Педагогикалық жағдаят №364
Сыныпқа мұғалім кіреді. Оның түрі шаршаңқы, өңі бозарыңқы, көзінің асты қарайып тұр... Сіздің сыныптастарыңыздың бірі, оған жанашырлықпен айтты: «Сіз өте шаршаңқы және жабырқаулы көрінесіз». Бұл жағдайда мұғалім қалай жауап беруі қажет?
«Менің ойымша, сенің мұғалімге мұндай ескерту айтуың қажет емес».
«Ия, мен өзімді нашар сезініп тұрмын».
«Мен үшін уайымдама, өзіңе қарасайшы».
«Мен бүгін нашар ұйықтадым, жұмысым өте көп болды».
«Алаңдама, бұл біздің сабағымызға кедергі болмайды».
«Сен өте ұқыптысың, қамқорлығыңа рахмет!»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |