Педагогикалық жағдаят №407
Сіз тақтада белгілі бір әрекет орындап жатырсыз (теңдеулер шығару, формула жазу және т.б.). Сіздің жазбаларыңызда қате кеткен. Оқушылардың біреуі байқап қалып, бүкіл сынып көретіндей айтып қалды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?
1. Қатесіне келісемін және жөндеймін.
2. Жағымсыз түрде әрекет етемін.
3. Кеткен қатені көрсеткені үшін алғыс білдіремін.
4. Көңіліме аламын және бірден білдіремін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №408
Сіз сынып жетекші болып отырған 9-сыныптың оқушылары бір оқушыға бойкот жариялады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз (сіздің әрекетіңіз, не істейсіз, не айтасыз т.б.) және неге?
Жанжалдың не себептен болуын анықтау үшін сыныппен сөйлесемін.
Әр оқушымен жеке әңгіме жүргіземін.
Ата-аналар жиналысын өткіземін.
Мектептің психолог маманымен ақылдасамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |