Педагогика және психология факультеті


Балалардың мектепке даярлығын тіркеу кестесі (үлгі)



бет60/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Балалардың мектепке даярлығын тіркеу кестесі (үлгі).

Нұсқау: Бала дамуының әртүрлі деңгейін көрсететін үш варианттағы жауаптарды оқып, оның қайсысы зерттелушінің ерекшеліктерін нақты сипаттайтын болса, оны белгілеңіз. Оны анықтау үшін балаларды мектепке қабылдау барысында және қыркүйек айында жүргізілген әңгімелесу, ертегі айтқызу, бойынша алған бағалары төменде берілген кестедегі көрсеткінтерарқылы бағаланып, нәтижесі сол кестеде тіркеледі.


Зерттеу нәтижелері толтыру бланкесі.


Фамилиясы____________________________________________

Аты______________________________________________


Жынысы_______________________________________________
Оқитын сыныбы ______________________________________________________
Психодиагностика жүргізілген күн___________________________________________________
Жинаған баллдары _______________________________________________________
Мектепке даярлығының көрсеткіші______________________________________________



номері

Бағаланатын көрсеткіштері

Бағасы

1

Дыбыс ты дұрыс айту







  1. Көп дыбыстарды анық айта алмайды. Сөйлегенде ентігіп қалады, тыныс алуын және сөйлеу екпінін реттей алмайды.

  2. Барлық дыбыстарды анық айтады, сөйлеу екпінін реттей алмайды, кейбір әріптерді анық айтуға қиналады.

  3. Тілі анық, тынысы жақсы қойылған, дауысы мәнерлі, қоңыржай екпінмен сөйлейді, әртүрлі сөйлемдерді дұрыс құра алады.




1


2

3


2

Тілдік коммуникациясы







  1. Тұйық балалармен және үлкендермен аз сөйлеседі, көңіл-күйі тұнжыраулы, жатырқағыш,жауап беруге қиналады.

  2. Үлкендер сұрақтарына жақөсы жауап береді., өзі бірінші болып әңгімелеспейді, қойған сұрақтарға жауаптары келте.

  3. Тілдік белсенділігі жақсы дамыған, балалармен және үлкендермен қарым-қатынас жасауға құмарлығы айқын байқалады, сұрақтары шектеусіз.

1


2

3



3.

Мазмұнын жеткізу







  1. Әңгіме ертегіні айтып беруге қиналады, көп сөздердің мағынасына түсінбейді, ұзақ уақыт зейін қойып тыңдауға қиналады, ырықсыз зейін басым келеді.

  2. Қысқа әңгіменің, ертегінің мазмұнын сұрақтармен жетелегенде айтып береді, қарапайым сөздерді қолданады, мазмұнын толық жеткізуге қиналады, сурет бойынша әңгіме айтуы шектеулі.

  3. Тіл байлығы жақсы дамыған, ертегінің, әңгімелердің мазмұнын жақсы жеткізеді, күрделі сөздерді қолданылады, айтқан нәрсеге зейін қоюы жақсы, қызығушылығы шексіз, сұрақтары мағыналы.

1
2
3

4.

Сөздік қоры







  1. Тіл байлығы дамымаған, тек қарапайым сөйллемдерді қолданады, грамматикалық қателері көп, қойылған сұрақтарға ғана жауап береді,тілдік белсенедігі шектеулі.

  2. Өз бетімен тілдік белсенділік көрсетпейді, сұрақтарға жауап бергенде белсенділік көрсетеді, сөйлемдерді дұрыс құрады, сөздік қоры онша бай емес, сөйлемдерді қарапайым және бір типті, кейде ойын толық жеткізе алмағаны анық байқалады.

  3. Әңгімелесуге құмар, сөздік қоры мол, күрделі сөйлемдерді қолданады, өз қатары жолдастары, өзінен кішілер және үлкендермен тіл табыса алады, әртүрлі сипаттағы сұрақтардың мағынасына толық түсінеді және оларға дұрыс жауап береді. Қызығушыллығы шкесіз, сұрақтары бірінен-бірі туып тұрады және толық жауапты талап етеді.Тілі әдеби тұрғыда сипатталады.

1

2
3


5.

Ірі және майда әрекеттерінің қалыптасқандағы.







  1. Өзінің қимыл әрекеттерін қадағалауға қиналады. Қимылдары үйлесімсіз. Майда жұмыстарды дәл орындауға қиналады, саусақтары қарысып қалады, жылдам орындайтын әрекеттерге икемділігі жоқ, үйренүі өте қиын.

  2. Өзқимылын қадағалайды, майда әрекеттері қалыптсқан, күрделі қимыл әрекеттерді қиналып орындайды, бірақ олар үйлесімді, бір неше рет қайталағанда қарапайымәрекеттерді тез меңгереді. Үйренуге икемділігі тез байқалады, қызығушылығы нектеулі.

  3. Өз қимыл әрекеттерін толық қадағалайды, қозғалыстардың амплитудасы мен троекториясы талапқа сай. Майда, нәзік қимыл әрекеттері жақсы қалыптасқан, қолымен жасайтын әрекеттерді жеңіл және үйлесімді орындайды. !с-әрекет түрлерін тез меңгереді және сапалы орындайды.

1
2

3


6

Графикалық әрекеттері







  1. Сурет салғанда саусақтары қарысып, қаламды қатты басады, парақты жыртып жіберуі мүмкін, Суреттің жеке элементтері ғана үлгіге ұқсастық белгімен сипатталады, қалғандары-шимайлар.

  2. Суреттегі заттардың негізгі элементері үлгіге ұқсайды, не салғанын түсінуге болады. Майда және нәзік элементтер көрінбейді, бұрыштар анық көрінбеген, сызықтардың түрлері барлық жерде бірдей емес.

  3. Суретті жақсы салады, барлық заттар анық түсірілген, үлгіде көрсетілген заттардың майда детальдарына дейін айнытпай көшіріп салады. Әріптер, бұрыш дөңгелек, сызық т.б. фигуралардың басым көбін ешқандай деформациясыз, анық үлгіге ұқсас етіп салады.

1
2
3

7.

Оқу, ойын әрекеттеріне көзқарасы.







  1. Жаңа әрекеттерді ұйымдастыру ережелерін қиналып меңгереді. Ойындарынның мазмұны таяз. Әрекет барысында кездескен жаңалықтар састырады, басқалармен тіл табысуы қиын, ойынға, оқуға қызығушылығы төмен.

  2. Жаңа әрекеттер ережесін тез меңгереді. Күрделі әрекеттерді, ережелерді қиналып меңгереді, сасқалақтық, ұмытшақтық көрініс береді, жаңа ортаға үйренуі қиын.

3. Барлық жаңалықты тез, қызығып меңгереді, ойын бао\рысында шығармашылық көрсетеді, шытырман жайлардан шығу жолын тез табады.. Жаңа адамадрмен тез танысып жатырқаушылық білдірмейді. Барлық уақытта ізденіс үстінде болады.

1
2
3



8.

Өз қатарларымен және үлкендермен қарым-қатынасы.







  1. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған, үлкендерден және өз құрбыларынан жатырқайды, өзін ерекше көрсеткісі келеді.

  2. Ашық бірақ қарым-қатынасы шектеулі, үлкендермен қатынас құра алады, бірақ кейде еркелік анық байқалады, ескертуден кейін нормаға келеді.

  3. Қарым-қатынасы мәдениеті жақсы қалыптасқан, үлкендермен және құрбылармен тез танысып алады, емін-еркін қатынас жасай алады. Ойын барысында орындайтын ролге таласпайды, тапсырманы ренжімей орындайды.

1
2
3

9.

Өзіне қызмет көрсетуі







  1. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы қалыптаспаған (жуыну, киіну, тамақтану барысында үлкендердің көмегі қажет)

  2. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы қалыптасқан, үлкеннің көмегін сирек қажет етеді, дегенмен, бала өз әрекеттеріне ерекше зейін қоймаса, әрекеттерінің сапасы төмен.

  3. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары өте жақсы дамыған, дербес, үлкендердің көмегін тала п етпейді. Басқа балаларға көмек көрсетуге шамасы келеді.

1
2
3

10

Бағдарламаны меңгеруі.







    1. Оқу бағдарламасын нашар меңгереді, қосымша түсіндіруді немесе жеке жұмыс жүргізуді талап етеді. Оқуға қызығушылығы қалыптаспаған.

    2. Бала-бақша оқу бағдарламасын орта деңгейде меңгерген. Мектепте оқытуға негіз болатын білімі мен дағдысы қалыптасқан, дегенмен қиналып оқиды.

    3. Бағдарламаны жеңіл және жақсы меңгерген. Барлық сұрақтарға қиналмастан сенімді жауап береді. Оқу мотивациясы жақсы қалыптасқан, оқығанды ұнатады, мектепке қуанышпен барады

1
2
3



Бағалау шка ласы:
26-30 балл – мектепке даярлығы жоғары;
21-25 балл – жақсы;
16-20 балл – орта;
11-15 балл – қанағаттанарлық;
6-10 балл – төмен.

Осы кесте бойынша балалардың мектепке оқуға даярлығын және бастапқы оқыту бағдар ламасын меңгеруге даярлығын бағалап шығу үшін мектепрке даярлық тобын зерттеуге арналған әдістемелерді немесе олардың модификацияларын қолдануға болады. Сонымен қатар бастауыш мектепке қабылданған балаларды зерттеуге арналған арнайы жинақтар қолданылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет