Педагогика және психология факультеті



бет6/6
Дата27.09.2023
өлшемі5,82 Mb.
#111097
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Нәтижелерді талқылау
Зерттеу барысындағы нәтижелерге талдау жүргізе келе, зерттеуден кейінгі дәрежеде оқушылардың оқу үлгерімі «өте жақсы» көрсеткіштері құраған оқушылардың үлесі 13.3%-ға артты. Сәйкесінше «жақсы» деңгейдегі оқушылардың үлесі 3.4%-ға артса, «нашар» деңгейдегі оқушылар үлесі 16.6%-ға төмендеді.
Сонымен қатар, метапәндік нәтижелерді дамытуға бағытталған тапсырмалардың оқушыларға әсері тек қана дүниетану пәнінің аясында емес, жалпы оқу үлгерімі негізінде де қарастырылды. Бұл мәліметтерге талдау жасар болсақ, «өте жақсы» көрсеткішіндегі оқушылардың саны 13.3%-ға артқан, ал «жақсы» деңгейдегі оқушылар саны 3.4%-ға артса, «төмен» деңгейдегі оқушылар саны 16.7%-ға төмендеді.
Демек, метапәндік құзіреттіліктерді дамытуға арналған тапсырмалар оқушылар үшін тұлғалық дамуға қажетті құзіреттіліктерді қалыптастырумен қатар, оқу сапасының артуы үшін де өте пайдалы екенін аңғаруға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Жұмыста педагогиканың, психологияның және оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық аспектілеріне негізделген бастауыш сынып оқушыларында метапәндік нәтижелерді қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері қарастырылды.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеретін, сондай-ақ метапәндік нәтижелердің қалыптасуына ықпал ететін әлемді тану бойынша тапсырмалар жүйесі әзірленіп, сыналды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау тапсырмалар жүйесін қолдану оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыруға, танымдық қызығушылықтар мен дағдыларды дамытуға, сондай-ақ метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететіндігін көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет