Педагогика және білім берудегі менеджмент факультеті



бет2/8
Дата25.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#125964
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Оқытушы: п.ғ.к., доцент Токжанова А.М., Аманжол М.А- оқытушы, магистр


Пәннің қысқаша сипаттамасы: Пәннің мазмұны студенттерді қазіргі мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу теориясымен, мектеп жасына дейінгі шақтағы балалардың даму ерекшеліктерімен, мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігімен, отбасымен жұмыс әдістемесімен, мектептегі оқу-тәрбие жұмысымен сабақтастығы мәселесімен таныстыруды, мектепке дейінгі педагогиканың ғылымдағы орны, қазіргі отандық және шетелдік теориялар туралы зерттеулер енгізілген. Нәрестелік, сәбилік шақтағы, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесі, балаларды әлеуметтендіру мәселелері қарастырылған. Балабақшадағы дидактика, тұтас педагогикалық үрдіс, ойын іс-әрекеті, балалар ойыншығы, мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы туралы мәселелер қамтиды.
Оқыту мақсаты: студенттерді тәрбиеші мамандығы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі туралы біліммен қаруландырып, практикалық дағдысы, кәсіби біліктілігін, құзыреттілігін, жаңаша жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижелері: (ОН 1, ОН 5, ОН 3)

  1. мектепке дейінгі білім беру саласында денсаулық сақтау технологияларын, дүниетанудағы экожүйені және логикалық ойлау заңдылықтарының дамуын жіктей біледі.

  2. мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі шығармашылық және тілдік құзыретілікті дамытуда инновациялық технологияларды, академиялық жазу дағдыларын біледі және қолданады.

  3. мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу әрекеті қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгереді.

  4. мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу қызметін жоспарлауға, мектепке дейінгі жастағы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бейнелеу қызметін ұйымдастыруды түсінеді.

  5. мектепке дейінгі білім беруде психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу үшін бастапқы, кейінгі мәліметтерді жинақтау және пайдалану, пәндік және әдістемелік саладан хабардар болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет