Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Педагогика және Психология институты Бастауыш білім беру кафедрасы 6В01306 – Бастауыш білім беру ағылшын тілінде мамандығы
СОӨЖ №7
«Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» бойынша СОӨЖ тапсырмалары
Студент: Шаймерденова А. Оқытушы: Уайсова Г.И.
2022-2023 оқу жылы
№ 7 СОӨЖ тақырыбы:
1. Мектептердегі дифференциялап оқыту технологиясының деңгейлеріне және озат тәжірибелерді талдау жасаңыз. 2. Қазақ тілін қатысымдық тұрғыда оқытуға арналған тапсырма үлгілерін жасау.
1. Мектептердегі дифференциялап оқыту технологиясының деңгейлеріне және озат тәжірибелерді талдау жасаңыз. Дифференциация түсінігінде (лат. difference — бүтіннің əртүрлі бөліктерге, нысандарға, сатыларға, қадамдарға бөлінуі) үш негізгі аспектіні бөліп көрсетуге болады: білім алушылардың жеке қасиеттерін ескеру; осы ерекшеліктерді басшылыққа алып, білім алушыларды топтастыру; оқу үрдісінің топтарда құбылуы. Оқу үрдісін дифференциациялаудың мақсаты — əрбір білім алушыға жалпы білім беру мазмұнын меңгеру үдерісінде өзінің қабілеттерін, мүмкіндіктерін, когнитивті қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
Дифференциалды оқыту — білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жəне даралау процесі, яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Дифференциациялап оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы білім алушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, студенттерге өздерінің кəсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сəйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда студенттердің жоо-дан ағылшын тілін бірдей деңгейде меңгеріп шығып, бəсекеге қабілетті маман болуы өзекті мəселе жəне болашақта əлі де өткір болып қала бермек. Ағылшын тілін дифференциалды оқыту тілдік емес мамандық студенттерінің ағылшын тілін бірдей жоғары деңгейде меңгеріп шығуына септігін тигізеді. Бұл оқытудың түрі теория мен практиканың ұштасуы болып табылады. Экономиканың жаһандануы, сондай-ақ шетелдік компаниялар еліміздегі экономиканың құрылымында көрініс табады. Осылайша, еліміздің білім беру жүйесі əлемдік білім беру кеңістігіне кірмей-ақ біздің еліміздің білім беру саясатына тиісті өзгерістер енгізеді. Бүгінде білім беруді интернационалдандыру жəне оның қарқынды реформасы барлық дамыған елдерде шындық болып табылады. Қазақстан Республикасы білімге негізделген қоғамды қалыптастыру үшін білім беру жүйесіндегі үздік əлемдік тəжірибені пайдалана отырып, əлемде болып жатқан өзгерістермен бірге жүреді.
Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасына көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ: көпдеңгейлі, интеграцияланған жəне дифференциалды оқыту т.с.с. Осының ішіндегі «дифференциалды оқыту» жайлы аз тəжірибесі бар мұғалімдер оны жүзеге асыра алмайды. Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің əлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан жəне бұл тақырыптың əлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз. Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сондықтан дифференциалды оқытуға байланысты əртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту қажет.
Осы мəселені зерттеуші Л.С. Славина үлгерімі төмен білім алушылардың келесі топтарын анықтайды: 1) оқуға, білім алуға көзқарастары дұрыс емес балалар; 2) материалды баяу, қиындықтармен меңгеру (білім деңгейінің төмендігі); 3) оқу жұмыстарын орындау дағдысы қалыптаспаған балалар; 4) жұмыс істегісі келмейтін балалар; 5) танымдық жəне білім алу мүдделері жоқ балалар. Зерттеуші балаларды топтарға бөліп, оларға əртүрлі əдістермен білім үйретіп, бірдеңгейге шығару жолдарын қарастырған. 30-жж. Кеңестік үкімет барлық оқу-тəрбие процесінде қатаң тəртіп белгілеуді жою туралы қаулы қабылдады. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы білім беруге дайындауға жəне толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар бекітілді. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тəрбие процесін құруға жəне оқу пəндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды. Педагогика ғылымында келешек үшін дифференциалды оқыту пікірін өңдеу жалғасты. Осыған байланысты дифференциалды оқыту пікірін өңдеу білім берудің регламенттік мазмұны негізінде жүзеге асты. Бірақ ғылыми көзқараста дифференциалды оқытудың шекарасын анықтау қажет болды. Осы мəселеге алғаш рет 1946 ж. Н.К. Гончаров назар аударды. Ол дифференциалды оқытудың шекарасын ғылымның екі тобы – табиғат жəне қоғам негізінде анықтау керек деді [7]. 50-жж. ортасында орта мектепте дифференциалды оқыту бойынша эксперимент жүргізудің дайындық жұмысы басталды. Бұл жұмысты бастаушылар: М.А. Мельников, А.М. Арсеньев, Н.К. Гончаров болды. Дифференциалды оқыту бойынша жүргізілген экспериментті жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары келесілер болды: «Мектеп үш бірыңғай міндетті шешу керек, яғни кəсіптік, политехникалық жəне жалпы білім беру, дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керек». Үйлесімді бағдарламалар жəне пəндер циклдері бойынша бөлімдер құрылғанда дифференциалды оқыту басталды. Жалпы білім берудің бірыңғай көлемі сақталды, дифференциация жалпы білім беру пəндерімен бірге арнайы жəне тəжірибелі өндірістік дайындық пəндерін қамтиды. Осымен кеңестік мектептегі дифференциалды оқыту шет мемлекеттерінің фуркациясынан ерекшеленді, яғни мұнда дифференциация екі бағыт бойынша: математикалық жəне гуманитарлық болып жүргізілді.