20. Дидактика пәні, негізгі ұғымдары. Оқыту процесінің мәні, функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық функциялары. Білім, іскерлік, дағды. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің өзіне тән кызметтері бар. Олар оқытудық білім беру, оқытудық тәрбиелік, оқытудық дамыту қызметтері.
Оқытудық білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, ілкерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үіиін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
• білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
• білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
• білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудық тәрбиелік қызметі - оқытудық тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғүламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшың ет сезімдері арқылыәдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетінымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.
Оқытудық дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н.Скаткиннің, И.П .Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
Сонымен оқыту процесінің 3 міндеті болды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және оқытудық барлық бөліктерінде жүзеге асады.
Білім, іскерлік, дағды. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі - оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны калыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланын, жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдай-дп оиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдасау, ойлау, іс-әркет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу — оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастың педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар:
• оқушылардын, қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық;
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2. Бағаны дұрыс қоймау.
3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
4. Үй тапсырмасын орындамау.
5. Сабаққа қатыспау.