Педагогика және психология факультеті



бет2/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
1. Абстракт.
Оқу әдістемелік кешені «Даму психологиясы» пәні бойынша «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген.
ПС: практикалық сабақтар.
ОБСӨЖ: оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы.
СӨЖ: студенттердің өзіндік жұмысы. Оқыту бағдарламасы, семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде. Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған. Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өзі бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтінгтік бақылауды тапсыруға сынақ, емтиханды алуға арналған.
2. Мақсаты.
Студентерді әрбір жас кезеңдегі адамның даму ерекшеліктері туралы, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түсіндіру. Жас кезеңдеріне талдаулар беру студенттерге адамның әрбір даму сатысындағы ерекшеліктерді басшылыққа алу жолдарын түсіндіру.
3. Міндеті.
Курсты оқығанда студенттердің таным дүниесін оятып, ойлау қабілетін арттыру. Адамның өзіндік даму жолындағы биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан ұғындыра білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет