Педагогикалық жағдаят №224
Сіздің сыныбыңызда пәнді өте жақсы білетін, бірақ сынып алдында жауап бере алмайтын, ұяң, үнсіз жүретін оқушы бар. Мәселені шешу үшін өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №225
Жасөспірім 14 жаста, үздік оқиды, оқу материалын жылдам меңгереді. Бір жыл бұрын ата-анасы оған жақсы оқығандығы үшін компьютер сыйлады. Қазіргі күнде жасөспірім бос уақытының барлығын компьютер алдында өткізеді. Дұрыс тамақтанбайды, ұйқысы да бұзылған, жүйкесі тозып, агрессияға бейім болған. Мәселені шешудің қандай жолын ұсынар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |