Педагогикалық жағдаят №422
Сынып жетекшісі театрда өтетін мектептің жаңажылдық шыршасына небәрі 18-ақ билет алғанын ескертті, ал сыныпта 30 оқушы бар. «Мен сендердің барлықтарыңды жақсы көремін. Кім барады, кім бармайды өздерің шешіңдер», - деді.
Сіз осындай кезде не істер едіңіз?
Ешкімнің көңілі қалмас үшін жеребе тастауды өтінемін.
Кім баруға лайықты екенін анықтауға дауыс берулерін сұраймын.
Билетті жақсы оқитын, қоғамдық жұмыспен айналысатын оқушыларға үлестіруді ұсынамын.
Қолымды көтеріп онда бармайтынымды айтамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |