Алынған әліметтерді белгілі бір жүйеде орналастыру, зерттеу нысанының осы қатардағы орнын анықтау (ранжирование);
Сандық көрсеткішті анықтау (шкалалау);
Модельдеу (зерттеуді тұтастай қабылдату);
Индекстеу;
Корреляция;
Графикалық кесте.
Ғылыми
педагогикалық
әдебиеттерді, архив материалдарын, білім беру мекемелеріндегі құжаттарды ( оқу үлгерімі туралы ведомостар) және білім алушылардың іс-әрекет нәтижелерін зерттеу; Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу;
Ұғымдық-
терминологиялық жүйені анализдеу;
Ұқсастық;
Гипотеза (болжам) құру;
«Ойдағы» эксперимент
(тәжірибелік әрекет пен операцияларды ойда жүзеге асыру);
педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау;
Педагогикалық эксперимент (глобальдық, локальдық және микроэксперимент, табиғи және лабораториялық), педагогикалық эксперимент,
бақылау эксперименті,
Ғылыми-педагогикалық
экспедиция.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа бөлу қабылданған: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістер.
Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу нысанында пайдаланылатын логикалық әдістерді, бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, болжам, индукция мен дедукция, аналогия, жүйелеу мен топтастыру, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б.) бөлу;
синтез – заттың құрамдас бөліктерін бір тұтас затқа біріктіру;
абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес және зерттеуге қажетті қасиеттерін бөліп алу;
жалпылау – нысандардың жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талқылау әдісі;
дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
аналогия – нысандардың бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін танымдық әдіс;
жүйелеу ‒ зерттелетін пәнді маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллография, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).