Педагогикалық жағдаят №406
Сіз үзілісте оқушылардың бірі мұғалімге жүйелі түрде келіп, өзінің сыныптастары туралы айтатынын байқадыңыз. Ол тапсырманы кім кімнен көшіргенін, кім үй тапсырмасын орындамағанын, кім кімді қалай мазақтайтынын айтады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз)?
1. Бұл әрекеттің дұрыс еместігін түсіндіремін.
2. Сыныптастарыма естігенім жайында айтамын.
3. Осы оқушының мінез-құлқы туралы сынып жетекшісіне айтамын.
4. «Адамның адамгершілік құндылықтары» туралы тәрбие сағатын өткізуге ұсыныс беремін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |