Педагогикалық жағдаят №423
Эльмира мұқият және ұзақ уақыт тарих пәніне дайындалды. Мұғалім берген тапсырманың бәрін жаттап алды, ертең қалай жауап беретінін де жоспарлап қойды. Бірақ келесі күні мұғалім сабақ сұрағанда, ол кенеттен сасқалақтап қалды да, ойдағыдай жауап бере алмады. Мұғалім басын шайқап, «үш» деген баға қойды. Сабақ аяқталды. Барлығы сыныптан шықты. Ал Эльмира басын төмен түсіріп отырып қалды, көзіне жас үйірілді. Оның жанына құрбысы келіп былай деді:
1. «Неменеге ренжисің. Өзің кінәлісің. Жинақы түрде байыппен жауап беру керек еді. Сенің орныңда мен сабаққа жақсы дайындалғанымды айтып, тағы да сұрауын өтінер едім».
2. «Неменеге жылап отырсың. Онда тұрған не бар. Мән бермей-ақ қой»
3. «Сен сондай ұқыпты, мұқият дайындалған сияқтысың. Солай ма?
4. Мен білемін, сен барлығын жаттаған болатынсың. Бәлкім сасқалақтап, ұмытып қалған шығарсың.
5. «Жанына отырып, оны құшақтап, Эльмираның барлық айтқандарын тыңдар едім».
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |