Педагогика және Психология институты


Қазақ тілін қатысымдық тұрғыда оқытуға арналған тапсырма үлгілерін жасау



бет2/2
Дата17.12.2022
өлшемі22,71 Kb.
#57771
1   2
Байланысты:
СОӨЖ 7

2. Қазақ тілін қатысымдық тұрғыда оқытуға арналған тапсырма үлгілерін жасау.
Қатысымдық бағдарлы оқыту арқылы бегілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым- қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу басты мақсатқа алынып оқытылады. «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» .
Қатысым әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу. Е.И.Пассов бұл жөнінде былай дейді: «Готовить учащегося к участию в процессе иноязычного общения нужно в условиях иноязычного общения, созданного в классе. Это и определяет сущность коммуникативного обучения, которая заключается в том, что процесс обучения является моделью общения» .
Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
Қатысымдық бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі
Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жаттығу жұмыстарын ұтымды қолданудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк ,Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбиндер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлесім дағдысын қалыптастыружаттықтырушы тапсырмаларды қажет етеді. Ғалым З.Бейсембаеваның айтуынша: «Тілдік құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын (әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта) жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады.
Құбылыс немесе объект, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
Қатысымдылық оқып үйренетін шетел тілін табиғи және шынайы түрде қоғаммен қарым қатынас жасау үшін пайдалануды талап етеді. Бұл жағдайда тіл үйренушілердің дәстүрлі емес қарым-қатынас әдісінің үлгісі ойынның төмендегідей түрлері негізінде құрылады:
Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр.
Топтық ойындар қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Топтық ойындардың негізгі ерекшелігі, тіл үйренушілердің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі, белсенділіктері арта түседі, сөйлесім дағдылары қалыптасады.Мысалы, тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады
Жағдаят– көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің /моделінің/ кешендік тұтастығы . Пассов Е.И жағдаят тек қана жағдайлардың, уақиғалардың, ара қатынастардың қосындысы емес, ол жүйе деп есептейді.
Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ете алатын қағида – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.
Қатысымдық жағдаят ауызша тіл қатынасының негізі болып саналады, ол коммуникативтік актінің шығуы мен дамуына (ағымына) мүмкіндік жасап қана қоймай, осы жағдайда туған ауызша тілдік мәтіннің барлық негізгі параметрлерін анықтайды .
Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады. Оқушылар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады. Бұл амал үйренушінің сыни ойлауын дамытады. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Үйренуші басқа адамның рөліне енеді және іштей әрекет жасайды. Рөлдерде ойнауда әрекетшілдік іс пен жан-жақты білім қажет, ойын барысында топтарға бөлу, нұсқау материалдарын беру, бағыттау, талқылау, бекіту кезеңдері рет-ретімен жүргізіледі.
Іскерлік ойын – қазақша кәсіби сөйлеуді үйрету барысында маманның сөйлесім дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін пайдалы әдістің бірі. Рөлдік ойындар оқытудың жоғары деңгейінде іскерлік ойындарға ұласады. Іскерлік ойындар тарихи жағынан алғанда шаруашылық, басқару, имитациялық түрінде пайда болды. Іскерлік ойындар - кәсіби бағытталған іс-әрекеттің жоспарына жатқызылатын, білімді меңгеру мен білік, дағдыны қалыптастырудың кейбір модельдік формаларын ұсынатын оқытудың түрі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет