Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес



бет34/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

Ғылыми мақала - қандай да бір тақырыпты ашатын, зерттеу нәтижелерін жариялайтын, ғалымдармен не өз саласында мамандармен жазылған, аяқталған әрі логикалық тұтас шығарма. 

30. Тәрбие - әлеуметтік құбылыс. Тәрбиенің мақсат, міндеттері. Тәрбие процесінің мәні, заңдылықтары, принциптері.

Тәрбиенің Мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.тәрбиенің міндеттері: білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік,дүниетанымды қалыптастыру; мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау; жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру; қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру; қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу; Тәрбиенің Мазмұны           Білім  берудің  жаңа  моделіне  өту  жағдайында  және  тәрбиенің  білім  беру үдерісіндегі  рөлінің  өсуіне  байланысыты  тәрбие    мазмұнын  қайта  бағдарлау    даму заңдылығы  болып  табылады.      Қазір  білім  беру  үдерісінде  жеке  тұлғаның  руханиадамгершілік  дамуына  үлкен  мән  беріліп  отыруына  орай,  адамгершілікке  тәрбиелеу мен   рухани  жағынан қалыптасуы    барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.  Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және олқоғамдық  дамудың  бағыты    мен  мазмұнына  заңды  тұрғыда  тәуелді  болады.  Тәрбие  мазмұны  адам  тұлғасының  гуманистік  құндылықтар  жүйесін  игеру  негізінде қалыптасуын,  оның  барлық  мәндік  сферасының  дамуын  қамтамасыз  етуге жұмылдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет