үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері анытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбиенің
міндеттері
білім беру ұйымдарындаденсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адамқұқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;