Педагогикалық жағдаят №360
Сіз таза бөлмеге кірдіңіз және сол кезде бөлмеге кіргендердің ішінен біреу сіздің көзіңізше еденге қоқыс тастады. Сіз не істер едіңіз?
Ұялтасыз.
Көпшіліктің көзінше өзіңіз қоқысты жинай бастайсыз.
Астарлап айтасыз.
Ештеңе байқамағандай өтіп кете бересіз.
Ескерту жасайсыз.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №361
Жағдайды елестетіп көріңіз:Көшеде келе жатып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің төбелесінің куәгері болдыңыз. Бұл жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
Ескерту жасап әрі қарай кете бересіз.
Өтіп кете береміз, жасөспірімдердің төбелесінде ерекше ештеңе жоқ.
Араша болуға тырысамын және екеуінің екі жаққа тарасқанын күтемін.
Айналадағы адамдарды оларға араша болуға, көмекке шақырамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |