Педагогикалық жағдаят № 374
Сабақ сапасына қанағаттанбаған жоғары сынып оқушылары сабақ үстінде өз ойын ашық айтады. Осы ситуацияда жас мұғалім қатты қиналады. Мұғалім реакциясы қандай болу керек?
«Жақсы, келесі сабақты сіз өзіңіз өткізіңіз».
«Мұғалімді өзіңіз таңдаңыз, сонда көреміз не боларын».
«Сіз тек оқығыңыз келмейді».
«Орын алған ситуациядан бірігіп жол табайық».
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаны негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 375
Оқушы өз жетістіктеріне көңілі толмады, өзінің қабілетіне, материалды түсініп, меңгеріп сәттілікке жетуіне күмәні бар. «Сіз осы оқушыға не деп жауап бересіз?».
«Сен қабілеттісің, мен саған үлкен үміт артамын».
Сен неге өзіңе күмәнданасың?
«Сөйлесіп, мәселені анықтайық».
«Көп нәрсе біздің қалай жұмыс жасайтынымызға байланысты».
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаны негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |