Байланысты: «казіргі мектепте интерактивті окыту ?дістері»
10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш сынып педагогтары үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.