  внимание  привлекают  такие  виды  компетенций  как  коммуникативная, 
лингвистическая, лингво-культурологическая, социо-культурологическая, стратегическая, языковая и дискурсивная 
компетенции, развитие и совершенствование которых в учебном процессе являются актуальными на данный период. 
В  статье  рассматриваются  особенности  обучения  английского  языка  студентов  неязыковых  специальности  с 
использованием  информационно-коммуникативной  технологии,  а  также  вопросы  на  повышению  качества  образо-
вания  с  помощью  передовых  инновационных  технологий  обучения  в  неязыковых  вузах.Особенностью  обучения 
английского  языка  с  помощью  передовых  информационных  технологий  является  то,  что  презентация  учебного 
материала может осуществляться не только преподавателем, но и с помощью компьютера. Использования различ-
ных  методик  обучения  (уровневое,  коммуникативное,  информационно-коммуникативное  и  др.)  обеспечивают 
формирование  и  развитие  творческих  способностей  личности,  способной  аргументированно  высказать  и  отстоять 
свою точку зрения. Указывается на необходимость соответствия учебный цели учебным программам.  
Ключевые  слова:сформировать  навыки  обучения,  современная  система  образования,  инновационная 
педогогическая технология обучения, хорошо владеть языком 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет