Педагогика және психология факультеті


Жеткіншектің интеллектілік дамуы



бет41/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
2. Жеткіншектің интеллектілік дамуы.
Орта сыныптарда оқушылар ғылымдардың негіздерін оқып, игеруге кіріседі. Балалардың алдында көлемі зор білімдерді меңгеру жойылады. Игерілуге тиісті материал, бір жағынан, оқу-таным және ойлау қызметінің бұрынғыдан гөрі неғұрлым жоғары дәрежесін талап етіп, ал екінші жағынан, оларды дамытуға бағытталған. Оқушылар математикадағы, физикадағы, химиядағы ғылыми ұғымдар жүйесін, белгілердің ерекше жүйесін меңгеруге, теориялық тұрғыдан пайымдап үйренуге тиіс. Нақ осы жаңа әрі объективті тұрғыдан ең қиын оқу пәндері білімдерді меңгеру әдістеріне жаңа талаптар қойып, жоғары дәрежедегі интеллектіні – теориялық, формальдық, рефлекстік ойлауды – дамытуға бағытталған. Мұндай ойлау жас өспірімдік кезеңге тән болғанымен, ол кішкентай жеткіншектерде дами бастайды.
Теориялық ойлаудың өзіне тән қасиет – гипотетикалық-дедукциялық, яғни гипотезалар құру және оларды тексеру арқылы бір ғана жалпы тиянақтар негізінде пайымдауға қабілеттілік. Бұл деңгейде қорытындыға дейін бүкіл пайымдау сөз тұрғысында жүреді, ал оның мазмұны – белгілерді әдеттегі жүйесі – сөздермен айту, немесе, мәселен , математикада қолданылатын ерекше белгілер жүйесімен айту. Жеткіншектің ойлауынан дамуындағы жаңалық оның интеллектілік міндеттерге алдын ала ойша шешуді талап ететін міндет деп қарауы болып табылады. Балаға қарағанда жеткіншек есепке талдау жасауды берілген шамалардағы мүмкін болатын қатынастарды анықтау іс-әрекетінен бастайды, олардың байланысы туралы әр түрлі болжамдар жасайды, одан кейін бұл гипотезаларды тексереді. Интелектілік міндеттерді шешуде гипотезаларды пайдалана білу – жеткіншектің болмысқа талдау жасаудағы аса маңызды жетістігі. Болжамдар жасап ойлау – ғылыми пайымдаудың өзіне тән құралы. Ойлауды дамытудың бұл деңгейіне тән ерекшелік абстракциялаудың дамуы ғана емес, сонымен бірге жеткіншек өзінің интеллектілік операцияларына зейін қоюды, талдау жасап, баға береді. Сондықтан мұндай ойлау рефлексиялы ойлау деп аталады .
Теориялық ойлау мектеп білімдерін игеруде ғана қалыптасумен шектелмейді. Тұтас алғанда, ойлаудың бұл деңгейіне жеткіншектің өз интеллектілік операцияларын ұғынып, оларды басқаруы тән. Бұл процесс басқа психикалық функциялар үшін де тән бола бастайды. Сөйлеуге бақылау мен басшылық жасалады, оның үстіне өзі үшін маңызды кейбір жағдайларда жеткіншектер дұрыс әрі әдемі сөйлеуге ерекше тырысады. Осының бәрі – жеткіншектің дамуындағы бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғанда жаңа әрі маңызды жетістіктер.
Қабылдау процестерін интеллектендіру – кез келген оқу материалын, соның ішінде сызба, сурет сияқты көрнекі материалды да ойдағыдай игерудің қажетті шарты.
Мұндай материалға зейінсіз қарау және оның маңыздылығын жете бағаламау біраз тараған. Кез келген материалмен жұмыс істегенде, қандай оқу-практикалық тапсырманы болмасын орындағанда жеткіншекті ойлану дағдысын қалыптастырып дамыту әбден қажет.
Ғылыми ұғымдарды меңгеру барысында және оның нәтижесінде ойлаудың жаңа мазмұнын, интеллектілік қызметтің жаңа формалары қалыптасады. Жеткіншектің осы білімдерді пайдалануды талап ететін есептерді шығара білмеуі теориялық білімдерді толық игермеудің мәнді көрсеткіші. Гуманитарлық білімдерді меңгерген кезде де оқушылар ғылыми ұғымдарды, фактілерді жіктеуді игереді, байланыстар мен себеп-салдар тәуелділіктерін көріп үйренеді, қысқаша сипаттамалар мен кеңінен суреттеулер беруді, қорытындылар жасауды үйренеді.
Кішкентай жеткіншектің өз алдына жұмыс істеуінде көп тараған бір кемшілік – материалды есте сақтауға ( түсінуге емес ) мақсаттану, бірінші рет қайталау арқылы бәрін жаттау әдеті. Бұл өте зиян. Алайда нақ осы жеткіншектік кезеңде ес интеллектілену бағытында дамиды. Есте сақтау әдістерін қолдану, оларды меңгеру деңгейі, есте сақтап, қайта айтып берудің өнімділігі арасында тікелей байланыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет