Педагогика және психология факультеті


П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы



бет14/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
2. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы. Даму психологиясының концепцияларының бірі – ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясы болып табылады. 50 жылдарда бұл теория П.Я.Гальпериннің еңбектерінде кездес ті. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білімдер алу оқушылардың іс-әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзеге асырылады. Адам ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, ойлай операцияларын игереді.
3. Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық қағидасы. Даму психологиясының аса маңызды қағидасы- сана мен іс-әрекеттің біртұтастылығы. Бұл қағидаға сүйене отырып, білім игеруді белгілі бір әрекеттерді орындау және игеру нәтижесінде болатын процесс ретінде қарастырады. Осы көзұарас тұрғысынан алғанда психикалық іс-әрекеттің бастапқы формасы- қоршаған дүниенің объектілері, өзгеретін, материалдық, сыртқы, нақты іс-әрекеті. Ішкі психикалық, ойлай іс-әрекетінің игерілуі сыртқы, материалдық кезеңін немесе материалданған іс-әрекеттер кезеңі арқылы өтпейінше еш мүмкін емес. Іс-әрекеттің материалдық формасының мысалы болып табылатын таяқшамен есептеу табылады. Іс-әрекеттің нақты заттармен немесе схемалармен жүргізілуі оқушыларға іс-әрекет құрамына кіретін әрбәр операцияны айқын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.


4-тақырып.
Психиканың дамуын жас кезеңдерге топтастыру.


Қарастырылатын мәселелер:
1. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
2. Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы.
3. Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын
кезеңдерге топтастыру.
4. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік
кезең.
_______________________________________________________________________
1. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуі жабайы өмір тұрғысынан Г.Гете мен Л.Н.Толстойдың еңбектерінде кездеседі. Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді, әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келді. Азия мен Африка елдерінде бала бір жастан екінші жасқа өткенде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі болып келеді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде болады. Әлеуметтік жас дкегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет