Педагогикалық жағдаят №429
Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ол орындағысы келмейді: «Мен тапсырманы орындамаймын», - деп ашық айтады.
Сіздің әрекетіңіз.
1. «Кел отырып талқылайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».
2. «Онда сен несіне оқуға келдің?»
3. «Мүмкін, неге орындамайтыныңды айтарсың?»
4. «Өзіңе қиын болады, ештеңе білмей қаласың».
5. «Сонда не істейсің?»
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №430
Оқушы сабақтан кейін мұғалімге келіп, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің ұнамайтындығын, мұғалімнің ауысуын талап ететіндігін мәлімдейді.
Мұғалімнің әрекеті қандай болу керек?
Оқушымен келісіп, сабақ беру тәсілін өзгертеді.
Оқушы пікірінің қажет еместігін айтады.
Оқушы материалын оқушымен бірге талқылап, оқушыға нақты не ұнамайтындығын анықтайды.
Ата-анасын мектепке шақыртады.
Жұмыстан шығып кетеді.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |