Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Бастауыш сынып математика курсында теңсіздік, қос теңсіздіктер ұғымдарын оқыту әдістемесі



бет142/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

Бастауыш сынып математика курсында теңсіздік, қос теңсіздіктер ұғымдарын оқыту әдістемесі

Теңсіздік


a санының b санынан үлкен (кіші) екендігін көрсету үшін a>b (a

Мысалдар.



5>2, 3>0, 7<9, 100<150, -2>-3

Үлкен >, кіші < белгілерімен қатар үлкен не тең ≥ және кіші не тең ≤ деген белгілері қолданылады.



a ≥ b (a ≤ b) деген белгілеуі a санының b санынан үлкен (кіші) не оған тең болуын көрсетеді.

>, < , ≥ , ≤ белгілері теңсіздік белгілері деп аталады.



Өрнектің сол және оң жағы теңсіздік белгісімен байланысса онда бұндай өрнекті теңсіздік деп атаймыз.

Теңсіздіктердің қасиеттері:

1). a > b, c > d болса онда a+c > c+d.

Мысалы 7 > 5, 3 > 2 соңдықтан 7+3 > 5+2.

2). a ≥ b, c ≥ d болса онда a+c ≥ c+d.

3). a > b болсаонда –a < -c.

Мысалы 2>1, -2<-1.

4). a ≥ b болсаонда –a ≤ -c.

5). a > b болсын, k саныоңболсаонда · a > k · bk санытерісболсаонда k · a < k · b.

Мысалы 3 > 2, 4·3 > 4·2, -4·3 < -4·2.

6). a ≥ b болсын, k саныоңболсаонда k · a ≥ k · bk санытерісболсаонда k · a ≤ k · b.

Келесісабақтардабелгісізібартеңсіздіктердішешужолдарынқарастырамыз. Мысалы 2x+1>3 типтітеңсіздіктерін.



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

1.Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқып үйренудің міндеттері:

1) оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;

2) оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;

3) оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

4) оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;

5) оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;

6) пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру.
Жаратылыстану пәнін оқып үйренудің міндеттері:

- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;

- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру;

- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;

- табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;

- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.


3.Дүниетанудан бақылау- табиғатты өздігінен оқып үйренудегі бірден – бір негізгі әдіс.

Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану бағдарламаларында балалардың қоршаған ортаны бақылауына зор көңіл аударылады. Табиғатты тікелей бақылап оқып үйрену негізінде мектеп оқушыларында көптеген түсініктер қалыптасады. Бастаушы сыныпта дүниетанудан білім алуда бақылау бірден- бір негізгі әдіс болып табылады.


Бақылау дегеніміз- оқушылардың түсінік пен ұғымдарды ,іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында өлі және тірі табиғат объектілері мен құбылыстарын тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек. Қабылдаудың негізінде

1.Оқушылардың логикалық ойнау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді.

2. Бақылау табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына,дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.

3.Бақылау жеке адамдағы ең маңызды сапаның бірі-бақылағыштықтың қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеу , ес , талпынғыштық , білуге әуестенудің дамуына әр түрлі табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтай білуге тікелей байланысты.

4.Бақылаулар тарбиелеуге ( еңбек сүйгіштік, тәртіптілік , жауапкершілік) және оқушылардың жүйелі жұмыстар істей білуіне себепкер болады.

Сондықтан бақылауды ұйымдастырғанда мына жүйеде өткізуге болады.

1. Мұғалімнің бақылау өткізілетін объектіні таңдап ала білу;

2. Оқушылардың бақылауға дайындалуы ;

3. Қарапайым түсініктер мен ұғымдарды ( сабақ барысында ) қалыптастыру.

4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу;

5.Тапсырмалар жасап, оларды балаларға бөліп беру;

6. Бақылауға қажетті жабдықтарды дайындау;

7. Бақылау нәтижелерін жазу;

8 . Қорытындылар шығару;

9 . Себеп пен байланыстарды анықтау;

10. Бақылауды оқу жұмысында және машықтық іс- әрекетіне пайдалану.

Бақылауды ұйымдастыру талаптары бағдарламада көрсетілген.
8. Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеу.

Картографиядан сауатты болу, картографияның шартты белгілерін ұғыну деген сөз. Бағдарлама бойынша картамен, сұлбамен, глобуспен мынадай жұмыстар көрсетілген. Кубтың, столдың сұлбасын сызу, масштаб туралы ұғым, сұлбаның суреттен айырмашылығы. Шартты белгілер мен географиялық сұлбаны оқу, карта оның масштаб және шартты белгілер бойынша айырмашылығы. Көкжиек тұстарын анықтау, жергілікті жердің қашықтығын өлшеу.Бастауыш сыныпта карта тек көрнекі құрал ғана емес ең алдымен білімінің қайнар көзі болып табылады. Мұғалім картаның шартты белгілерін масштабтан тыс берілгенін көрсетеді. Қабырғадағы картамен танысқанда 1:5 мил 1см 50 км жерді алып жатырғанын анықтайды. Оқушылар картадан көкжиектің аралық тұстарын анықтауға болады. 1 сабақта көп атауды беруге болмайды. Мұғалім объектілерді көрсетуден бұрын ол туралы әңгімелер суреттегі картиналардан көрсетеді. Мұғалім картинадан көрсеткенде оқушылар өздерінің столындағы картадан табады. Кескін картамен жұмыс істеуде физикалық картамен салыстырады. Оны кескін картадан тауып атауларды баспа әріппен жазады. Бастауыш мектепке арналған карталар ашық түспен боялған атаулары көп берілмейді. Бастауыш мектепте қолданылатын карталар: физикалық жарты шарлар, Қазақстанның тарихи аймақтарының картасы.


Картадан көрсету ережелері: Мұғалімнің картадан көрсету кезінде картаны жауып қоймай көрсеткішінің ұзындығы 50 см болуы керек (жоғарыда демей - солтүстікте, төтенде демей – оңтүстікте).Атаулардың бәрін айқын, екпінді дұрыс түсіре және бұрмаламай айту жөн болады. Мұғалім жер пішінің сипаттай келіп глобуспен жердің модулімен таныстырады, глобус жердің формасы, оның беті құрлықпен су кеңістігінің бейнесі полюстер, экватор, жер шарын жарты шарға: солтүстік және оңтүстік, батыс және шығысқа бөлу туралы түсінік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет