Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Философия
Психология
Әлеуметтану
Медицина
Антропология
Экономика
Жас ерекшелік физиологиясы
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Педагогикалық ойлардың дамып жетілуі ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдері Сократ (469-399), Платон (427-347), Аристотель (384-322), Демокрит (460-370)еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлерімен жалғасын тапты.
Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғ.) оқу-тәрбие мәселелері жайында “гуманистік” бағыт қалыптасты. “Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады”.
Педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1671).Оның “Ұлы дидактика” атты ғылыми еңбегі – педагогика теориясындағы тұнғыш шығармалардың бірі.
Педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1671). Оның “Ұлы дидактика” атты ғылыми еңбегі – педагогика теориясындағы тұнғыш шығармалардың бірі.
“Ұлы дидактика” – Я.А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. “Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершілік шеберханасы”болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.
“Ұлы дидактика” – Я.А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. “Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершілік шеберханасы” болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.