АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
N7-СӨЖ
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық
құндылыққа тәрбиелеудің әдістемеcі»
Орындады : 2-курс ББ АКТ мамандығының
203-то студенті Мауленова Динара
Тексерді : Амирова А.С
Алматы,2022
Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар, ол шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, дегенмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ана тілі мен ұлттық дәстүрді құрметтейтін, дүниетанымы, ақыл ой парасаттылығы қалыптасқан, мақсат қоя алатын, сол мақсатқа жету жолында жауапкершілігі мол, мінез құлқы, айналадағы адамдарға қарым – қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайда нақты шешім қабылдай алатын, салауатты тұлға.
Ал, осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын жұмысының орыны ерекше. Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарына балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес лайықтыларын ғана пайдаланып, оларды тиімді қолдана білген жөн. Бастауыш сынып оқушысы тұлғасын қалыптастыруда халық педагогикасы материалдарымен таныстыру, оларды тыңдағанын қайта әңгімелеп беруге, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды мәнерлеп айтуға үйрету мен сөздік қорларын байыту, сөздік шығармашылықтың бастапқы формаларын дамыту мен адами ізгілік қасиеттерді, психикалық процестерді жетілдіру жөніндегі жұмыстар жеке тұлғанының қалыптасу мүмкіндіктерін шешуге көмектеседі.
Мектеп табалдырығын бүлдіршін аттағаннан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап,тәрбие сағаттарында, оқыту үрдісінде қазақ зиялы қауымның еңбектерінің, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы олардың бойына адами құндылықтарды қалыптастыра аламыз.Сондай - ақ ұлттың салт сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері : рәсімдер, рәміздер, ырым – тыйымдар, жөн – жорағылар, діни ұғымдар, сенімдер, перзеттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтың міндеті арқылы іске асырылып,ұлттық қасиеттерге айналады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын, қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға тиістіміз:
- Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу.
- Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету.
- Адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады: 1.Оқыту үрдісі; 2.Сыныптағы тәрбие сағаттары; 3.Тәрбие шаралары (пікірталаскездесулер); 4.Саяхат жасау; 5.Кітап оқу.
Бастауыш сыныпта ұлттық құндылықты қалыптастыру ана тілі,математика,бейнелеу өнері сабақтарында жүзеге асырылады. Рухани – адамгершілік құндылықтардың маңызын айқындау көбінесе ана тілі сабағында жүзеге асырылып жатады. Мысалы : С.Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін » шығармасын талдап көрейік. Сабақты бастамас бұрын туған жер туралы түсіндіріледі. Өздерінің туған жерін сұрай отырып,туған жерге деген сағынышын қалай жеткізетінін тыңдау керек.Бұл жерде мұғалімнің асқан шеберлігі, жауапкершілігі қажет. Біріншіден,мұғалімнің өзі туған жерді сағынып тұрған күй кешпей,оқушыға туған жердің қадір қасиетін жеткізе алмайды. Сөйтіп,олардың туған жерлері туралы жан – жақты ойлануына мүмкіндік бере алмайды. Екіншіден,бастауыш сынып оқушыларының әлі туған жерден алысқа шығып көрмеген, оның сағынатындай күй кешпеген жағдайларыда бар екенін ескеру қажет.Ол үшін мұғалім сол жердің оқушы көңілін аудармай жүрген сұлу табиғаты,жері,суы,жан – жануарлар туралы тамсандыра әңғімелеп берсе тіптен жақсы. Оқушылармен шығарманы таңдағанда мынадай сұрақтар беріледі : 1.Туған жер адамды несімен тартады ? 2.Туған жерге деген сағыныш қалай пайда болады ? 3.Туған жерсіз адамның күні жоқ дегенді қалай түсінуге болады?
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда мұғалімнің бойында төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
Қорытындылай келе, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Өйткені саң ғасырдан бері тәрбиелік мәнін жоймай, салт-дәстүрмен астасып, рухани құндылықтар мен ізеттіліктің асқан жоғарылығымен ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан ұлттық құндылықтар баланың адам болып қалыптасуында зор маңызға ие. Ұлттық тәрбиемен тәрбиеленген бала қазіргі алма-кезек заманда өз ұлтының ерекшелігі мен құндылығын бойына сіңірген тұлға болып қалыптасады. Және қиын кезеңдерде өз ұлтына қамқоршы болып, қорғай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |