Педагогикалық жағдаят № 289
Директор бөлмесіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі көңілсіз кірді:
- Серікпен не істейміз?
- Не болды?
- Бір аптадан соң қалалық жарыс, ол сабаққа келуді қойды, тіпті арнайы дайындыққа да екі мәрте келмеді. Мен кездескенде одан сұрадым:
- Сен мектептің абыройын неге ойламайсың?
Ал оның маған берген жауабы:
Мен қоғамның абыройын ойлаймын.
Сіз сынып жетекшісі ретінде не ұсынар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 290
Сабақ барысында оқушылар өздерін нашар жағынан көрсетіп жатыр: бар дауыстарымен сөйлеседі, бір-бірлерімен ұрысысады, қолхаттар, ұшақтар лақтырады және т.б.
Мұғалім ретінде Сіздің әрекетіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 291
Біздің өмірімізге ұялы телефон мықтап енді. Қазіргі таңда әрбір оқушының ұялы телефоны бар. Мектепте оны қолданудың қандай жағымды, жағымсыз жақтары бар? Сабақта тиімді жұмыс жасаудың орнына өзінің қалталы телефонына қайта-қайта қарай беретін оқушыға қатты ашуланатын мұғаліммен не істеуге болады? Мәселені қалай шешуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |